ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

0
98

Шымкентте жасотандықтар қайырымдылық іс-шаралардың ұйытқысы болып келеді. Атап айтқанда, олар «Biz Birgemiz», «Kenes Ortalygy», «Таза сессия», «Ардагерлерді ардақтайық», «Қауіпсіз қала», «Еркін пікір», «Taza Alem», «Дәрігерлерді ардақтайық», «Дүйсенбілік футбол», «OZGER», «Volunteeris is a process», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ретсіз жарнамаларға қарсы» жобалары аясында жұмыстар жүргізген. Өткен жылы қала көлемінде 1000-нан аса іс-шара ұйымдастырып, жастар өз ынтымағы мен ұйымшылдықтарын көрсетті.
– Шымкенттік жастар «BIZ BIRGEMIZ» жобасы аясында партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19 инфекциясының кең көлемде таралуына жол бермеу, вирустан қорғану мақсатында жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және тұрмысы төмен отбасыларға 3 мыңнан аса азық-түлік себеті және жеке санитарлық қорғану жиынтықтарын таратуға үлес қосты.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 50-ге жуық ардагердің шаңырағында болып, 40-тан аса жалғызбасты қарт кісілерге арнап «Карантиндегі қызықтар» атты қарттарға арналған қойылымдық бағдарлама ұйымдастырып, кофе-брейк, арнайы сыйлықтар үлестірілді. Жалпы, іс-шараға 150-ге жуық жас белсенді қатысты, — деді қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мағжан Исахов.

Айта кетейік, Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының құрамы 30 мыңға жуық жасқа, ал тікелей белсенді түрде жұмыс жасайтындар 2531-ге жетіп отыр.

Leave a reply