ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 630 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЙДІ

0
138

Түркістан облысының тұтынушылары 2023-2024 жылдары табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне 325 миллион теңге үнемдейді,  бұл келесідей нәтижелер арқылы көрініс табады: «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Субъект жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей уәкілетті органның қарауына ұсынылуға міндетті. Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы электрондық нысанда есептерді, басқа мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға – бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы электрондық нысанда есеп береді.Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Субъектілердің 2022 жылға арналған бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізді.

Басқармамен жүргізілген талдаулар нәтижесінде табиғи монополиялар субъектілері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес өз міндеттерін орындамағаны анықталды. Атап айтқанда, «табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті, бекітілген тарифтік сметаның шығыстар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген соманың бес пайызынан кем орындамауын қоспағанда, және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда.» Осыған байланысты Департаментпен 25 субъектіге 2022 жылға арналған тарифтік сметаны орындамағаны үшін жалпы сомасы 630 256,70 мың теңгеге уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Уақытша өтемдік тариф – табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалдарын өтеу мақсатында уәкілетті орган белгілі бір мерзімге бекітетін тариф. Сонымен, Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша өтемдік тарифті бекітуге мыналар негіз болып табылады:

1) осы Заңға сәйкес бекітілген тарифтен асып кеткен;

2) амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалану;

3) мынадай жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның тарифке енгізілген шараларын орындамау: бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін бекітілген тарифтік сметада көзделген қаражаттың тапшылығына әкеп соқтырған көлемдерді қысқарту. Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің азаюына сәйкес жоғалған кірістердің сомасы алынып тасталады, уәкілетті орган негізсіз кірістің қалған сомасына уақытша өтемдік тарифті енгізеді;

конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша ақшаны үнемдеу;

тиімдірек әдістер мен технологияларды енгізу есебінен шығындарды үнемдеу;

4) мынадай жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаның шығыс баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген сомалардың 5 пайызынан астамына орындамау:

анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдану есебінен шығындарды үнемдеу, энергия аудиті немесе экспресс-энергетикалық аудит нәтижелері бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және стандартты техникалық ысыраптарды азайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру ;

табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты шығындарды үнемдеу. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалмауының жалпы сомасынан көлемдердің азаюына сәйкес жоғалған кірістердің сомасы алынып тасталады, уәкілетті орган негізсіз кірістің қалған сомасына уақытша өтемдік тарифті енгізеді;

Конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша ақшаны үнемдеуге байланысты департамент келесі бағыттар бойынша уақытша өтемдік тарифтерді енгізді:

– Каналдар арқылы сумен қамтамасыз ету – 2 субъектіге 3329,63 мың теңге;

– Тарату желілері арқылы сумен жабдықтау (ауыз су) – 6 субъектіге 20 492,98 мың теңге;

– жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау (жылумен жабдықтау) – 2 субъектіге 600 197,19 мың теңге;

– Ағынды суларды бұру (ағынды сулар) – 4 951,55 мың теңге сомасында 2 субъекті;

– Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау – 1 субъектіге 1 285,36 ​​мың теңге.

Басқармаға өз міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 11 субъектіге жалпы сомасы 630 256,70 мың теңге уақытша өтемдік тарифтер өндірілді.

Жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша Департаментпен тарифтер бекітілген және барлық бұйрықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған.

Leave a reply