ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

0
110

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, шаһарда қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты саны – 69,9 мың. Оларда 166 мың адам жұмыспен қамтылған. Былтыр бұл сала 699,1 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда жоғары.

– Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2020 жылы 69 781 болса, биыл оны 77 мыңға жеткізу жоспарлануда. Бұл тағы да қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. «Бизнестің жол картасы — 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 454 млн. теңгеге 530 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (2019 жылы 2 224 млн. теңгеге 227 жоба).

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға ең алдымен қаржылық қолдау қажет. Сондықтан аталған жобалардың ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 218 жобаға 1 491,2 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 245 жобаға 672,8 млн. теңге, мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 67 жобаға 289,9 млн. теңге бағытталды, — деді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков

Leave a reply