ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Соңғы бес күнде індет жұқтыру бойынша тіркелген жағдай 500-ден асып отыр. Ал, 9 тамыз күнгі жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 570 адам тіркелді.
Вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін біз азаматтарымыздың денсаулығын барынша қорғауымыз керек. Осы мақсатта баршамыз екпе салдырып, бетперде киіп, қашықтықты сақтап, тойлар мен мерейтойларды және басқа да іс-шараларды өткізбеуіміз қажет. Карантин талаптарын сақтап, бәріміз тәртіпке бағынып, санитарлық нормаларға бей-жай қарамасақ, көп ұзамай коронавирусты жеңеміз.
Бір тәулік ішінде қалада 6539 адам вакцина алды (I компонент-2485, II компонент-4054). Егу науқаны басталғалы барлығы 386 525 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 308 343 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 71%-ды құрайды, 1008 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2572 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 380 науқас ем қабылдауда.