ӨТКЕН ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНУ ЖАҒДАЙЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕГЕН

0
121

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылғы маусымға қарағанда 41 %-ға артып отыр.
Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған.
Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақаттанғандар саны 33 % — ға төмендеген.
Осы орайда, Департамент өзіне жүктелген міндеттер аясында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлуде. Халықпен жұмыс жасауға жергілікті атқарушы органдардың және «ҚазТрансГазАймақ» филиалының қызметкерлері тартылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қатарынан еріктілердің әлеуеті белсенді пайдаланылды.

Жалпы Шымшаһарда тұрғын үйлердегі апат және табиғи газдан уланудың алдын алу шаралары жалғасуда. Газотехникалық инспекция бөлімінің мәліметіне сәйкес, газ пайдаланушылардың тек қана 33 % ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісім шарт жасаған. Сала мамандары бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Leave a reply