ШЫМКЕНТТЕ 3 МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0
102

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» су құбырының құрылыс барысын тексерді. Бұл қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынып жатыр. Ұзындығы 30 шақырымнан асады.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытты қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды су құбыры мен 11 ішкі орамдық жүйелердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде биыл 9 елдімекендегі құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағынаудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Қала әкімі әрбір тұрғын алап пен шағынаудан тұрғындарына жасалатын жұмыстар туралы аудан әкімдері тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңызды екенін айтты.

Leave a reply