ШЫМКЕНТТЕ 150-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

0
95

Шымкенттік тұрғындар  Tamerlan Residence тұрғын кешенінің екінші кезегінен пәтер кілттерін алды. Бүгінгі күні аталған тұрғын үй кешенінен150-ден астам шымкенттік баспанаға қол жеткізіп отыр. Жобаның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың 2 тоқсанында басталған болатын.

–Бұл біздің Шымкенттегі алғашқы жобамыз. Осы қысқа мерзімде кешен қаланың нағыз сәулетті орталығына айналып үлгерді. Пәтерлер үлкен сұранысқа ие болды. Tamerlan Residence – бұл 33 мың шаршы метр үй, офистар, екі деңгейлі жерасты паркингінен тұрады. Қазір үйді қабылдап алу жұмыстары жүріп жатыр. Талаптары қатаң. Бұл сапаны бақылау департаменті мен клиенттермен жұмыс бойынша бөліммен бірлесіп жасалатын жұмыс. Мамандар үйді болашақ тұрғындардың барлық сұраныстарына сай болуына тексереді», — дейді Шымкенттегі жобалар директоры Арман Қабылқас.

Тұрғын үй кешенінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Аулаға автокөліктер кірмейді, тұрғын үй тәулік бойы бейнебақылауда болады. Ойын алаңы барлық жастағы балаларға арналып жасақталған. Шымкентте тұңғыш рет тұрғын үй құрылысында ландшафт дизайны қолданылып, аулалар мен кіреберістер бірегей авторлық дизайнмен жасалып отыр.

Атап өтсек, үш жыл бұрын Шымкент қаласында 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жеке салушылар есебінен 8 639 пәтерлі 178, бюджет есебінен 5 912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Leave a reply