ҚАЗЫҒҰРТТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Одан бөлек, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында ҚР Конституциясының 28 жылдығына арналған «Ата Заңым- айбыным» атты салтанатты іс – шара болып өтті. Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. Сол себепті басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту мақсатында аталып өтілген мерекені «Жұлдыздар» халықтық би ансамблі «Шаттық» биімен ашты. Сондай ақ аудан әкімдігі мен мәслихат ауданымыздың өсіп- өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ азаматтарды «Алғыс хатымен» марапаттады. Мәдениет сарайының әншілері өздерінің әуезді әндерімен көпшілікке мерекелік көңіл- күй сыйлады.
Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде ҚР-ның Конституциясы күніне орай “Азат елдің ар-намысы -Ата Заң” атты мәдени іс-шара болып өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлері, әжелер алқасы қатысып Ата заңымыз жайлы өз ойларын бөлісті. Іс-шара барысында мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын ұсынды.
Конституция заңдарының ұғымын, қолданысы жөнінде Анарбай Кәусәр баяндама жасады. Отанын сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеу мақсатында М. Өтемісұлы ауылдық клубында “Ата Заңым-айбыным” тақырып аясында іс- шара болып өтті. Іс-шарада “Қазақ жастары” әніне флешмоб биледі, Ағабек Жансезім “Көк тудың желбірегені” атты ән орындады. Міркәрім Дінмұхаммед “Төрт ана” өлеңін оқыды.
Еліміздің Ата заңы жөнінде бүгінгі ұрпаққа түсінікті тереңдету, Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Рабат ауылдық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне орай ” Ата Заң- айбынымыз” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл күннің мемлекеттік мереке саналып келе жатқанына биыл 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде Конституцияға алты рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. 2022 жылы еліміз Конституция күнін референдум арқылы жаңартылған Негізгі Заңмен атап өтті.Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанның Конституциясы 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы шыққан.Алайда бұл оның соңғы нұсқасы болмады: келесі екі жылда еліміздің Негізгі Заңына бірқатар баптар қосымша енгізілді. Содан Конституция 1995 жылдың 30 тамызында түпкілікті бекітіліп, бүкілхалықтық референдумның қорытындысы бойынша қабылданды. Конституцияның қорытынды нұсқасы президенттік басқару нысанын бекітіп, өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет деп жариялады, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Алдағы 28 жылда Қазақстан Конституциясына алты рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. 2007 жылы мамырда парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің мемлекеттік құрылымының нысанына қатысты түзетулер енгізілді. Қазақстан президенттік-парламенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекетке айналды. 2017 жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылып, оған сәйкес президенттің бірқатар өкілеттіктері биліктің басқа тармақтарына берілді. Екі жылдан кейін, 2019 жылдың наурыз айында Конституцияға Қазақстан астанасының атауын өзгерту бойынша өзгерістер енгізілді: Астана қаласы – Нұр-Сұлтан атауын алды.
2022 жылғы кең ауқымды конституциялық өзгерістер. 5 маусымда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Дауыс беруге құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берді. 8 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.
Негізгі өзгерістер:Қазақстан суперпрезиденттік басқару түрінен күшті парламенті бар президенттік басқару түріне өтті.Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп белгіленді.Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметтерде, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшылық лауазымдарын атқару құқығы жоқ деп танылды.Қазақстандықтар Конституциялық Сотқа өз бетінше жүгіне алатын болды.Өлім жазасына тыйым салынды.Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады деп белгіленді.Сенаттағы президенттік квота қысқарып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылды.Мажоритарлық жүйе сайлаушылардың өтініші бойынша депутатты кері қайтарып алуға мүмкіндік берілді.Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды.Референдумға сайлаушылардың қатысуы 68,05 пайызды құрады. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.