Сайрам ауданында ұлттық жоба аясында кәсіп бастағандардың саны артуда
Көптеген қазақстандықтар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде гранттар алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты іске асыруда. Биылғы жылы Сайрам ауданы бойынша 2021 2025 жылдарға арналған С жалпы 7272 азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету жоспарланып, мемлекет бюджетінен 2 746 069,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Есепті айда 5986 азамат жобаға қатысып, жоспар 82 пайызға орындалды. 1442067,9 мың теңге каржы игерілді. Атап айтқанда: Әлеуметтік жұмыс орындарына -446 адам (жоспар 420 адам) Жастар практикасына 693 адам (жоспар 1100 адам) Қоғамдық жұмыс̧ орындарына-1734 адам (жоспар 1000 адам) Алғашқы жұмыс орындарына- 241 адам (жоспар 90 адам) «Күміс жас» жобасына – 294 адам (жоспар 180 адам) жұмыска жолданды. Биылғы жылы 4285 азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамту міндеттелген. Жыл басынан бері 2519 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 58 пайызға орындалды. Ауданымыздағы 56 азаматты кәсіптік оқытуға жергілікті бюджеттен 25576,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 110 азаматқа беру жоспарланып, республикалық бюджеттен 151.800,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Есепті айда комиссия қортындысына сәйкес 54 азаматқа қаржы берілді. 2023 жылғы 7 айдың қортындысымен 2541 отбасына немесе 13667 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жаңа жұмыс КР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА 100 ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, ауданымызда 2171 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелген. Осыған орай, 1870 жаңа жұмыс орны ашылып, тапсырма 86 пайызға орындалды.
Ұлттық жобалар аясында аудан аумағында 32 жобаны іске асыру барысында, 303 жаңа жұмыс орнын кұру жоспарланған. Бүгінгі күнге, 27 жоба басталып 188 жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санатындағы 76 азаматка <Ауыл аманаты» жобасы бойынша микрокредит беру жоспарланган. Аудандағы Ақбұлаққа-3, Жібек-жолына-5, Қайнарбұлаққа-7, Көлкентке-11 жэне басқа ауылдық округтеріндегі-52 адамға беру міндеттеліп отыр. Ал, 21-35 жас аралығындағы 37 азаматқа өз кәсіптерін ашуға жылдық сыйақы мөлшері 2,5 пайызды құрайтын микрокредит беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на ауданымыздын 48 тұрғынынан өтініш түсіп, олардың 10-ына қаржы берілді.
Елімізде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» жоспар бойынша жүзеге асып келеді. Құжаттың негізгі міндеттемесі – қаржылай қолдау көрсету. Соның ішінде субсидиялау, кепіл болу, жеңілдікпен микрокредиттеу, жетпей тұрған инфрақұрылымды тартып беру және мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Бұл жерде, субсидиялау дегеніміз – банктердің бизнесті дамытуға беретін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін төмендету деген сөз. Ал кепіл болу – банктердің несиелері бойынша кепілзат ретінде ішінара кепілдік беру. Бұл құжатты бұған дейінгі жасап шығарылған мемлекеттік бағдарламалардың барлығын кіріктіре отырып Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген. Іске асыруға жауаптылар қатарында әзірлеушімен бірге Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер, Қаржы, Энергетика, Сыртқы істер министрліктері бар. Сонымен қатар келісу бойынша, бірқатар комитет, агенттік, палаталар мен квазимемлекеттік компаниялар жүзеге асырылуына атсалысады. Ұлттық жобаны әзірлеудегі мақсат – кәсіпкерлік құрылымдарындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері ретінде орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай туындата отырып, бәсекелестікті кешенді дамыту. Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 Қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға» әу баста-ақ 8 455 329 919 мың теңге қарастырылған екен. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 030 884 427,0 мың, жергілікті бюджеттерден – 124 695 492,0 мың, бюджеттен тыс – 7 299 750 000,0 мың теңге қаражат көзделген екен. Жылдар бойынша алып қарар болсақ, 2021 жылға – 1 272 207 923,3 мың, 2022 жылға – 1 370 367 038,7 мың, 2023 жыла –1 620 056 904,0 мың, 2024 жылға – 1 963 862 120,0 мың, соңғы 2025 жылға 2 228 835 933,0 мың теңге жоспарланған.