ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

0
141

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов аудан тұрғындарын кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кезекті жеке қабылдау барысында аудан басшысы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік көмек көрсету және аулаларға балалар ойын алаңшаларын орнату және жер телімі секілді өзекті мәселелерін тыңдады. Осы орайда Абзал Шымкентбайұлы мәселелерді оңтайлы шешілу жолдарын қарастыру мақсатында тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеді.

Еске салсақ, аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы күнделікті (жұмыс күндері) сағат 9:00-10:00 аралығында өткізіледі. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін 77-45-64 байланыс нөміріне хабарласып, тіркеле аласыз.

Айта кетейік, аудан басшысы жеке қабылдаудан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің шалғай елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағына қарасты тұрғын алаптарына барып, елді мекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын жиі талқылайды. Мәселен, жақында «Өтеміс» пен «Шапырашты» тұрғын алаптарына ат басын бұрып, БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта аталған елді мекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Leave a reply