ҚАЛАДА СПОРТПЕН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ШҰҒЫЛДАНАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ 31,2 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

0
157

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы 2021 жылы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Басқарма басшысының айтуынша, қалада жыл басынан бері дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санынан 31,2 %-ын құрады. 2021 жылға жоспар 31 % болса, бұл көрсеткіш орындалды.

Атап айтқанда, жалпы білім беру мекемелерінде – 208 457 адам, орта арнайы оқу орындарында – 12 095, жоғары оқу орындарында – 12 817, спорт мекемелерінде -18 578, фитнес клубтарда – 17 513, спорт федерацияларында – 6895 және басқа да мекемелер мен ұйымдарда 63 950 адам жүйелі спортпен шұғылданады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы «Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі» нысаналы индикаторына сәйкес, 2021 жылы 25,1%-ға жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 25,4 % құрап, жоспар орындалып отыр.

Басқарма дене шынықтыру және спортты дамытуды іске асыру мақсатында негізгі үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды дамыту және жоғары спорт шеберлігі бағытында жұмыстар атқарылуда.

Leave a reply