Четверг, 19 сентября

ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАН 400 ТОННА ПИЯЗ ӨНІМІН НАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ

0
52

Шардаралық диқан «Тұрар» шаруақожалығының иесі Юрий Ан өзінің 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы өнімін жинап, 400 тонна пиязды сатылымға шығарды. Шаруа қожалық 33 гектар аумаққа 8 түрлі пияз сортын егіп, тамшылатып суғару әдісі арқылы мол өнім жинап отыр.

Түркістан – агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамыған өңір. Халықтың 80 пайыздан астамы ауылда тұрады. Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 2023 жылы 1,2 трлн теңгеден асып, облыс республикада көш бастады. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде рекордтық 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімі жиналды. Еліміздегі жылыжайдың 70% Түркістан облысына тиесілі. Өңірде жылыжайдың жалпы көлемі 1640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Республика халқының 42%-ы көкөніспен қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілуде. Жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктеріне қол жеткізіп, жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді. Жүйелі жұмыс нәтижесінде арнайы стандарт әзірленіп, 801 жылыжай сертификатталды.

«Тамшылатып суғару әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге — 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп ысырап болады. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы – өнімнің молдығына да әсер етеді», — дейді шаруа қожалық иесі Юрий Ан.

Сонымен қатар, егістік маусымында аталған шаруа қожалық 100-ге жуық адамды маусымдық жұмыспен қамтиды. Кәсіпкер күзге дейін пияз алқабынан 3 000 тоннаға жуық өнім алу алуды жоспарлап отыр. Пияз өніміне деген сұраныс негізінен Ресей, Беларусь елдерінен түседі. Жаңа технологияларды енгізу жұмыстары күшейді. Облыста мақта өсірумен шұғылданатын 25 мың агроқұрылымда 75 мың адам еңбек етеді. Жиналған 98 мың тонна мақта талшығының 82%-ы экспортқа бағдарланған. Тиісінше әлемдік биржа бағасына тәуелділігі жоғары. Осы мәселені ескере отырып, мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленді. Онда алқапты 25%-ға азайтып, егістікті әртараптандыру көзделген. Сондай-ақ сапалы тұқым шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізу және мақтаны қайта өңдеу үлесін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы Түркістан өңірінде жүзеге асуда. Маңызды жоба 6 бағытта іске асырылды. Бұл мақсатқа 19,8 млрд теңге жеңілдетілген несие қаражаты бөлініп, 3256 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде, 3517 жаңа жұмыс орны ашылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны қысқарды. 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 75 кооператив құрылды.

Leave a reply