ШЫМКЕНТТЕ 10 ҮЙГЕ ОРТАҚ АЛАҢ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
«Нұрсәт» шағын ауданында 10 үйге ортақ алаң абаттандырылып, көгалдандырылуда. Бір кешенді құрайтын тұрғын үйлер 2019-2020 жылдары әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын отбасылар мен жастарға берілген болатын. Аулада заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерларын орнату бастамасы іске асырылуда. Жасыл желектер отырғызылып, оларға су жеткізу жүйесін орнату жұмыстары атқарылған.
Тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселесі қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Бұл нысанға бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Ғ.Мәуленқұлов пен Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізудің жүйелі тәртібін іске асыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруда тұрғындардың талап-тілегін орындау және қала тіршілігін заманауи үлгіде дамыту шеңберінде қала әкімі Мұрат Әйтенов берген тапсырмалардың іске асырылуын қадағалады.
Жұмыстар сапасын арттыруда нақты міндеттер қойылып отырғанына назар аударған Ғ.Мәуленқұлов мердігер ұйымның өкілдеріне ағаштар отырғызу мен оларды күтіп-ұстауда аграрлық талаптарды қатаң ұстануды тапсырды.
Аудан аумағын көріктендіруде қала әкімі жүктеген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жөнінде аудан әкімі А.Әліқұлов есеп беріп, жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының жайын баяндады.
Айта кету керек, соңғы алты жылда аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің 95 ауласы абаттандырылып, барлығында балалар ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы атқарылатын жұмыстар екі кезең бойынша қарастырылып, 31 аулаға балалар ойын алаңшалары қойылады деп жоспарлан. Қазір абаттандыру жұмыстары төрт аулада қызу жүргізілуде. Сонымен қатар аудан аумағында осы жылы 25 спорт алаңшасы мен 2 әмбебап спорт алаңшасы салынады.