Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс»,-деген болатын.
Осыдан үш жыл бұрын аудан мәртебесін алған Сауранның орталығы Ұлы Жібек жолы бойындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралының бойына орналасқан. Бұл өз кезегінде ауданымыздың көліктік-логистикалық тұрғыдағы жедел дамуына мүмкіндік әпереді.
Қазіргі таңда Сауран ауданында 101 мың 871 адам тұрады. Бұл облыс халқының 4,8%-н құрайды. Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр. 12 айда ауданымыздың негізгі атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсем. Салықтық түсімдердің 2022 жыл қорытындысы бойынша нақты орындалуы 1,4 млрд. теңгені құраса, биыл 2,6 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылға қойылған жоспар 104,9%-ға артық орындалды. 12 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,2%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады. Жалпы, өнімнің ішінде 84,7%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 4,7%-ы құрылыс саласы болса, 1,4%-ы сауда саласының үлесінде.
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА 90 РЕТ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Өнеркәсіп саласында 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар. Оның ішінде 13 келісім-шарт және 19 лицензия мен жұмыс жасауда. Оның ішінде 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14-нің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер қойнаушыларды анықтау мақсатында 90 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 4 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 32 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 83 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 3,8 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 20 рет және экология департаментіне 20 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданған.
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 35 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖАҚЫНДАДЫ
12 айда ауданға 34,6 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. Оның 21,2 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен атқарылды. Жоспар бойынша инвестиция көлемі 30,1 млрд.теңге болатын. 2024 жылы 32,4 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» ЖШС – 400 гектар алаңда жеміс шырынын тікелей сығу өндірісін іске қоспақ. Жоба құны – 8,5 млрд.теңге болмақ. Ол арқылы 54 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, Шорнақ ауылынан ЖК «Sauran Plast» – қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешені. Жоба құны – 500 млн.теңге. Өндірістік кешен іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шыпан ауылынан ЖК «ASIABRAND» – отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі басталады. Жоба құны – 800 млн.теңге тұрады. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылмақ. Теке ауылынан ЖК «ND PLAST TURAN» – тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүзеге асырылады. Жоба құны – 300 млн.теңге тұрады. Мұнда 10 адам жұмыс жасайтын болады. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» ЖШС – жұмсақ жиһаз өнеркәсібі. Жоба құны – 500 млн.теңге болады. Бұл кәсіпорын іске қосылғанда 50 жергілікті тұрғын жұмыс жасамақ. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» ЖШС – демалыс орны және қонақ үй құрылысын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 2,2 млрд.теңге. Еңбекші Диқан ауылынан ЖК «ӨЗЕН» – демалыс орны. Жоба құны – 350,0 млн.теңге. Демалыс орны ашылған кезде 35 адам жұмыспен қамтылады. Қаражон ауылынан ЖК «Ердәулет» – демалыс орны. Жоба құны – 350,0 млн.теңге тұрады. Демалыс орны арқылы 85 тұрғын жұмысқа кіріспек. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» ЖШС – жол бойындағы қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 424,0 млн.теңге тұрады. Жоба іске асқан кезде 20 адам жұмыс жасамақ. Абай ауылынан «SAKETAU Resort» ЖШС – отбасылық демалыс орны. Жоба құны – 150,0 млн.теңге тұрады. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС – 20 МВт күн электр станциясының құрылысы. Жоба құны – 8,0 млрд.теңге тұрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.
Сауран ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұған мемлекет, үкімет, қаржылық ұйымдар мен әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі – 106,1% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге (108,3%), мал шаруашылығы – 30,5 млрд. теңгені (100,8%) құрады. Өткен жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды (104,6 %). Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты.
2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны – 14,5 млрд. теңгеге 9 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны – 7,9 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» ЖШС мақта майын өндіру цехы, жоба құны – 500 млн теңге тұрады. Ол арқылы он адам жұмыспен қамтылады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» ЖШС сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны – 2,3 млрд теңге тұрады. Ол арқылы 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны – 578 млн теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыс табады. Жаңа Иқан ауылынан «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіруді көздеп отыр. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге тұрады. Бұл әдісті меңгерген 15 маман жұмыспен қамтылады. Жібек жолы ауылынан «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізгелі отыр. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 30 адам жұмыс жасамақ. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» ЖШС мақта кластері жобасы, жоба құны – 1,5 млрд теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 29 адам жұмыс жасайтын болады. Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. 2024 жылы – мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы – мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы – мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы – мата шығару жобасын бастайтын болады. Бұл жоба өз кезегінде аудандағы мақташылардың өзекті мәселесін шешіп қана қоймай, мақтаны тереңдете өңдеудің алғашқы қарлығашы атанбақ.
Қазіргі таңда ауданда мал саны – 583 378 бас, құс саны – 174 187 басты құрады. Сол арқылы бүгінгі күнге 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны – 6,6 млрд.теңгеге ірі 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» ЖШС-нің 2 жобасы басталады. Олар 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны – 2,1 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Екіншісі 1гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы басталады. Жоба құны – 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды бастайды. Жоба құны – 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асырылған жағдайдаа 100 адам жұмысқа қабылданады.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЕЛ ДӘУЛЕТІН ЕСЕЛЕЙДІ
Қазіргі таңда Сауран ауданының жастары «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуда. Бүгінге дейін «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 274 адам құжат тапсырды. Оның жалпы құны 1 494 млн. теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде, 191 жобаға 1267 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мал шаруашылығы бағытында – 165 жоба мақұлданды. Оның жалпы құны 1005 млн. теңгеге жеткізілді. Өсімдік шаруашылығы бойынша 9 жоба басталды. Оның жалпы құны – 54 млн. теңге болады. Балық шаруашылығы бойынша екі жоба басталды. Оның жалпы құны – 17 млн. теңге болады. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері бойынша құны – 124 млн. теңге тұратын бес жоба мақұлданды. Өз кәсібін ашуға құны 68 млн. теңге тұратын он жоба ұсынылды.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 149 шаруа өзге облыстан 2918 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды. Шаруаларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жер аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша 29,5 мың гектар ортақ жайылымдарды қайтару жоспарланып, оның 32,5 мың гектары қайтарылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.
ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Қазіргі таңда Сауран ауданының орталығы Шорнақ танымастай өзгерді. Айналасы үш жылда әсем ғимараттар бой түзеп, әкімшілік іскерлік орталығы салына бастады. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлініп, бес ғимараттың құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңға әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүруде.
Орталық спорт кешенінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 1 787,0 млн. теңгеге бағаланып отыр.
Сонымен бірге 500 орындықты Мәдениет үйі мен Жастар орталығының құрылысын салуға бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның да жалпы құны – 1 952,649 млн. теңгеге бағаланды.
Әкімшілік іскерлік орталығынан қосымша нысандардың құрылысын салуды қажет етеді.Атап айтқанда, әкімшілік іскерлік орталығының жолы мен аяқ жолы, көше жарық бағаналарының құрылысын салу қажеттігі байқалды. Бұл жобалардың жалпы құны – 5 млрд 798 млн. теңге болады. Ол арқылы жүргізілетін жолы мен аяқжолының ұзындығы – 6,144 шақырым, жарық бағаналары – 928 данаға жеткізіледі. Рәміздер және орталық алаңын салуға 771 млн. теңге бөлінбек.
Сонымен қатар, 12 гектар аумаққа ауданның «Орталық саябағын», 500 келушіге арналған емхана құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттары рәсімделуде. Жеке инвестиция есебінен 300 орындық «Оқушылар сарайын» салуға «Salauatty Bala» ЖШC-і ниет білдіріп отыр.
ОНДАҒАН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ
Соңғы он бес жыл көлемінде елімізде «инфрақұрылымы жасалмаған» деген желеумен тұрғындардың жеке үй салып алуына тыйым салынған болатын. Бүгінгі таңға ауданда 1 008 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бюджеттік мекемелерде істейтін 358 азамат аудан орталығына өзге аудан, қалалардан келіп жұмыс жасайды. Осы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында аукцион өткізіліп, қорытындысы бойынша 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 5 мекеме анықталды. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Аталған құрылыс нысандарына орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 300 м3 сарқынды су тазалау имаратын салуды қажет етеді. Жоба құны – 1 млрд 039 млн. теңге. Жалпы, өнімділігі – 1 тәулікте 300 м3, кәріз желісінің ұзындығы – 4175,0 метр, құрылыс аумағы – 2940,0 м2 болып саналады.
Бүгінгі күні аудан орталығымен қатар он екі ауылдық округтегі отыздан астам елді мекендері қатар дамуда. Мәселен, Бабайқорған елді мекенінде екі жыл көлемінде тоқтап қалған спорт зал ғимаратының құрылысы қайта жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың қаңтар айының соңына пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округінің Бабайқорған елді мекеніне клуб, кітапхана салу құрылысына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қосымша елді мекендерде 45 әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар құрылысын салу үшін жер телімдерін аукцион арқылы беру белгіленген. Оның 29-ы кәсіпкерлік, 16-ы әлеуметтік нысан.
ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Саурандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру бойынша ағымдағы жылы коммуналдық сала бойынша 74 жоба әзірленуде. Оның 60-ы меморандум арқылы жасалады. Қазіргі таңға 44 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейді. Қазіргі таңға ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 92 пайызды құрайды. 33 елді мекеннің 32-і ауыз су құбырымен қамтылған. Егізқара елді мекенге «кешенді блок модуль» қондырғысын орнатуды қажет етеді. Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендеріне 4 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке 8,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Ал, Еңбекші Дихан елді мекенінің жобасы сараптамаға жолданды. Қараша айында 29 елді мекенге тозығы жеткен 68 дана су сорғылары алынып, орнатылды.
Электр қуаты бойынша мониторинг жүргізу барысында 32 елді мекендегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткендігі байқалды. Осы бойынша қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мұның бағасы 5.7 млрд. теңгеге жетпек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.
Ауданның газбен қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрайды. Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, жеті елді мекен табиғи газға қосылды Олар Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Бершінтөбе ауылдары.
3 жыл бұрын мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы жүргізілген 2 елді мекендегі ішкі газ құбырларын 2 ай көлемінде табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде Ибатада 1850 абонент жеткізуші газ құбырына ауамен сығымдау және ақауын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 44 көшенің 14 дайын. Ойық-40 абонент жұмыстары басталмаған.
Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 16,5 млрд. теңге құрайды. Магистральдың жоба құны – 5,6 млрд теңгені құрайды. Ал, Шорнақ ауылдық округіне магистральды газ құбырына жоба әзірленіп, сараптамаға жолданды.
2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірлеу жоспарлануда.
Ауданда аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 87 көшенің топырақ жолына 72 шақырым тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың қыркүйек айына дейін 118 шақырым топырақ жолға тас төселеді. 12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, бес көпірді ағымдағы жылы 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда.
Аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тысамалына 6 бағыт ұйымдастырылып, 3 бағыт тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазан-қараша айларында 6 полигонға қоршаулар мен қарауылханалар салынды және 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.
2024 жылы 6 елді мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады.
Ауданда аз қамтамасыз етілген және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде көрсетілуде. 2023 жылғы 12 айдың қорытындысымен 629 отбасыға (3938 адам) атаулы әлеуметтік көмек төленіп, кедейлік шегі шеңберіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,9%-ын құрады. Көмек алған отбасылардың 1202 балаларына қосымша қаржылай төлем жасалынды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» еңбек бағытында ағымдағы жылы 12 айда 7998 азамат жобаға қатыстырылды. Оның ішінде: жастар практикасына – 550, ақылы қоғамдық жұмысқа – 1158, әлеуметтік жұмыс орындарына – 272, алғашқы жұмыс орындарына – 68, «Күміс жас» жобасына – 122 адам жолданды. Тұрақты жұмыспен 2287 азамат қамтылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 972 азамат оқытылып сертификат алды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 100 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Жастарға өз кәсіптерін ашуға 14 адам жеңілдетілген шағын несиемен қамтылды.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙДІ
Биылғы жылы Сауран ауданында жаңбыр, қар жылдағыдан көп түсуде. Осыған орай, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 12 ауылдық округтерінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шаға және Құрсай өзеніне дейін 1 шақырым дамбы көтеріліп қашыртқы қазылды. Құрсай өзенінен Бершінтөбе елді мекені арқылы аэропорт жолына дейін өзен арнасын 7,7 шақырым кеңейту жұмыстары жүргізілді. Шаға ауылының ішінен өткен арықтарға 3,2 шақырым механикалық тазарту жұмыстары атқарылды. Ынталы елді мекенінің тау жақ беткейіне ұзындығы 500 метр бөгет жасалынды.
Бабайқорған ауыл округі бойынша Қанай кеткен арнасынан Көпірге дейін 300 метр, Омбай арнасынан егістік алқабына дейін 350 метр, Ақсай арнасынан көпірге дейін 300 метр траншея қазылды. Тасмола егістік алқабына дейін Қарабұлақ өзенінің табаны 300 метр тазартылды. Бабайқорған елді мекенінде орналасқан су жүретін қашыртқы арықтарды тазартылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жалпы 1600 метр, Иассы ауылдық округінде 2000 метр, Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекенінен 3000 метр қашыртқы қазылды. Сонымен қатар, 40 тонна қыс мезгіліне инертті материал (тұз) алынып, ауыл округтерге жалпы 4800 дана қап таратылды.
Аудандағы 21 елді мекенде (58,3%) 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 2 елді мекенде (11,1%) интернет желісі мүлде жоқ (Егізқара, Ойық). Қазіргі таңда 7 елді мекенге тексеру жұмыстары жүргізілді. Өңірлік инспекция тарапынан тексеру жұмыстарының нәтижесінде байланыс операторларына 80 миллион теңге айыппұл салынды.