ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІ ЖАЛҒАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы (А-2 жолынан М-32 жолындағы жолайрыққа дейін) қарқынды жүргізілуде.
Көшенің жалпы ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарыныңң 80 % -ы орындалды.
Көше бойында 6,35 метрлі жолақты бөліп тұратын жасыл аймақ, арық, 3 метрлік жаяу жүргінші жолы, 4,5 метрлік жолдың екі жағынан жасыл аймақ қарастырылған.
Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолындағы көлік тығынын азайту үшін баламалы жол болып есептеледі.
Сондай-ақ Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым және 7 учаскеден тұрады. Құрылыстың 2 — кезеңі бойынша ұзындығы – 1,7 шақырым. Аталған нысан бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынған 20 үйді сүру жұмыстары жүргізілді.
Қонаев даңғылы жалғасының 3 кезеңі Төрешкова мен Бөгет көшесіне дейінгі аралықты алады. Шымкент қаласындағы жол кептелісіне едәуір әсер ететін бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -гіне жүктелген. Жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды, жолдың ені 42 метрді құрайды. Бүгінгі таңда, 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю жұмыстары орындалды.