ТҮРКІСТАН: ТАБЫЛҒАН ҚОЛА ДӘУІР ЕСКЕРТКІШТЕРІ ҚАЛАЙ ӨРНЕКТЕЛГЕН?
Қазақстан аумағында балшықтан жасалған алғашқы бұйымдар неолит дәуірінде пайда болған. Сол дәуірлерде адамдар мал бағып, жер өңдеуге кірісті, балшық илеп, түбі дөңгелек келген, қарапайым ою салынған ыдыстарды отқа салып күйдіру кеңінен тарады. Андронов мәдениеті қалыптасқан қола дәуірлерде бір қалыппен қарабайыр болып жасалған қыш ыдыстардың түрлері өзгеріп, оюлары күрделеніп, әдемілене бастағанын, ең көп тараған аймағы Орталық Қазақстанан табылған артефактілерден көруге болады. Соңғы жылдыры өркениетің кіндігі болған Оңтүстік Қазақстаннан да, андронов мәдениетіне қатысты мәдени ошақтар табылып, олардан шыққан артефактілер қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан » қорық музейіміздің құнды дүниелеріне айналған.
Бұл күндері Шербай қорымынан табылған б.з.д. ХV-ХІVғ.ғ. тән. қыш ыдыстар, «Шербай мәдениеті» деген атпен ғылымда лайықты бағасын алып отыр. 2000жылы Түркістан археолгиялық экпедициясы Шойтөбеден оңтүстік батысқа қарай 2 км жерде орналасқан алып құмтөбеде барлау жұмыстарының нәтижесінде көптеген артефактілер тапқан. Жалпы Шербай қорымының аумағы 52,5 гектар жерді алып жатқандықтан, қорымды үш бөлікке бөліп, батыс бөлігін Шербай І, солтүстігін Шербай ІІ, шығысын Шербай ІІІ деп қарастырған. Негізі археологиялық зерттеу жұмыстары Шербай І бөлігінде (жалпы саны 17 қабір) жүргізілген. Қорымнан табылған металл,тас артефактілермен қатары отызға жуық қыш ыдыстар коллекциясы қазақ жері үшін үш мың жыл бұрын мекендеген елдің заттай көзі деуге тұрарлық. Ғалымдар Шербай қорымынан табылған қыш ыдыстардың, Оңтүстік Қазақстандағы Таутары қорымына өте ұқсас екендігі анықтап, Шербай қорымын андронов мәдени-тарихи қауымдастығына енетін федоров мәдениетіне жатқызады. Мұны С14 әдісімен қабірлерден алынған б.з.б. ХҮІ-ХІҮ ғасырлар деп көрсеткен мерзім де нақтылай түседі. (Байпақов,Таймағамбетов, 2009, 177 ). Біз Шербай, Шпан мәдениетінен табылған ыдыстарды қарастыру кезінде ғалымдардың Орталық Қазақстан қыш коллекциясын жіктеу, жүйелеу барысында А.И. Мартынов, Я.А. Шер және В.Ф. Генингтің заттардың өзара байланыстылығын анықтауға арналған археологиялық зерттеулер әдістерін негізге алғандықтарына назар аудардық. Сонымен бірге әсіресе ерекше қола дәуірі коллекцияларын ғылыми каталогтаудың кейбір әдістерімен айналысып жүрген ҚРМОМ ғылыми жетекшісі Х.А Айтқұлдың колекцияларды жүйелеу жұмыстарымен таныстық. Маман кезеңдер мен түрге топқа және жіктеуге сай артефактілерді географиялық (тұрмыстану орны), хронологиялық (жасалған уақыты және тұрмыстануы), тақырыптық, заттық (қолдану-пайдалану орны) топтарға бөлумен қатар, коллекцияны жүйелеу жұмысын – материалдарды ескерткіштер, кезеңдер және түрге (тип) сай топтастырумен түсіндіреді. Біз де Шербайдан табылған қыш артефактілерді жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып қолданыс аясына сәйкес бөліп көрдік. Қыш ыдыс пішініне; және технологиялық жасалу тәсіліне (қолмен пішінделіп сомдалған, көзе шарығында пішінделіп сомдалған); сондай- ақ, жасалған материалдың құрамына (құм, қиыршық қоспалы балшық) белгілеріне қарай жіктеледі. Сонымен қатар қола дәуірі қоныстарында барынша жиі ұшырасатын қыш бұйымдарды жіктелуі бойынша ыдыстың пішіні мен өрнегіне, өрнек түсіру техникасы бойынша бөліктерге бөлінуіне назар аудардық. Мәселен бірінші бөлікке – тікше (банка) ыдыс: ернеуі кең; биік, қабырғасы тік, тегіс немесе бүйірі білінбейді деуге болады. Бұл Шербай қорымындағы ыдыстардың көпшілігіне тән. Екінші бөлікке – куб пішінді ыдыс, бұлар да екі түрге: иықшасы дөңгелектенген; иығы иінделген болып бөлінеді. Үшінші бөлікке – қазанға келтіріліп жасалған ыдыс, өрнегі жоқ, қара-сұр, сұрғылт түсті болып келеді. Табылған ыдыстардардың ішінде пішімделуі әдеміленіп, өрнексіз болып құмыра тәрізденіп жасалған ыдыстарды бұл аймаққа сырттан әкелінген ыдыстар қатарына жатқызады. Ыдыстардың түбі тегіс, орнықты, кейбірінің түбінің шеті сәл шығыңқы болып келген. Ыдыстардың сыртқы беті жіңішке, тегіс қалыппен түсірлген өрнектер, жіңішеке сызба жолақтармен, ішінара тісше қалыппен өрнектелген. Өрнектер түрлері көбінесе ирек сызықтар қатары, үшбұрыштар тізбегі, шырша жолақтары және үзік жолақтар кездеседі. Өрнектер белдеуленген көлденең жолақтармен бөлінген. (Т.А.Э. есебі, 2001, Шербай қорымындағы қазба жұмыстары, 136 б). Ыдыс жасауға қолданылған балшық өте тығыз болып иленіп, құрамына аздап қиыршық қосылған және ұсақталған бақалшықтар мен отқа жанған өсімдік қоспалары мен шамот қосылып жақсы күйдірілген. Археологиялық мәдениетті бөлген кезде ғалымдар тек пошымына ғана емес кыштың өрнектелуіне де назар аударады. Шербай, Шпан қорымдарынан табылған қыш ыдыстардың пішімдері мен олардың өрнектелуіне тоқталсақ. Мәселен Шербайдан табылған ӘСММ кк 1180,б.з.д. XV-XІVғғ.тән. ыдыстың (1-сурет). өлшемі бойынша, һ-15,5;d-ернеуінің -24см, d-түбі -11см. қабырғаларының қалыңдығы 0,6-08см.тең. Алқымы кең, әрі биік болып аузына қарай тарылған. Сырты ирек үшбұрышы болып таңбаланып безендірілген. Өрнектер сыртына үш қатар болып көлденеңінен түсірілген. 1-ші бөлігіне яғни мойын тұсына үш бұрыштар түсіріліп, бұрыштары жоғарға қаратылған. 2-ші бөлікке ара қашықтығы 1,5см келетін жолақ түсірілген, жиектері тарақ тістері тәрізденіп өрнектелген. 3-бөлік иықтан төмен жағы көлденеңінен тең бүйірлі майда үшбұрыштар бір сарынмен кезектесіп түсіріліп, одан төмен иректермен әшекейленген. Иректер «г» «ч» әріптері тәрізеніп кезектеле түсірілген. Осы құрылымдар біріге келіп латын «F» әріпі тәрізі өрнектерді құрайды. Өрнектер штамппен түсіріліп, үш бұрыштардың ішкі беті қысқа сызықтармен толтырылған. Түбіне үш бұрышталып келген гометриялық өрнек кезектеле түсіріліп іші қысқа сызықшалармен торланған. Ыдыс қалып көмегімен немесе сақиналы жапсырып соғу әдісімен жасалған. Келесі ӘСММ кк 1175, ыдыс ХV-ХІҮғғ.тән. (Алқымы кең, ұзын мойынды денесі аздап үрлене шығып түбі көтеріңкі әрі тегіс болып жасалған. Ыдыстың өлшемі һ-11см, ернеуінің d-10,5см, түб-d-6,5см,қабырғаларының қалыңдығы -0,5см түбінің қалыңдығы -1см. тең. Ыдыстың жоғарғы бөлігіне өрнектер ирек тісті жалпақ қалыппен (штамп ) бір қатар бойымен түсірілген. Қалыптың ұзындығы -21 мен 28мм, ал тістерінің өлшемі -1х 2мм. тең. Өрнектері жоғарда келтірген ыдысқа қараған өзгешелеу яғни, жоғарғы мойын жағына бір сарынмен кезектестіріліп бұрыштары жоғарыға қаратылып, іштері сызықтармен сызылып тең бүйірлі үшбұрыштар түсірілген. Иық тұсына да дәл солай тең бүйірлі үшбұрыштар, бұрыштары жоғарға қаратылып штамппен түсірілген. Осы қатар бойымен, бірақ бұрыштары төмен қаратылған үшбұрыштар төмен бөлігіне өрнек ретінде түсірілген. Олардың да іштері сызықтармен толтырылған. Сызықтар тарақ тістерімен немесе жалпақ штампен түсірілген болуы керек. Ыдыстарды орта қола дәуіріндегі Андронов мәдениетінің Алакөл кезеңіндегі ыдыстарына жатқызамыз. Қола дәуірлердегі көне шеберлердің ыдыс формаларының бірнеше түрін жасау технологиясын жіті меңгергендіктері жайлы түсінік беретін, Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан Шпан қорымынан табылған б.з.д ХV-ХІІғғ. жататын қола дәуіріне қатысты қыш ыдыстарға да тоқталсақ. Олардағы өрнектер Шербай ыдыстарындағыдай жасалуы бойынша бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны сыртқа қайырылған, түбі жайпақ болып, және өрнектері ыдыстың өн бойына түсіріліп, «шырша», «шаршы» және «үшбұрыш» болып келген. Шпан қорымынан табылған қыш ыдыстар пішіні жағынан және ыдыс бетіндегі ою-өрнектерінің жасалуы жағынан Е.Е. Кузьминаның жасаған кестесіндегі Қожамберді тобына жақын екенін айтуға болады. Е.Е. Кузмина Қожамберді тобын, Алакөл және Федоров топтарының араласу нәтижесінде пайда болған деген пікір айтады. Ыдыс формасы жағынан үшбұрыштар», маендрлік, «кілем тәрізді свастикалық, көлбеу, шырша, кертіктер мен штрихжолақтар және тұрақты атауы ж оқ бірқатар түрлер кіреді.Тағы да, байқайтынымыз қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа формасының–көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қыш ыдыстарды «мүйіз», «қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «табан» секілді өрнектермен әсемдеп отырған. «Қошқар мүйіз» өрнегі мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениеттерін байланыстырар ортақ белгілерін айқын көрсетеді. «Қошқар мүйіз» өрнегі ежелгі қола дәуірі тайпалары бұл өрнекпен ыдысаяқ бетін әшекейлесе, қазақтар әр түрлі бұйымдарды безендірген. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің өзі де, араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениеттерін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді. Сөз соңында айтарымыз, қола дәуіріне қатысты Шербай, Шпан қыш артефактілеріндегі өрнектердің Қазақстанның басқа аймақтарынан кездесуі, кең байтақ Қазақстан тұрғындары Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егінші жұртымен тығыз байланыста болуымен бірге, бұл аймақ адамзат өркениетінің кіндігі болғандығын тағы да дәлелдей түседі. Музей қорындағы Шербай, Шпан мәдениетінің артефактілері де Қазақстандағы қола дәуірінің коллекцияларымен бірге ғылыми каталогталу, археология, тарих, антропология, этнология т.б. гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулердің дереккөзін толықтырып артефактілері де тың ізденістерге негіз болуға септігін тигізсетін материалдар ретінде Қазақстан аумағынан табылған басқа қола дәуір ескерткіштерімен бірге халықтың рухани игілігіне айналса дейміз.
Әшіркүл ЕГЕУБАЕВА, мәдениет саласының үздігі