ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕЛДІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

0
133
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің нақты даму бағыты, алда атқарылар мақсат-міндеттері айқындалып, сараланды. Президент өз сөзінде мемлекеттік басқару жүйесінен бастап әр саладағы жаңғыру жұмыстарын атап өтті. Соның бірі – ел ішінде төртінші билік саналатын бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге арналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс» деді.
Журналист – қоғамның айнасы. Билік пен бұқара арасындағы алтынкөпір. Ендеше, маңызды һәм жауапкершілігі мол кәсіпте адалдық болуы керек.
“Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс.Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты.Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды.Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн. Мен мұны журналистер қауымына арнайы айтып отырмын.Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек.Қоғамдық ұйымдардың қызметі елімізді орнықты және жан-жақты дамытудың тағы бір маңызды факторы саналады. Үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді.Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді.Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Сол үшін, ең алдымен, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттардың бәрі ашық талқылануын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға болмайды.Біз елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет. Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз. Мен бірнеше рет олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатынмын.Дегенмен, бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті бар. Соны толығымен жүзеге асыру керек.Биыл менің бастамам бойынша осы кеңестердің құрамы және жұмыс жоспары түбегейлі жаңаратын болады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақыл сөз бар. Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған.Ұлытауда, Ордабасы мен Күлтөбеде өткен ұлы басқосулар – соның айқын дәлелі. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек.Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады.Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырады.Ұлттық құрылтайдың құрамында еліміздегі барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы жұмысшылары, бизнес өкілдері және тағы басқа азаматтар кіреді. Осылайша, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын өкілді құрылым қалыптасады. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде бас қосып отырады”, деді президент. 

Қалта қамын ел қамынан жоғары қою, жеке мүддені халық мүддесінен асыру – кәсібилікке сай емес. Шерхан Мұртаза айтатыныдай, арқалаған алтыны мен жейтін жантағы – көптің жүгі, аманаты, мұң-мұқтажы. Соған адал болу қажет. Бұл турасында Президент өз Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды» деп анықтап айтты. Демек, халық алдандағы жауапкершілік – бәрінен биік. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа туралы» заң жобасымен таныстырды.
«Бүгінде біздің министрліктің бастамасымен 3 заң жобасы дайындалып жатыр. Соның бірі – «Масс-медиа туралы» заң жобасы. Бұл құжатта негізінен журналистің мәртебесі көтеріледі. Оның қалам ұстаған жандардың қызметін шектеу емес, реттеуге арналғанын баса айтқымыз келеді. Екіншісі – «Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы» заң жобасы. Бұл жоба шеңберінде интернет қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі ел заңнамасына сәйкес реттелмек. Сондай-ақ блогерлер қызметін бір жүйеге келтіру көзделіп отыр. Үшінші – «Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі заң жобасы» әзірленіп, жақында бұл жобаларды Парламент қарауына ұсынамыз, – деді министр.
Аталған заң жобасы бүгінде Парламентке ұсынылып, қаралып жатыр. Заңнама БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларының жауапкершілігін арттырып, журналистердің мәртебесін асыруға бағытталған.
Айта кетерлігі, Түркістан облысында қазіргі таңда жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны – 71. Оның ішінде 48-і баспа БАҚ, 3-і журнал, 6-телеарна, 1-радио мен 13 интернет сайт бар. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізумен қатар, ауыл-аймақтағы түйіткілді мәселелерді анық та айқын көрсетіп те, жарияланып жатыр. БАҚ пен журналистің еркіндігіне шектеу жоқ. Өкінішісі, кейде кей әлеуметтік желідегі белсенді азаматтар шектен шығып, өзгенің жеке басына қол сұғып, қоқан-лоққы көрсетіп, елді арандатып, бопсалаумен шұғылданып кететіні бар. Шындықты айту осы екен, жеке парақшам не салсам да өзім білемдікке салудың зардабы аз емес. Таратқан ақпарат жалған болса, заң қатал. Сондықтан жауапкершілік керек.
Сондықтан Президент Жолдауда: «Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн. Мен мұны журналистер қауымына арнайы айтып отырмын» деді. Ел мен билікті байланыстырар жауапты кәсіп иелері журналистер мен блогерлер, әлеуметтік желі белсенділері халықтың үдесінен шыға білуі қажет. Ол үшін басты мақсат – әр жазбаның артында елдік мүддені көздеу.
Қайрат Зайнишев,
Журналист

Leave a reply