Сайрам ауданында ауқымды істер атқарылуда

0
142

Сайрам ауданы тұрғындары еңбекқорлығымен ерекшелінеді. Аталмыш аймақта өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жетерлік. Осы орайды өткен 8 айда аудан қандай жетістіктерге жетті толық баяндамақпыз. Олай болса сала салаға жеке жеке тоқталайын.

Өнеркәсіп өркен жаюда

2023 жылдың қаңтар-тамыз  айларында   ауданда 69 бірлік  өнеркәсіптік кәсіпорындармен 29,4 млрд. теңгенің  өнімі өндірілген.  Нақты көлем индексі (НКИ) 102,1% құрады.  Облыстың өнеркәсіп өнім көлемінде ауданымыз екінші орында немесе үлесі  4,9%-ды құрады. (2023 жыл жоспары – 50,1 млрд.тңг) болса, 8 ай жоспары – 27,7 млрд. тңг, НКИ жоспары- 101,5% болған).

 

Аудан өнеркәсібінің құрылымы:

3,9% кен өндіру немесе карьерлерді  қазу саласынан;

80,7% өңдеу өнеркәсібінен;

15,4% электр, газ, су тарату салаларынан құрылған.

 

 

Кен өндіру немесе карьерлерді  қазу саласы

 

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданның кен өндіру кәсіпорындары  1134,8 млн.теңгенің өнімін өндірген. Өнім көлемі 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34%-ға төмендеген. НКИ 2022 жылдың 8 айында 106,6%-ды құраса, есепті мерзімде  68,9% -ды құраған.

 

 

Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар тура не білеміз?

Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушыларға Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан   24 рұқсат қағазы  берілген. Оның ішінде (11-келісім шарт, 13-лицензия).

2021-2023 жылдары аралығында 7 жер қойнауын пайдаланушылардың  пайдалы қазбаларды өндіру аумағы су қорғауы белдеуіне орналасуына байланысты, қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылып, келісімшарттары Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп  (бұрынғы – Инвестиция және экспорт) басқармасы тарапынан кері қайтарылып алынды. Олар («Таза Астық» ЖШС, «Ерсу строй» ЖШС, «МСК ПГС» ЖШС және   «D.CH-NOVACOM» ЖШС, «Теміртас» ЖШС, ЖК «Алиев», ЖК «Ізбасаров»)

Бүгінгі күнге Сайрам ауданы көлеміндегі заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген алгоритімге сәйкес, аудан аумағында  2023 жылдың тамыз айына дейін 37 мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде:

Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан Сайрам ауданы аумағындағы жер қойнауын пайдаланушыларға  24 нысанға рұқсат қағазы  (келісім шарт, лицензия)  берілген. Бүгінгі таңда 12 жер қойнауын пайдаланушылардың рұқсат құжаттар толығымен рәсімделген.  Қалған 12 жер қойнауын пайдаланушылардың жер телімінің нысаналы мақсаты ауыстырмай толығымен рәсімделмегені анықталды.

Қарамұрт  ауылдық округі  аумағындағы  171 орамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы жер телімінде  жердің нысаналы мақсатын ауыстырмай жер қойнауын заңсыз пайдаланып  жатқан 10 нысан;

Қарасу ауылдық округінде 1 нысан, Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1 нысан

анықталды және қазба жұмыстары жүргізілу үстінде анықталып, полиция органдарына хабарланды. Полиция басқармасы тарапынан 2 эксковатор 6 ауыр жүк көлігі заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа   қойылды.

Жұмысшы топ құрамының мүшелерімен 12 акт толтырылып құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданды.

2023 жылдың тамыз айына дейін құм-тас-шағал тасымалдап жатқан көліктері тоқтатып, тексеріліп Қ.Р.ӘҚБтК-нің 590 бап, 630 бап, 601 бап, 591 бап және 593 бабтарына сәйкес 167 әкімшілік хаттамалар толтырылып 2 557 605,0 теңге айыппұл салынды.

2023 жылғы  12 маусымдағы Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының №32-08-37/726 хатына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің  2018 жылғы 24 мамырдағы          №375 бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан берілген келісім шарт лицензия аумақтарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіп жатқан объектілерге 2023 жылдың 17-18-19 шілде күндері бару арқылы келісім шарт, лицензия шарттарының сақталуына зерделеу (мониторинг) жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде  3-топырақ, 16-тас қазбаларды  өндіру орындарына Маркшейдер мамандарымен зерделеу фото түсірілімі жүргізілді.

Қалған 5-тас қазбаларын өндіру орындарында қазба жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты басқарма және бөлімнің мамандарымен акт толтырылды.

Алдағы уақытта жоғарыдағы 19 нысанның зерттеу қортындысы негізінде заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады.

 

 

 

Өңдеу өнеркәсібі қанат жайып келеді

 

Аудан өнеркәсібінің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде    2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында  23,7  млрд. теңгені құрады. НКИ 100,9%. (2023 жыл жоспары – 40,3 млрд.тңг) болса, 8 ай жоспары – 22,0 млрд. тңг, НКИ жоспары- 101% болған).

Өнім көлемі 2023 жылдың 8 айының жоспарына 1,7 млрд.теңгеге артығымен орындалған.

 

Өңдеу өнеркәсібінің басымды салалары:

Тамақ өнеркәсібі – саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 66,7%. Есепті мерзімде 15,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Салада 11  бірлік – сүт өнімдерін өндіретін зауыттар мен цехтар,  өңделген ет өнімдерін өндіретін 5 кәсіпорын, 6 –  диірмен, өсімдік майын өндіретін – 5 кәсіпорын, жеміс-жидек, көкөніс консервілерін шығаратын – 11 кәсіпорын, алкогольсыз сусындар шығаратын – 4 кәсіпорын өнім өндіреді.

Құрылыс индустриясы саласының, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі- 6,8%. Есепті мерзімде 1586,4 млн.тңг. өнімі өндірілген. Салада тауарлы бетон, асфальтты-бетонды қоспа,  әр түрлі бетон бұйымдарын, күйдірілген кірпіш шығаратын –  6 өндіріс  өнім өндіреді. («Жби-С» ЖШС, «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС, «Керемет Сапа» ЖШС, «Elit Stroy» ЖШС, «Тоқатай» ЖШС,  «QAZAQ Air Technology” ЖШС).

Резіңке және пластмасса бұйымдары саласында 2517,3 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 10,5%. Салада – қысымды полиэтилен трубалар;  газ тектес жанар-жағар майға арналған трубаларды «ЮКЗПТ» ЖШС зауыты өндіреді. «Rin K» ЖШС су құбырларына арналған пластикалық трубалар шығарады.

Машина жасау саласы – өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 4,6%.  Салада жылыту қазандықтарын  шығаратын «Art Boilers» ЖШС, электр кабельдерін шығаратын «KaZ TEL» ЖШС, ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын «ЮКМЗ» АҚ  зауыттары өнім өндіреді.

Сонымен қатар, Жиһаз өндіру саласында 615,4 млн.теңгенің өнімі өндірілген. «Bella Trade» ЖШС жиһаз фабрикасы, корпусты жиһаз, матрастар шығарады. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 2,6%.

 

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАСТЫ НАЗАРДА

 

Облыс әкімімен бекітілген 2023 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес Сайрам ауданына қойылған  негізгі капиталға бағытталған инвестиция  жоспары –  40,5 млрд.теңге; НКИ – 114,1% (2022 жылы – 39,5 млрд.тңг).

Айлар кесіндісінде: 2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша  инвестиция  жоспары – 25,0 млрд.теңге;  НКИ – 105,5%.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында инвестиция көлемі – 32,6 млрд.теңгені құрады.  Оның ішінде:

Бюджет есебінен 2220,8 млн.тңг (6,8%);

басқа да кредиттер есебінен 1355,4 млн. тңг (4,3%);

Кәсіпкерлер және халықтың тұрғын үй құрылысы есебінен 29,0 млрд.теңге (88,9%) (оның ішінде: кәсіпкерлер есебінен 19,0 млрд.теңге; халықтың тұрғын үй құрылысы есебінен  10,0  млрд.тңг).

 

Пайдалану бағыттары бойынша  негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіп саласына – 20,6,%,  ауыл шарушылығына – 18,6%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 31,2%,   көтерме және бөлшек сауда – 10,3% және 4,3% -денсаулық сақтау,   4,9% білім беру салаларына келеді.  Адам басына шаққанда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі  138,8  мың теңгені құрады.

Есепті мерзімде кәсіпкерлер есебінен тартылған (бюджеттік емес) инвестиция көлемі 19,0 млрд.теңгені құрады немесе іске  қосылған инвестициялық жобалар  (кәсіпкерлік нысандар ) саны –  85 бірлік. Ашылған жұмыс орны 504 адам.

Оның ішінде:

Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша тартылған инвестиция көлемі – 6154,4 млн.теңге. Жоба саны- 6 бірлік  («Bella Trade» ЖШС,  «Ca Pable» мүгедектер қоғамы және «Fort» ЖШС «Мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт» – өндірістердің кеңеюі; «Gx –ЖБИ» ЖШС  «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт; ЖК «Agua Classic»  «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт; «Eco-Building Group» ЖШС «Автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт»);

Агро өнеркәсіптік кешенін дамытуға тартылған инвестиция көлемі –5730,3 млн.тңг. Жоба саны – 22 бірлік;  («Gen Group Kazakhstan» ЖШС- Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы; мал бордақылау фермалары,  мал сою алаңдары,  қоймалар);

Шағын кәсіпкерлікке тартылған инвестиция көлемі 5611,1 млн.тңг, нысандар саны – 52 бірлік (супермаркет, минимаркеттер, медициналық орталықтар, балабақшалар);

Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 1504,2   млн.тңг, жоба саны –  5 бірлік (қонақ үйлер, спорт кешендері, бассейндер).

 

Оның ішінде қаңтар-тамыз айларында іске қосылған ауқымды өндірістік  жобалар: Жобалардың құны 7,1 млрд.тңг. Ашылған жұмыс орны 177 адам.

 

«Маслозавод Turkistan» ЖШС (Қарасу а/о)  «Өсімдік майын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 435,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 30 адам.

ЖК «Agua Classic» (Көлкент а/о) «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт құрылысы» жобасы.  Жобаның құны 230,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 15 адам.

«Ca Pable Group  мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (Ақсу а.)  «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Өнімнің жаңа түрі италиялық технологиямен жөргектің жаңа түрін шығару» жобасы бойынша құрал-жабдықтар алу». Жобаның құны 4200,0 млн.тңг. Ашылатын жұмыс орны 40 адам. (маусым айында іске қосылды).

«Gen Group Kazakhstan» ЖШС (Қайнарбұлақ а/о) «Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы жобасы». Жобаның құны 1056,1  млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 30 адам.

«Eco-Building Group» ЖШС (Ақсу а.)    Автоклавты газдалған бетон шығаратын зауыт құрылысы жобасы.  Жобаның құны 1026,2 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 40 адам.

«Gx –ЖБИ» ЖШС (Қайнарбұлақ а/о)  «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 200,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 22 адам.

 

2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында  жалпы құны  4,3  млрд.теңгелік 8 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр:

 

«Наурыз-5» ЖШС  (Ақсу а.)   «Жеміс-көкөністі қайта өңдейтін  кәсіпорын».  Жобаның құны 1000,0  млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 5 адам.

«ТҰРАН АГРО ЕТ-СҮТ»  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  (Манкент а.)  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысы»  жобасы. Жобаның құны 450,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

«AGRO 2022»  АШӨК (Ақбұлақ а.)   «400 мал басына арналған сүт-тауарлды ферма».  Жобаның құны 650,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

«Интер Умар» ЖШС  (Қарабұлақ а.) 2000 ІҚМ басына арналған бордақылау алаңы. Жобаның құны 800,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 10  адам.

«SAMID MASTER»  ЖШС (Манкент а.) Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдейтін зауыт  құрылысы (Сүт зауыты).  Жобаның құны 600,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

«Sairam Food Produkts»  ЖШС (Ақсу а.)   «600 тонналық көкөніс сақтайтын қойма құрылысы». Жобаның құны 90,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

«Спорт кешенінің құрылысы»  ЖК Абдукадиров Н. (Манкент а.) Жобаның құны 300,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

«MMM Group-777» ЖШС (Манкент а.) «Өсімдік майын шығаратын зауыт».  Жобаның құны 326,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 35  адам.

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ

2023 жылғы 1-қыркүйекке    ауданда  тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  (әрі қарай –  ШОК)  субъектілер саны 22125 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне  4781 бірлікке артқан немесе 127,6%-ды құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОК саны 21654 бірлікті немесе 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 4787 бірлікке артқан  немесе 128,4%-ды құрады. Тіркелген жалпы көлемдегі  ШОК-тің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі  – 98%.

Оның ішінде:

Заңды тұлғалар саны – 1328 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 146 бірлікке немесе 112,4%-ға артқан.

Жеке тұлғалар 11839 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 4021 бірлікке немесе 151,4%-ға артқан.

Шаруа қожалықтары 8487 бірлік, 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 620 бірлікке немесе 107,9%-ға артқан.

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны: 30785 адамды құрады  2022 жылдың  тиісті кезеңіне  5988  адамға  артты немесе өсім 124,1%-ды құрады. Оның ішінде: заңды тұлғаларда – 7036 адам; орта кәсіпорындарда 1335 адам; жеке кәсіпкерлер – 13676 адам; шаруа қожалықтарында – 8738 адам жұмыс істейді. Аудан халқының 13,1 %-ы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған.

Есепті мерзімде салада  1364  кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, 1829 жұмыс орны ашылған.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің  өндірген өнім көлемі 125,7 млрд.теңгені құрап,  2022 жылдың  сәйкес кезеңіне  (83,4 млрд.тңг)   өсім 150,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері есебінен түскен салық көлемі 7,9 млрд.теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 109,2%.

 

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданның 6820 кәсіпкері 6119,0 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде: Микрокредиттік ұйымдар арқылы 6748 адам –  5,7 млрд теңге көлемінде несие алған. «Агро несиелік Корпорациясы» АҚ арқылы 21 адам – 188,0 млн.тңг; «Ырыс» микронесиелеу ұйымы арқылы 50 адам – 200,0 млн.теңге; «Қарапайым заттар экономикасы» МБ аясында 1 жоба – 31,0 млн.теңге;

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған  жобасы аясында Сайрам ауданында атқарылу барысы

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында төрт ауылдық округіне жылдық жоспар 471 жоба қойылған. (Облыс деңгейінде берілген жоспар 266  жоба) «Ырыс» МҚҰ-на өтініш білдіруі тиесілі болатын. Бүгінгі күнге 187 азамат жобасы (1 132 450 мың теңге) дайындалып ұсынылған.

Оның ішінде:140 жоба (793 675 мың теңге) мақұлданып, 92 жоба 505 950 мың теңге) қаржыландырылды. 11 жоба    (63 075 мың теңге) кері қайтарылған.

Ауыл округтері кесінідісінде:

Жібек Жолы ауылдық округі бойынша 60 азамат құжат тапсыру керек болса қазірігі таңда  41 жоба дайындалып мақұлданған. 27 азаматың жобасы қаржыландырылған, 14 азамат жобасы «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақталуда.

Ақбұлақ ауылдық округі бойынша  56 азамат құжат тапсыру тиесілі болса қазіргі таңда 45 жоба дайындалып ұсынылған. Оның ішіде 29 жоба мақұлданып,20 азаматтың жобасы қаржыландырылған. 9 жоба «Ырыс» МҚҰ-да  2 данадан құжаттары жинақталуда. 8 азаматтың жобасы кері қайтарылған.

Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 125 азамат өтініш білдіруі тиісті болса қазіргі таңда 35 жоба ұсынылған. Оның ішінде 19 жоба мақұлданып, 14 жоба қаржыландырылған. 1 жоба кері қайтарылған. 5 жоба «Ырыс»МҚҰ-да 2 данадан жинақталуда.

Көлкент ауылдық округі бойынша 230 азамат өтініш білдіруі тиісті болса, қазіргі таңда 66 жоба ұсынылып, 51 жоба мақұлданған. 2 жоба кері қайтарылып, 31 жоба қаржыландырылған. 20 жоба «Ырыс»МҚҰ-да. 2 данадан жинақталуда.

Leave a reply