ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙ ҚОЛА АЙНАСЫ ТҮРКІСТАННАН ТАБЫЛҒАН БА?

0
39

Қазақстанда мекендеген б.з.д. V-ІV ғғ. сақ тайпаларының молаларын зерттегенде сырты аң стилімен бедерленген айналар табылған. Көне түсінік бойынша айна сиқырлы күшке ие зат болып саналып, айналарды құрбан шалу тастары мен әшекей бұйымдарымен қосып мәйітпен бірге көметін болған. Сарматтар оларды әдейі сындырып молаларға көмген. Ежелгі көшпенділерде айнаны сындыру дәстүрі белгілі бір мән-мағынаға ие болғаны мәлім. Олардың кейбірі отпен күйдірілетін болған.
Орталық Азиядан табылған мұсылман айналарында негізінен бірыңғай сюжет түрінде қарамақарсы орналасқан фантастикалық жаратылыстар – жұп сфинкс бейнеленген. Сфинкс – бейнесін насихаттау жайдан жай емес. Ежелгі және Ортағасырлық дәуір лерінде жергілікті тұрғындардың сүйікті бейнелері болған. Бұл тұрғыдан олар сфинкс бейне сі арқылы әлдебір жанды мақұ лықтың қасиеттерін табиғат құбылыстарын жанды зат бейнесінде етіп көрсеу және жақсылық пен жамандықты дуализммен ұш тас тыру арқылы көрсетеді. Айналарды біреуге беретін сыйлық ретінде тұрмыстық қажеттілікке жатқызғанымен, олар дың иесіне берілетін магиялық сиқырлары және қорғау мейірбанды қасиеті бар сакралды маңызға ие зат ретінде қараған. Қазақстан аумағындағы Текеліден табылған айнада әйел бастары бейнеленген. Ал қытайлар болса, қола айна адамдарды аурудан сақтайды деп есептеген. Айналар Қытайда 4 мың жыл бұрын пайда болған. Олар ауру-сырқау жын-албастылардың басынуынан деп ойлап, қола айнаның жарқыраған сәулесі жын-албастыларды қуалайды деп сенген. Сондықтан, шаман – бақсылар ауруды емдегенде қола айнамен науқастың ауырған жерін тарайтын болған. Қытайда қола айналарды жасау кең көлемде дамыған. Олардың ерекшеліктері – айна бетіне әр-түрлі ою-өрнектер мен жазуларды түсіреді. Қытайда қола айналардың қолданылуы мен оның басты нысанасы пәле-қазаны аластатып, әділет орнату деп түсіндірген. Шын дап қарағанда қола айна тек бет көрсететін аспап қана емес, оны Қытайдың қоғамдық өмірі мен мәдениетін әлемге кеңінен таратып жатқан мәдени тасымал құралы деп қарауға да болады. Қытай айналары Ұлы Жібек жолының ашылуына байланысты құнды мәдени зат ретінде Орталық Азия өңіріне кеңінен тарала бастайды. Айна Орталық Азия өңірінде жергілікті тұрғындардың ерекше сұраныстарына ие болған. Бұған осы өңірде жүргізілген археологиялық қазбалар барысында толассыз табылған жәдігерлер дәлел. Оған Ертіс бойындағы Шемо найха ауданындағы қорымдардың ішінен археолог Ф.Арсланова тапқан айнаны айтуға болады. Қазір бұл жәдігер Өскемен дегі мұражайда сақтаулы. Бұл қола айнада айдаһар туралы көне түркі жазуы бар. Жазуды оқы ғанда «жебеуші жирен қызыл айдаһар» деген мағына берген екен. Демек, айдаһардың бейнесі адам санасында құдіретті дүлей күштің иесі ретінде танылып, қытайлар айдаһарға барынша табынған. Батыс Қазақстан облысындағы Елек өзені бойынан да көшпенділердің қорғанынан ІХ-Х ғ.ғ. тән шеңбер түріндегі Қытайдың қола айнасы табылған. Оның өлшемі 17,1 см қалыңдығы 0,2-0,3 см Бұл айнаның жиегінде дөңгелене мәтін жазылған. Тақырыбымызға арқау болып отырған музей қорындағы Түркістандағы Қытай қола айнасы деп отырған айнамыз 1997- 1998 жылдары, Ескі Түркістан қаласының Тоған қазбасының төртінші құрылыс қабатынан табылған болатын. Қазір айна музей қорының құнды жәдігерлерінің бірі ретінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік музейі ӘСММ КК 980/ АБ-қл-418 номерімен тіркеулі. Айнаның диаметрі 13 см, ол сары түсті қоладан жиектері сегіз жапырақты болып келетін формада құйылған.
Ортасындағы сабы сынып қалған. Айнаның адам беті көретін беті сақталмаған, сыртқы бетінде сынған саптың орнын айналдыра бұлттар арасында ұшып жүрген екі қасиетті айдаһар бейнесі бедерленіп салынған. Олардың төменгі жағына үш аяқты құрбандық шалатын қасиетті ыдысы «трипод» бейнеленген. Бұл қола айна туралы т.ғ.к. М.Тұяқбаев Түркістан облысында бұрын айдаһар бейнелі айналар кездеспегендігін, айнаның шамамен ғасырларын анықтау үшін Е.И.Лубо-Лесниченконың «Привозные зеркала Минусинской котловины» деген кітабына жүгінгендігін және осыған ұқсас ХІ-ХІІ ғғ. тән айна Краснояр өлкетану мұражайында сақтаулы тұрғандығын айтады. Сондай-ақ, ол айнаның ғасырлары ХІ-ХІІІ ғасырлармен мерзімделгендігін, бірақ оның жиегі сегіз бөлікке бөлінбей тегіс шеңбер түрінде жасалғандығын және диаметрі 9,5 смге ғана тең екендігін, бұған қоса, онда құрбандық шалу ыдысы мен жер бетінің бедері түсірілмегендігін айтады. Айна сыртындағы бедерленген айдаһардың бейнесіне қарап, жергілікті шеберлердің жасаған көшірмесі деуге де болады. Айнаның түпнұсқа екендігін дәлелдеу үшін спекторлық анализ жасату қажет. Үржар ауданынан Қытайдың VІІ-Х ғғ. тән қола айнасы қазбадан табылған болатын. Қазiр ол Эрмитаждағы шығыс бөлiмi қорында сақтаулы тұр. Бұл қола айнаның жасалуы технологиясы Қытайдiкi болғанымен, оның сыртына көне түркi таңбалары бедерленген. Бұған қарап ерте орта ғасырларда Түркі мен Қытай мәдениетінің бір-біріне еткен әсерін байқаймыз. Үржардан табылған қола айна шеңберінің диаметрі – 13 см. Айна Тан әулеті заманында жасалынған. Сипаттамасында «Айнаның сырт жағы сегіз жапырақшадан тұратын лотос гүлінің формасындай болып жасалынып, лотос гүлді табақшаның ортасында өсімдіктің, құстың бейнелері бұдырлана салынған деп суреттелген. Түркістаннан табылған айнаның сыртындағы бедерлі суреттері сәйкес келмегенімен өлшемдері мен сегіз жапырақшадан тұратын пішіндері өте ұқсас. Оған қоса, Түркістаннан табылған қола айнаның ХІІІ ғасырдан сол кезде айнаны реставрация жасаған Қ.Қошқаровтың айтуынша оның сынып қалған сабының бірнеше рет қола сияқты ақ металмен қайта дәнекерленгені байқалған яғни, айна ұзақ уақыттар бойы қымбат та қасиетті зат ретінде ұрпақтан ұрпаққа өтіп, бірнеше жөндеуді бастан кешіріп, кейінгі ғасырларға жеткен Қытайдан әкелінген айна болуы керек деп жорамалдаймыз. Әйтседе, бұл айна Қытайда жасалды ма, әлде жергілікті ұсталар жасады ма деген сұраққа жауап беру үшін әлі де терең зерттеулер қажет екендігі мәлім. Тақырыбымызға арқау етіп музей қорындағы ерекше жәдігерді зерттеу барысында, адамдар айналарды ерте замандардан пайдаланғандығын және қажетті зат ретінде тіпті алыс шетелдерден сатып алғандарына көз жеткіздік. Сонымен бірге Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылық білдіріп, мұраларымызды ұлықтап, оның көп көлемде танылуына үлес қосам деушілерге мәлімет бердік.

Әшіркүл ЕГЕУБАЕВА, қор сақтау бөлімінің қызметкері

ТҮРКІСТАН: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ МУЗЕЙІНДЕГІ ҚҰРАНДАР
«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің қор сақтау бөлімінің ең бір мағыналы бөлігін құрайтын жәдігерлердің бірі Құран Кәрім кітаптары. Музей қорында Құрандар көптеп кездеседі. Олар – ХІХ ғ. мен ХХ ғ басында Ташкентте, Қазанда, Уфада, Бұхарада және Санкт-Петербургта тас баспада басылған көне құрандар, қолжазба құрандар және жаңа заманғы басылған құрандар. Сонымен қатар, Үндістанда, Каирда және Стамбулда басылған құрандар да бар.
«Құран» – (арабша ең алғаш алақ сүресінің «иқра» яғни оқы аятымен түскендіктен) «оқылатын нәрсе», «кітап» болып аталған. Құран Аллаһ тарапынан жіберілген иләһи кітаптардың соңғысы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) Жәбірейіл (а.с) періште арқылы түсіріліп, мусхафтарда жазылған бұлтартпас шариғи дәлел яғни Алла Тағаланың сөзі. Діни тұрғыдан алғанда Құранның мақсаты ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты түбірімен жоқ ету, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын қалыптастыру, сондай-ақ яһудилердің дініне қарсы тұру, Алла Тағаланың өзі сүйген құлдарын адастырмай тура жолға салу еді. Осы негізде жаңа дінге – «Ислам» деген ат берілді. Оның мәнісі жаратушы Хақ Тағала әміріне еркімен бас июшілер дегенді білдіреді. Қасиетті Құран басқа әдебиеттер сияқты кіріспе және негізгі бөлімдерден тұрмайды, ол тізбекті емес тармақталған құрылымнан тұрады. Алла Тағала әртүрлі уахи жолдары арқылы сөздерін пайғамбарларға жеткізген. Пайғамбарлардың жіберілуі арқылы Аллаһ Тағала адамдарды жаман жолдан қайтарып, тура жолға салып отырған. Құран Кәрім Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбарға 23 жыл ішінде біртіндеп те, топтап та көктен түсіріліп тұрған. Құран фәни-бақи өміріне қатысты барлық сұрақты қамтиды және бәріне жауап береді. Бүкіл ғылымның шешуі Құраннан табылады. Сондайақ Құран Кәрімнің басқада есімдері бар, алайда «Құран» есімі солардың арасындағы ең көп қолданылған есім болып табылады. Құранның басқа атаулары олар: 1) Әл-китаб, 2) Нур, Мубин, 3) Кәлам, 4) Фұрқан, 5) Мусхаф және т.б. 1) «Әл-Китаб» Бұл Құран Кәрімдегі ең алғашқы деп аталған, есімі. Бұл жайында Аллаһ Тағала «Міне, осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (Бақара сүресі 2 аят) Әл-китаб «кітап» деп аударылады және де «бір жерде жинау, міндетті ету» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Құранда 230 мәрте кездеседі. 2) «Нұр, мубин» «Нұр» деген мағынаны береді. Құранда 24 жерде кездеседі. «Расында, сендерге Аллаһтан нұр және мубин ашық кітап келді» (Мәидә сүресі 15 аят). Бұған қоса «Нұр» деп аталатын толық бір сүре бар. 3) «Кәлам» «сөз» деген мағынаны білдіреді. «Кәламуллаһ» Алланың сөзі. «Тәубе сүресінің 6 шы аятында «Егер мүшіріктерден біреу сенен пана тілесе, ол Алланың сөзін тыңдағанға дейін оған пана бер, одан соң оны бейбіт орынға жеткіз» деп бұйырған. 4) «Фурқан» деп аталу себебі ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы. 5) «Мусхаф» деп аталуының себебі Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Құран Кәрім екі жерде – Мекке және Мәдина қаласында түсті. Сондықтан сүрелердің басында «Меккелік» және «мәдиналық» деп жазылады. Құран Кәрімде 114 сүре, 6666 аят бар. Құран Кәрім Мұхаммедке (с.а.у) VII ғасырда жіберілген қалпында сақталған, оған ешқандай өзгерту енгізілмеген. Алла Тағаланың өзі Құранды мәңгілік етуі үшін оны араб тілінде түсіріп, сол тілде қалуын нәсіп еткен. Бұл жайлы Алла Тағала «Шұғара» сүресі 198-200 аяттарында: «Егер біз (Құранды) арабқа емес, өзге біреуге түсірсек, оқып берер болса, бәрібір сенбеген болар еді. Күнәһарлардың көңіліне біз оны осылайша кіргіздік» деген. Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) өзіне пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрған кезде, біраз уақыт Меккеге жақын Хира тауындағы үңгірде оңаша отыратын болған. 610 жылы қасиетті Рамазан айының қадір түнінде дүйсенбі күні Хира тауындағы үңгірде оған уахи келген. Оған періштелердің ең ұлысы – Жәбірейіл (а.с) Алланың әмірі бойынша пайғамбарымызға келіп «Оқы» дейді де бұл әмірді үш рет қайталайды. Пайғамбарымыз «Не оқиын?» деп сұраған кезде Жәбірейіл (а.с) «Алақ» сүресінің бес аятын жеткізеді. Осылайша алғашқы уахи келіп Құран түсе бастайды. Жалпы Құран 23 жыл аралығында түскен. Бұл қасиетті кітап бұрыннан бар, бұған «қадим» деп айтылады. Кейіннен жаратылған емес. Құранның сөзі араб тілінде жазылған. Мұны құрастырған Алла Тағала. Мұхаммед (с.а.у) тің мұғжизаларының ең үлкені және ол адамның сөзіне ұқсамайды. Құран Кәрім – ахками илаһи (Алланың үкімдері) болып саналады. Құранда жазылғандай «Бұл кітап тақуаларға тура жол көрсетуші» (Бақара сүресі, 2 аят) делінген. Бұл кітаптың «бір сөзіне, не болмаса бір әрпіне күмән келтірген адам діннен шығады». Бұл Жаратушының белгілеген заңдары деген сөз. Алла Тағала Құран Кәрімде құлдарының бақытқа жету жолын көрсеткен және өзінің сөзін адамдардың ең ұлысына жіберген. Себебі оны пайғамбарымыз ғана түсінген және оны өзінің хадистерімен түсіндірген. Құранға толық және анық тәпсір жасаған адам Мұхаммед алейһиссалам. Құранды басқа ешкім толық түсіне алмайды. Сахабалардың өзі араб тілді бола тұра, кейбір аяттардың мағынасын түсіне алмай, оны Пайғамбарымыздан сұрайтын болған. Дұрыс тәпсір кітабы да – оның хадис шәрифтері. Құран Кәрімнің басқа тілдердегі аудармалары Құран деп есептелмейді. Олар «Құран Кәрімнің түсіндірмесі» деп аталады. Мұсылмандар Құранды Алла Тағаланың түсірген қалпында оқуы тиіс. Құрандағы «аяттың мағынасын түсіну» деген сөз, «Алла Тағаланың осы аятта не дегісі келетінін түсіну» дегенді білдіреді. Мағынасын білмей оқу да сауап әкеледі, ал мағынасын түсініп оқыса әрине үлкен сауап болып саналады. Сонымен Құран Кәрімнің кейінгі ғасырларда ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерін осыдан 14 ғасыр бұрын яғни технология дамымаған кезде дөп басып айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Ислам дініне бас идірген. Сондай жаңалықтардың бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады: «Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды» (Рахман сүресі, 19-20 аят). Бір-бірімен қосылып жатса да сулары араласпайтын теңіздердің жоғары аятта айтылған ерекшелігі осы. (Бұл Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің түйіскен жері бірақ бір біріне суы қосылмайды.) Мұны қазіргі ғалымдар енді ғана біліп жатыр. Пайғамбарымыз көзі тірісінде уахи түсіп тұрғандықтан, оны кітап етуге мүмкіндігі болмады. Ал Құран Кәрімді кітап етіп шығару араб халифатының тұңғыш басшысы болған Әбу Бәкірге нәсіп болды. Пайғамбарымыз дүниеден қайтқаннан кейін 6 ай өткенде Әбу Бәкір өзіне Зайд ибн Сәбитті шақырып алып, қасиетті жазбаның жер-жерге тарап кеткендерінің бәрін жинастыруға тапсырма берді. Зайд ибн Сәбит Құранды қатесіз, қабылдаған түпнұсқасын сақтай отырып, өз қолымен төрт дана етіп көшіріп шықты. Оспан оның осы еңбегі үшін қазынадан 100 мың дирһам сыйлық бергізді. Сонымен Құран бірнеше дана етіп көшіріліп, Ислам елдерінің басты қалаларына жіберілді. Бұл оқиға һижраның 30-жылдары, миладише 650 жылдары болған еді. Міне сол кездегі текст әлі күнге дейін өзгеріске түспей, таза қалпында сақталып келеді. Ол кезде Құран сүрелері құрма жапырақтары мен қабықтарына, ағаштан жасалған маңдайшаларға, ақ түсті тастарға, түйелердің тегіс, жалпақ жауырын сүйектеріне, тері бөлшектеріне жазылған. Себебі ол кезде жазу үшін керекті қағаздар жоқ еді, әрі аз болатын. Сонымен әрбір мұсылман баласы Құранды өзі ғана оқып, үйреніп қоймай, бала-шағасына да үйретуге міндетті. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у) хадис-шәрифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз» деген. Мұнымен қатар сахабалар мен өзінің жолын қуушыларға Құран аяттарын неғұрлым молынан жаттап алуды үндеп, жатқа көп білгендер қиямет күні Алланың мейір-шапағаты мен зор сыйлығына ие болады деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) өз хадисінде: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады» деген. Мұнымен қатар Құран рухани ауруларға да қарсы шипа көзі. Дәрі-дәрмекпен емделмейтін аурулар Құраннан шипа табады. Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам құранға мұқтаж және оны оқыған адамның көзі нұрланады әрі тура жолды табады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) «Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар келеді, періштелер кірмейді, үй-ішіне тынышсыздық келеді, жақсылық азайып, жамандық көбейеді», деген. Құран жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у) тағы бір хадисінде: «Үмбетімнің жасаған ғибадаттарының ең құндысы Құран Кәрімді мусхафқа яғни (кітапқа) қарап оқу» деген. Хазіреті Әлиде бір сөзінде: «Намазда оқылған Құранның әр әрпі үшін 100 сауап жазылады. Намаздан тыс дәретпен оқылса, әр әрпі үшін 25 сауап, дәретсіз (жаттан) оқылса он сауап жазылады деген. (Алайда, Құран Кәрімді дәретсіз ұстауға болмайды). Жүріп бара жатып немесе жұмыс істеп отырып жаттан оқылса, аз сауап жазылады. Мағынасын түсініп бір аят оқу, басқа нәрсені ойлап отырып бүкіл Құранды оқудан артық». Құранды Алла Тағаладан қорқып отырып, мұңмен оқу керек. Сүре немесе аят оқығанда «әузу бисмилламен» бастау уәжіп. Басқа сүрелерді «Бисмилләмен» бастау – сүннет. Құранды тәжуид қағидаларына сай оқу керек. Құранды кітап бетінен оқыған кезде мына жайттарға назар аударылуы керек: 1) Дәретпен оқылуы тиіс. 2) Асықпай мағынасын түсініп оқу, мағынасын түсінбесе де ақырын оқу керек. 3) Жылап отырып, оқу керек. 4) Әр аяттың мағынасын сезіне отырып оқу керек. 5) Оқуды «әузу бисмилламен» бастау керек. 6) Ақырын дауыспен, тәжуидке сай оқу керек. 7) Құран Кәрім – Алла Тағаланың кәламы, сөзі. Осыны назарда ұстап оқу керек. Жалпы айтқанда ата-бабаларымыз қиын кезеңдерде осы қасиетті кітапты толықтай сақтап, оны болашақ ұрпақтарына жеткізген. Біз де бұл кітапты көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Құран – мұсылман жұртына ғана емес, күллі адамзат баласы үшін ең құнды кітап болғандықтан оны оқып, өзгелерге үйрету мұсылманның міндеті. Құран Кәрім адамдарға әрі шипа, әрі тура жол көрсетуші.

Жанат МАЙЛЫБАЕВА, қор сақтаушы

Leave a reply