ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ӨҢІР МҮМКІНДІКТЕРІН ЖАНДАНДЫРУҒА АТСАЛЫСУДА

0
33

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы жә­не туризм саласымен қатар, өндіріс ошақтарын салу маңызды болып тұр. Осы бағытта өңірге инвестицияны көбірек тартып, жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда.

Айталық, жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің сексенге жуық өкілдерімен кездескен. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Че­­­­­хия, Грузия сияқты елдер бар. Оның ішінде, инвестиция тарту ба­­­ғы­­­­­тында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік ин­­­­вестормен және 10 ресми делегацияның (Шетелдік Елшілер – Бас консулдар және т.б.) кездесулері ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен өткен облыс әкімдігі аппаратының апталық отырысында айтылды.

Туризмнен түскен табыс халықтың экономикасы мен тұрмысының көтерілуіне игі ықпалын тигізеді. Қазақстанның, оның ішінде Түркістанның туризміне қолайлы, тарихи орындар, салынып жатқан небір алып нысандар, аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, жасалып жатқан көптеген игі істер жайында түннен-таңға айтуға болады. Осының бәрі түркістандықтар үшін оның бақытты тұрмысы, келген туристің жақсы серуені мен саяхаты, ең бастысы, келер ұрпақтың жайлы өмірі үшін сақталып келген, жасалып жатқан құндылықтар екені даусыз! Алдағы уақытта Түркістан туризмі дамып, өркендеп, әлем елдерімен иық теңестірері, ол жөнінде әлі талай айтыла берері де сөзсіз.

Айта кетейік, биыл Түркістан облы­­­сының жауапты басқарма басшысы (Кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­­­­­­­масы) мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапар­­­­­мен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжі­рибе жинақтап келген болатын.

Қытай Халық Республикасына іс­­сапар аясында екіжақты ынтымақ­­­тас­­тықты одан әрі дамыту және қытайлық инвестор­ларды облысқа тарту мақсатын­­да 10-нан астам компаниямен 2,6 трлн тең­­­­гені құрайтын келісімдерге қол қойыл­­ған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тар­­­тып, жобаларды жүзеге асыру жұмыс­­та­­­рын бастап кеткен. Атап айтқанда, «Тұ­ран-мебель» жиһаз шығару зауытына 2,3 млрд теңгеге құрал-жабдық сатып алған.

«Қазақстан 2023–Қытай» компания­­сының шұлық өнімдерін шығару үшін қажетті құрал-жаб­дықтарды 1,0 млрд тең­­­геге сатып алды. Жобаны іске қосу қа­­­­­­зан айының соңында жоспарлануда.

Қытайлық Пэн Шэн Групп (PengSheng Group) компаниясы жалпы құны 19,0 млрд теңгеге облыста мақта шитін өң­деу және сұрыптау, полиэтилен плен­­каларын өндіру, тамшылатып суару жаб­дықтарын өндіру және ауыл шаруашы­­лығы техника­ларын шығару зауытын қоюға ниетті. Осы бағытта шетелдік ин­вес­тор зауыттың ал­дын ала есептеу жұ­мыс­тарын жүргізуде. Аталған мәселе­лер бойынша биылғы тамыз айында инвес­тор облыс басшы­лығы­мен кездескен.

Leave a reply