НАУРЫЗ МӨЛТЕК АУДАНЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

0
150

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Наурыз мөлтек ауданында халық көптен күткен кәріз құбырлары тартылуда. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері қазылып, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Айта кететін жайт, кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады.

Наурыз мөлтек ауданындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оған жауапты мердігер мекеме «ГХ Шымкент газ» ЖШС-і болып табылады.

Айта кетейік, қалада қазіргі таңда 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Яғни, 3 магистральды кәріз коллекторы және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 3 шағын ауданның және 1 магистральды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағын аудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылады. Нәтижесінде, қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 54 пайызға өседі. Ал үшінші мегаполистің оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес, бұл көрсеткіш 2025 жылы 75 пайызға жетеді.

Leave a reply