ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

0
102

Шымкент қаласы Қаратау ауданында ауа-райына байланысты жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді.

Ауа-райы қолайлы кезде жасыл желектер аптасына екі-үш рет бес суару техникасымен суғарылса, бұл жұмыстар күннің қатты ысуына байланысты күшейтіледі. Яғни, кешкі және түнгі уақытта жиырма суару техникасы жұмылдырылады.

Аталған аудан аумағындағы көгалдандыру жұмыстарын мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і жүргізеді. Сонымен бірге серіктестік көгалдардың арасын қоқыстардан тазарту, топырақты қопсыту және қураған бұталарды кесу жұмыстарымен де айналысады.

Айта кетейік, биыл Қаратау ауданы аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мәселен, бес мыңнан аса шаршы метр аумаққа гүл отырғызылды. Яғни, Н.Назарбаев даңғылына – 1 250 м2, Арғынбеков көшесіне – 820 м2, С.Бәйтереков көшесіне – 225 м2, Асар шағын ауданына – 450 м2, Нұрсәт гүлзарына – 65 м2, Бозарық шеңберіне – 2 450м2 аумаққа петунья, шафран, тагетис және өзге де жаздық гүл көшеттері отырғызылды. Оған 44 қызметкер жұмылдырылған.

Leave a reply