СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

0
115

Шымкент қаласындағы 17 мың тұрғыны бар Солтүстік саяжай шағын ауданы биыл сапалы ауыз суға қол жеткізгелі отыр. Мұндағы тұрғындар тасымалды ауыз суды пайдаланып келеді.

Бүгінде халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қалада кешенді жұмыстар атқарылуда. Қала тұрғындарының қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қала әкімі ауыз сумен қамту мәселесін жіті бақылауына алған.

Сапалы ауыз сумен қамту жұмысы мердігер мекеме «Бес қара» тарапынан 2020 жылы басталған. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 151,9 шақырым су құбыры тартылады. Бүгінде 113 шақырым су құбыры орнатылған. Құрылыс жұмысы биыл аяқталып, 17 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген болса, бес елді мекенге кестемен, жеті елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Leave a reply