Thursday, November 21

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАР ҮШІН НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

0
121

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 13 тамыз күні сағат 10:00 ден 23 тамыз сағат 23:00 аралығында жүргізіледі деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша тікелей сатылым Отбасы банктің жаңа порталы baspana.otbasybank.кz сайтында жүргізілмек. Өтініштер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан қабылданады. Аталған бағыт бойынша алғашқы жарна пәтер құнының 10% құрайды, несие жылдық сыйақысы 5%-бен беріледі. Баспана құнының 1 шаршы метрі 200 000 теңгені құрайды.
Айта кету керек, аталған бағыт бойынша ағымдағы жылы 27 тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату үшін «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан 3 кезеңмен өтінімдер қабылдаған болатын.
Сонымен қатар үй кезегінде тұрған тұрғында үшін мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алуға мүмкіндіктер көп.

Leave a reply