ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУ – БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА
Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі бағыттардың бірі – құс етін өндіру ісі. Тиісінше, елімізде азаматтар күн сайын тұтынатын тауарды шығару ісі де, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар да жақсы деігейде деп айта аламыз. Осы орайда, Түркістан қаласының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.
Осыдан үш жыл бұрын Ауыл шаруашылығы министрі елімізде 155 мың тонна құс етіне арналған 12 жоба жобалау және іске асырылу кезеңінде тұрғанын мәлім етіп: «Салаға инвестициялар салынуда, жаңа қуаттылықтар іске қосылуда және қолда бар қуаттылықтар кеңейтілуде. «Макинск құс фабрикасы» (қуаты 25 мың тонна – бірінші кезең) пайдалануға берілді, «Әулие-ата Феникс» құс фабрикасында кеңейту (5 мың тоннаға) жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, өндіріс 3 жыл ішінде 24 пайызға ұлғайып, 222,9 мың тоннаны құрады. Тиісінше, импорт үлесі 50 пайыздан 44,6 пайызға төмендеді», – деген Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша, бұл жобалардың арқасында тұрғыдарды құс етімен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаты 200 мың тонна болатын құс фабрикасы қосымша пайдалануға енгізілетін болған.
Сондай-ақ, 2020 жылдың орта тұсында сол жылдың басынан бері елімізде құс етінің өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға өскені анықталды. Көрсеткішке сәйкес, аталған жылы қаңтар мен мамыр аралығында 100 мың тоннаға жуық өнім өндірілген.
Тиісінше, сол кезде Қазақстанда құс етін 24 құс фабрикасы шығарып, күн сайын олар 800 тоннаға дейін өнім өндіріп отырған екен. Бұл тұрғыда Ақмола облысында – 200 тоннадан астам, Алматыда – 350-ге жуық, Ақтөбе мен Атырауда – 7 тоннаға, Шығыс Қазақстан облысында – 130, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында – 20-дан астам, Қостанай және Павлодар -14, СҚО – 6, ОҚО – 45 тоннаға жуық тауар өндіріп отырған.
«Айта кету керек, 2019 жылы республикада 223 мың тонна құс еті өндірілді, ал 2018 жылы 192 мың тонна . Өндірістің тұрақты өсуіне байланысты құс етінің импорты 4% -ға азайды. 2018 жылы 49% болса, 2019 жылы 45% -ға түсті. Ет өндірісін дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен, сонымен қатар құс етін өндіруді мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жүргізілгендіктен құс шаруашылығы өзінің тиісті нәтижесін берді. Атап айтқанда, құс етін одан әрі импортты алмастыруға арналған құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жаңа құс фабрикаларын салу және қолданыстағы модернизацияны қаржыландыру шаралары қабылдануда. Бүгінде Қазақстанда 5 құс фабрикасының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, Алматы, Атырау және Қостанайдағы құс фабрикаларын жөндеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Еліміздегі жоғары сапалы өнім өндіретін қазіргі заманғы құс фабрикаларының бірі Шымкент қаласында орналасқан. «Шымкент құс» ЖШС 14 жылдан бері жұмыртқа мен бройлер етін өндіріп келеді. Зауытта жылына 115 млн жұмыртқа және 2 мың тонна ет өндіріледі. Қазір құстардың жалпы саны 600 мыңнан асады, олардың ішінде 400 мыңға жуығы тауықтар, 92 мыңнан астам бас жануар мен 115 мың бройлер бар. Компания 320 адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орташа жалақысы 105 мың теңге», – делінген сол кездегі мәліметте.