ҚАЗЫҒҰРТ: КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
Аудандық төтенше жағдай бөлімінің ұсынысымен аудандық ішкі саясат бөлімі «Өнер» мектебінде «Діни экстремизм мен терроризм, кереғар діни ағымдардын алдын алу», «Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жастар арасында салт-дәстүрді дәріптеу» және «Өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау» тақырыптарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Алжанов Ғалым Жанзақұлы, Түркістан облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің, тәрбие жұмысы тобының бас маманы азаматттық қорғау капитаны Ізбасар Қадірбек Сеитжаппарұлы, Қазығұрт ауданы бас имамы А.Сертай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Тәліпбаев және мекеме қызметкерлері қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап алып керекті ақпарат берілді.
Жастарға терроризм және экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып, “Терроризмге қарсы тұра білейік” атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Шарбұлақ ауылының жастар ісі маманы Пернебаев Нұрбол және Шарбұлақ ауыл әкімшілігі қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиырма бірінші ғасыр басындағы қазіргі қоғам қарқынды дамумен қатар, өз даму үрдісімен барлық саланы жандандыруда. Сондықтан қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналған міндеттер атқарылуда. Тәрбие мен білім беру саласында да жаңа әдіс-тәсілдер, технологиялар анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған модельдері жасалуда.
Жастар арасындағы тәрбие жұмысын тиімді жүргізу – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отырғаны жасырын емес. Әсіресе, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, әр түрлі жат діни ағымдардың теріс идеологиясына жастардың төтеп беруі, ұлтаралық келісімді нығайту сияқты тәрбие жұмыстарының басты бағыттары айқандалуды қажет етеді. Өйткені саналы адамзат баласы, жалпы қоғам және мемлекет жастар тәрбиесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп, қаперден шығарған емес. Әсіресе отан қорғаушылар үшін тәрбие мен тәртіптің мемлекет алдындағы жауапкершіліктің бірінші кезекте тұратыны белгілі жағдай. Әл-Фараби бабамыздың: «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім адамзаттың қос жауы. Ол келекшекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі» – деген терең мағыналы қанатты сөзі бүгінгі біздің қоғам үшін де негізгі қағидаға айналды.
Жастар арасындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары олардың ортасында орын алып отырған теріс құбылыстармен келеңсіз жайттарға қарсы жүргізілуі кезек күттірмес шаралар болып табылады.
Жастар тәрбиесіндегі қоғамымыздың алаңдатып отырған басты мәселенің бірі – жастар арасындағы қылмыс. Бастауы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардан басталған мектеп оқушылары мен жоғарға оқу орындарының студенттері арасында бопсалау, ақша жинау әрекеттерінің тамырына әлі күнге дейін балта шаба алмай келеміз. Әскери бөлімдердегі «аталар» әрекеттерінен туындап жататын қылмыстар түрлері де тоқталмай келеді. Орта мектептер мен оқу орындарын «бақылау аймығына» ұстайтан топтар, өз биліген жүргізіп «общякқа» өздері орнатқан ортақ «қазынаға» ақша жинауды қалыпқа айналдырған. Бұл құқық қорғау органдарының алдында тұрған үлкен кемшіліктің бетін ашады.
Десе де ұрпақ тәрбиелеудің негізі – отбасынан басталады. Отбасы адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Әрбір баланың туылған кезінен бастап есейіп, ер жеткенге дейінгі өмірінің кезеңінде басты арқауы болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері арқылы беріледі. Отбасы баланы ата-бабаның өмірінен алынған еңбек және қоғамдық іс-әрекетердің ғасырлар бойы жинақталған озық тәжиірбиесімен таныстырып оны құрметтеуге жақсыға ұмтылып жаманнан жиренуге қоршаған ортаға бейімделуге, қарым-қатынас жасауға, өз бетімен жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап отырған. Отбасы тәрбиесінің ажырамас құрылымына отбасылық тәрбие ахуалы-өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас, отбасы өмірінің тәртібі, отбасы мүшелерінің іс-әрекетінің мазмұны жатады. Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Отбасы мәселесінде мемлекет тарапынан қолдау жасалып маңыздылығын бекіту мен жоғарылату үшін бағдарламалар жүзеге асырылып, көңіл бөлінуде. Алайда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әсер ететін құбылыстар да көбеюде.
Отбасылардың тұрмысының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы нәтижесіндегі толық емес отбасылардың көбеюі, отбасында балаға қажетті қамқорлық пен мейірімнің болмауы отбасының елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының шырқының бұзылуынан екені белгілі. Отбасындағы келеңсіздіктер балаға тікелей теріс әсерін тигізеді. Тәрбие мәселесінде мектеп пен отбасы үнемі бірігіп жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ отбасыларында жүйелі тәрбие беруге мүмкіндік жоқ деген пікірлер айтылуда. Бұл ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына және тұрмыстық жағдайға ата-аналардың жұмысбастылығына, өмір сүру ерекшеліктеріне, отбасы құрылымына байланысты. Жас жеткіншектер жеке тұлға ретінде толысып, дамып, өмір туралы түсініктері қалыптасу кезеңінде отбасы мен оқу орны бірлесе отырып жүйелі, дұрыс тәрбиені беруге жағдай жасауы керек.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа апаратын басты фактордың бірі – балаға дер кезінде көмек берілмеуі, баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқамау мен өз бетінше бақылаусыз, қараусыз жүруі, ата-аналардың балаларына жұмыс бастылықпен көңіл бөлуге уақыт таппай немқұрайлы қарауы.
Ата-ана мен педагог бірлесе отырып тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отыруы шарт. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері оқушының үйдегі ата-анасымен қарым қатынасына назар аударылуы қажет.
Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің біріне дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына төтеп беруге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу жатады. Жат жұрттық, жат пиғылдағы әр түрлі секталар діни пайымы өсіп жетілмеген жастарымызды алдау, арбау, санасын улау арқылы өз қатарларын толықтырып келеді. Жастардың Отан алдындағы ең қасиетті борышы Отанды қорғау деген ұғымды христиан бабтистері кері мағынада уағыздап, жастардың қолына қару алып, Отанын қорғауды күнәһарлыққа жатқызады.
Еліміздің зайырлы мемелекет болуы өзіміздің дәстүлі дінімізден қол үзу, оның қағидаларын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Қайта керісінше, ата-бабамыздан келе жатқан дініміздің құндылықтарымен жастарымызды таныстыру, тәрбие саласында пайдалану ісі олардың зайырлы қоғамдағы жан дүниесін байыты түсетіні анық.