ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕДІ

0
131

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Nur Otan» партиясы ШҚФ «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 10 тамыз «Абай күніне» арнайы қала тұрғындарының арасында викториналық сұрақ-жауап айдары өткізілді.
Шараның мақсаты – қала тұрғындарына Абай өмірі мен шығармашылығыннан сыр шертетін сұрақтар қойып, сол арқылы келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастар арасында насихаттау. Сонымен қатар, Абай өлеңдері мен қара сөздерінен нәр алып, тәлім — тәрбие алуға бағыттау болып табылады.
Викториналық сұрақ-жауап барысында дұрыс жауап берген қала тұрғындары мен жастарға арнайы Абай өлеңдер жинағы мен қара сөздері жинақталған кітапшалар және қыздарға арналған қазақи әшекей бұйымдар тарту етілді.
Сондай-ақ бүгін таңмен таласа өңірдегі зиялы қауым, құрметті азаматтар, қала тұрғындары «Абай» саябағына гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті. Салтанатты шараға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, ғалым, филолог Ақжол Қалшабек және басқалар қатысты.

Leave a reply