МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ БАЙЛАНЫСЫН БҰРЫНҒЫДАН ДА ЖАҚЫНДАТА ТҮСЕТІН ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

0
108
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев наурыз айындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында мемлекеттік мүдде жолында этностардың ұйысуын ауқымды өзгерістер ретіндегі фактор ретінде баяндаған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.
– Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдік маңызды. Президент мемлекеттік мүдде жолында этностардың ұйысуын ауқымды өзгерістер факторы, алғышарты ретінде атап өтті. Жаңа Қазақстанның мәні осында. Біріншіден ел қауіпсіздігіне ықпал ететін, екіншіден әлеуеттік бастамаларды қолдайтын кешенді қайта құрылымдау. Зиялы қауым, білім мен ғылым мамандары осы бастамаларды қолдауға даяр. Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Халқымызда «Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр» деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен, береке, бірлікпен келеді. Ұлттық құрылтай парасатты пікірлерді ортаға салатын тамаша алаң болады деп есептеймін. Ұлттық ұйысуға байланысты бірнеше қағидатты айтқым келеді. Біріншісі – елдік пен мемлекетшілдік. Екінші қағидат – қоғамның жоғары мәдениеті. Үшінші қағидат – қоғамда еңбектің құндылығы. Білім саласының маманы ретінде ұсыныс айтқым келеді. Қоғамда жауапкершілік иммунитетін қалыптастыруымыз керек. Бұл білім саласының негізгі парқы десек те болады. Сондай-ақ бұдан былай бізде бәленше этнос бар деп олардың санын үнемі жарнамалап айту маңызды емес, Қазақстан біртұтас деп айту маңызды. Бізде ешқандай ұлтына, нәсіліне қарап бөлінбейді. Барлығы бірлікте деп айту маңызды.
«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деді ҚР Президенті.
Меніңше, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастырып, жаңаруды, дамуды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік деп санаймын. Бастысы, аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ сессияда Мемлекет басшысы референдум маңызды демократиялық институт екенін баса айтты. Деректерге жүгінсек, Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде де өткізілген еді.
Кешегі сессияда Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси ахуалға да назар аударып, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайту және отаншылдық рухын көтеру қажет екенін айтты. Бұл құндылықтар елдік пен мемлекеттіліктің басты тіректерінің бірі екені белгілі. Сондықтан біз Президентіміз айтқандай, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру – ортақ борышымыз. Осы ойымды барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін.
Сессия «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтті. Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және тағы да өзге қатысушылар сөз сөйледі.ҚХА Төрағасы Марат Әзілханов тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі айрықша екенін атап өтті.Сессияда алғаш сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Калашникова Наталья Павловнаға бұл сессияның тарихи маңызы зор әрі жаңа форматта ғана емес, жаңа саяси бағытта өтіп жатқандығын ерекше атап өтті.

Ал Максим Рожин еліміздегі барлық этнос өкілдерін «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырды.

— Бүгін біз барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға атсалысып келеміз. Мен Кеңес мүшесі ретінде оның алғышарттарын өз көзіммен көрдім. Қазір болашағымызды айқындайтын тарихи бастамалар жүзеге асып жатыр. Бір сөзбен айтқанда шаруалар өте көп. Бірақ өзгерістер осымен тоқтап қалмайды. Өзіміз жуырда кеңеске ұсынылған өзгерістер жөнінде қоғамда үлкен талқылау жүріп жатыр. Бұл ұсыныстардың барлығы еліміздің одан әрі демократияландыруға арналған нақты міндеті. Оның негізінде сайлау жүйесі өзгереді. Әсіресе мажоритарлық сайлау жүйесінің қайтып келгенін халық қуанып қарсы алып жатыр. Сонымен қатар әкімдерді сайлап жатырмыз. Өзім халық арасында жүргеннен кейін барлығына куәмін. Ең бастысы қолға алынға жұмыстап мен Ата Заңымыздың негізі саналатын азаматтардың өмірін көздейтін шараларды жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін бірлік пен ынтымақ керек. Мен өзінің құндылығын шынайы бағалайтын және сақтайтын халықтың ғана болашағы зор деп білемін. Өзінің болашағын туған еліміз Қазақстанмен байланыстыратын әрбір қазақстандық үшін еліміздің мәдениеті, тарихы, тілі бір деңгейде болуы керек. Бұлай дейтін себебім құндылықтың біреуін ғана алып, біреуін елемеу ол бірліктің белгісі емес, — деді ол.

Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдіктің маңызы зор екенін атап өтті.

— Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Халқымызда : «Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр» деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен береке бірлікпен келеді. Сондықтан да халқымыз бұл сөздің мағынасын халқымыз ерекше түсінеді, — деді Дихан Қамзабекұлы.

Президент өз сөзінде «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік» — деді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаһандық технологиялық жаңа үдерістер кезінде ұлттың гуманитарлық қуаты айрықша рөл атқаратындығын айтты.

— Қазіргі таңда Конституциялық Кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр. Елдің Ата Заңына отызға жуық түзетулер енгізілді, жиырмадан астам заңның .Бұл өзгерістер саяси жүйеден бастап елдің құрылымын өзгертуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Ендігі кезекте саяси реформаларды аяғына дейін жүргізуіміз маңызды. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру ортақ борышымыз. Себебі кез келген тарихи сәттің орын алуы қашанда халықтың шынайы қолдауына ие болғанда ғана жүзеге асады. Осы ойымды барлық этно мәдени бірлестіктердің жетекшілері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін. Ассамблеяның құрылымдары мен мүшелері алдыңғы сапта болуымыз керек. Біз бұл мәселеге Ассамблеяның ғылыми сарапшылық кеңесінің де күшін жұмылдырамыз, — деді «Ахыска Түрік этномәдени орталығы Қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы» Әскер Аллабердіұлы Пириев.

Президент сессия соңында «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз. Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп ортақ іске әрбір азамат, бүкіл ел болып атсалысуға шақырды.

 

Рамилия Мустафаева,
Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Leave a reply