ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА НАУҚАСТАРҒА ҚАЖЕТТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 535 жағдай (465 симптоммен, 70 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7292 адам вакцина алды
(I компонент-2286, II компонент-5006). Егу науқаны басталғалы барлығы 376 523 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 289 592 адам вакцинаның екі компонентін алды. Медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Шымкентте екі апталық логдаун енгізілгелі «ASHYQ» жобасына қатысушылар қатары күрт өсіп отыр. Жыл басында 700-ге зорға жететін қатысушылар саны соңғы аптада 7,8 есеге көбейген. Логдаун кезінде жабылуы тиіс нысандар «ASHYQ» жобасымен жұмысын бастап кетті.
Қызыл аймаққа енген қаламызда каронавирус қауіпі күшейгендіктен шектеу де қатая түсті. Сондықтан болар соңғы уақытта «ASHYQ» жобасына барлығы 6 102 өтінім келіп түсткен.Барлық нысанға QR код берілген. 972 нысан қала әкімдігі сайтында орналастырылып, 1 005 ерікті қатысушы тіркелген.