ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ
Бүгінде Түркістан облысында 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары — өнеркәсіптік жылыжай. Түркістан өңірі — жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі аймақ. «Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан. Өңірде 1 517 га аумақта 3 366 жылыжай бар. Қуат көздері тарифінің көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары болуы, жергілікті жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен. Осы мәселелерді шешу мақсатында өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған көмір мен газ шығындарын субсидиялау жоспарлануда. Ол үшін жылыжай иесі сертификат алуы керек»,- деді Әлібек Әбдіхалықұлы.
Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамытудан және жылыжайлар көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Облыста 1640 гектарды құрайтын 3366 жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары – өнеркәсіптік жылыжайлар. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.
2023 жыл қорытындысымен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 140,0 мың тонна өнім жиналды. Бұл маусымаралық кезеңде (қазан-наурыз) республика халқы қажеттілігінің 42 пайызын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда, жылыжайларда 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатына облыс әкімдігінің ұсынысымен Үкімет тарапынан өткен жылы кешенді шаралар қабылданды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжайларды жеңілдетілген көмірмен қамту ісі қолға алынды.
Фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді.
Осы мақсатта 2023 жылы облыстық бюджеттен 565 млн. теңге қаржы төленді. 2024 жылға 1,4 млрд. теңге қаралып отыр. Аймақта жылыжайларды дамыту бағытында жұмыстар жалғасады. Елімізде жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында сол кәсіпорынға барып, жай-күйімен танысты.
Келес ауданы, Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылады. Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр.
Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсаса, ал несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын 2018 жылы қолданысқа берілген. Өңір басшысы кәсіпкердің қадамын жоғары бағалап, отандық өнімдерді көбейту – уақыт талабы екенін жеткізді.