ШЫМКЕНТТЕГІ ӘРБІР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛҒАН

0
123

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жұмысшы топ құрылып, Абай ауданында орналасқан әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, нысан иелеріне «Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы» №39-заңына сәйкес, әлеуметтік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыруға міндетті екендігін түсіндіріліп, сала мамандары тарапынан құқықтық кеңестер берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Шымкентте кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 инватакси қызмет көрсетеді. Әлеуметтік такси қызыметін жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ пен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар азаматтар жүгіне алады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәліметі бойынша Шымкент қаласында 36 928 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топтағы – 3309, екінші топтағы – 14 900, үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар – 12 273. Ал 18 жасқа дейінгі 6 446 мүгедек бала тіркелген.

Бүгінде 43 әлеуметтік такси көлігіне 508 өтініш қабылданса, инватакси қызметін 455 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш тапсырған. Аталған арнайы такси қызмет алушының жұмыс, оқу орнына, медициналық мекемелерге, әуежайлар, теміржол вокзалдары, сот, прокуратура және т.б. белгіленген пункттерге жеткізеді.

Айта кетейік инватакси қызмет түрін алуға, басқа да сұрақтарға жауап алу үшін 8 (707) 405-15-65 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Leave a reply