ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЙТАДАН ЖАНДАНДЫРҒАН ГРАФИКА
«Латын графикасы – қазақ тілін жоюшы тіл емес, қазақ тілін қайтадан жандандырған графика», – дейді Түркістан қаласы тілдерді оқыту және дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Айжан Баймаханова. Оның айтуынша, латын графикасына көшу қазақ тілінің тынысын кеңейтеді, өркениетті елдер қатарына қосылуға мүмкіндік береді дейді. Латын графикасына өту-өзіміздің төл әліпбиімізге қайта оралу деп анықтама берді бүгінгі біздің кейіпкеріміз.
– Латын графикасының келу тарихын айтып кетсеңіз. Кейбір деректерде латын графикасы қазақтарда болған деп айтылады. Кейін латын графикасы араб және орыстың кирилласына көшіп алфавитінің өзгерісіне ұшыраған делінген. Бұл дерек рас па?
– Қазақ жазуы осы 20 ғасырдың өзінде 3 кезеңді басынан өткерді. Араб жазуы, латын графикасына негізделген қазақ тілі, кирилл негізді әліпбе. Біз 1929-1940 жылдарға дейін өзіміздің ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы енгізген әліпбиді оқып келдік.
1940 жылдардан бастап крим негізді әліпби қолданысқа енгізілді.1942 жылдан бастап кирилл әліпбиін қолдандық.Онда қазіргі бізде қолданып жүрген әліпбилеріміз, әліпбиімізде бізге керек емес орыс тілінен енген әріптер бар: ю, я, ь, ъ, ё.
Енді, қазіргі таңда кирилл негізінде қолданып жүрген 42 әріп болса, 42 әріп 31 әріпке қысқартылып отыр. Яғни, қалған орыс тілінен енген әріптерді, өзіміздің тілімізге икемдеп айтатын боламыз. Ю,Я десек ,қалай естіліп тұр мысалы: ю-иу,я-иа. Екі әріп қосарланып бірге жазылады. Мысалы «ё» әрпі жоқ. Актөр, дирижөр дегенде олар ө әрпіне аударылып кетеді. Яғни өзіміздің тілімізге икемдеп айтатын боламыз.
Жалпы, грамматикасына келсек 1әріп,1 дыбысты береді. Ал, ағылшын таңбасында 26 әріп бар болатын болса, ол 102 дыбысты береді.
– Латын графикасына әлі көшкен жоқпыз. Бірақ дүкендердің аттарын латынша жазып қойып жатқандар бар. Әрқайсысы әртүрлі, қатемен жазып жатқандар да бар. Сол дұрыс па?
– Олар қате, дұрыс деп жатамыз. Бірақ алдында бекітілген әліпбимен біразы жазып шыққан. Олар енді өзгерткен жоқ. Енді кейінгі,соңғы жарияланған әліпби бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ енді бұл бекітілгеннен кейін барып,әрі қарай тығыз жұмыс жасаймыз.
– Латын графикасының болашағы туралы не ойлайсыз?
-Латын графикасына көшкенде қазақ тілі өркениетті елдер қатарына қосылады. Қазақ тілінің тынысы кеңейеді. Бүкіл әлемдегі елдермен хат алмасу белсенді, жоғары деңгейде болады. Әлемнің 80% елі осы латын графикасына енгізілген таңбаны қолданады. Шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз бар. Солардың түсінуіне қолайлы. Монғолияда,Түркияда, Азербайжанда осы графиканы қолданады. Дамыған Қытай мемлекетінің өзінде осындай үлкен жиындарда болсын, үлкен іскерлік жұмыстарда осы латын таңбасын қолданады екен. Латын графикасына көшкенде өзіміздің төл әліпбиімізге қайта ораламыз деген сөз. Құптаймын. Латын графикасына көшкен өте дұрыс шешім деп қабылдаймын.Себебі латын графикасына көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуіне жол ашады.
– Латын графикасының жақсы және жаман тұстарын айтып кетсеңіз.
– Жаман жақтары болмас. Жақсы жақтары өте көп. Қазіргі шығармаларымыз, кітаптарымыз барлығы дерлік латын графикасының таңбасына ауысады. Қазіргі заманауи тұрғыда дамыған, ақпараттық кеңістікте жылдам дамып жатыр. Мысалы Абай жолын 3,4 секундта латын графикасына аударатын құрылғы бар. Бұл енді ақпараттың жылдам дамығаны. QR кодтармен арнайы сайттар әзірленіп жатыр. Сол сайттармен жұмыс жасау арқылы халыққа барынша тиімді әрі тез үйрену жақтарын қарастырып жатыр.
Латын графикасына көшудің тиімді жақтары:әлемдік жаһандану қатарына кіре аламыз. Фонологиялық, лексикалық, терминологиялық жағынан дамуға кепіл береді. Бұл тіл жалпы түркі халықтарының ортақ тілі, медицина саласының тілі. Шет елдегі қандастарымызбен еркін байланысуға мүмкіндік береді.
– Халық арасында латын графикасын түсіндіру жолы қалай жүріп жатыр?
– Біз қазіргі таңда қарапайым халық арасында,қызметкерлер арасында арнайы жоспар тізіп тек қана фонетикасын, әліпби төңірегінде ғана үйретіп, түсіндіріп жатырмыз. Қызметкерлер сабаққа өте белсенді қатысады. Өте жоғарғы деңгейде қабылдап жатыр. Енді, кері әсері болуы мүмкін емес. Өйткені қазіргі таңда олар кирилл негізді әліпбиді меңгеріп алды десек те болады. Ата аналар тарапынан сәл дискомфортқа ұшырауы мүмкін. Алайда қиындық тумайды.
Сөз соңына келер болсақ Айжан Баймаханова қазақ тілінің қаншалықты бай екенін айтып өтті. Қазақ тілі өте бай тіл. Мысалы Шекспир, Байронның шығармаларында 15мың сөз қолданған екен. Ал, біздің Мұхтар Әуезовтың Абай жолы эпопеясының өзінде 17 мың сөз қолданған көрінеді. Осының өзі байлық демей немене?! Тілімізді сақтап, әдеби тілде, өзіміздің тілімізде сөйлеу керекпіз.
«Байқасаңыз Сәкен Сейфулиннің «Сексен көл» өлеңіндегі сексен көл қазіргі таңда бар ма? Әрине көбісі тартылып, жоқ болып кетті. Сол секілді қазақ тілінде сөйлемесек, қазақ тілін дамытпасақ ол да сексен көл секілді бірте-бірте жойылып кетеді»,-дейді Айжан Баймаханова ханым.