Thursday, November 21

ШЫМКЕНТ: ІШКІ ӨНІМНІҢ 25 ПАЙЫЗЫН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚҰРАЙДЫ

0
110

Өткен жылы Шымкент қаласында 654 миллиард 200 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сала мамандары Шымкенттің жалпыөңірлік ішкі өнімінің 25 пайызын осы өнеркәсіп саласы құрайды деп отыр.

Сонымен қатар шымкенттік кәсіпорындар 2020 жылы 150 миллиард теңгенің шикізаттық емес тауарын экспортқа шығарған. Қалада 35 белсенді экспортер-кәсіпорын бар және олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Латвия, Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне түрлі тауарлар жөнелтеді. Бұл кәсіпорындар негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейді. Қаланың негізгі экспортталатын тауарларының қатарына мұнай және мұнай өнімдері – 16,1 пайызды, ұн – 13,4 пайызды, портландцемент және цемент өнімдері – 11,3 пайызды, мақта талшығы – 6,6 пайызды, күнбағыс майы – 5,7 пайызды, мұнай газдары – 4,6 пайызды, тоқыма бұйымдары – 3,6 пайызды құрайды.

–«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы  мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойды. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған, дейді дейді Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте белсенді жұмыс істейтін 35 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады.

Leave a reply