САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІЛЕРІН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ЖЕТКІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
31

Түркістан облысы аумағында жалпы 833 елді мекен бар. Оның 826-сы ауылдық елді мекен болса, 7-уі қала. Бүгінде 655 ауылдық елді мекендегі 2 000 000 жуық тұрғын 3G және 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Ал, қалған 150 000 жуық тұрғыны бар 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Соның ішінде 62-інде байланыс мүлдем орнатылмаған.

Аталған 62 елді мекеннің 43-ші министрлік айқындаған критерийлерге сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Яғни, ауылда халық саны 250-ден асуы қажет. Қалған 19 елді мекенді алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталып жатыр. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін 135 ауылдық елді мекен бар.Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жылдың басынан бері өңірлік байланыс инспекция тарапынан 30 ауылдық елді мекенде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 7 ауыл бойынша ұялы байланыс операторларына айыппұл салынған және 5 елді мекен бойынша интернет байланысын қалпына келтіру бойынша нұсқама берілген.

Бүгінде сапалы интернет дүйім жұрттың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әсіресе кейбір ауылды аймақтарда кең жолақты интернет жүйесі атымен ұстамайды. Алайда ауылшаруашылығы мол білімді, көп күш жігерді талап ететінін мойындау керек. Интернет жүйесі қолжетімді болған жерде адамдардың көзі ашық көкірегі ояу. Қоғамның дамуы мен ел экономикасы жөнді жолға қойылуы үшін кең жолақты сапалы интернет болуы маңызды. Бүгінгі таңда сапалы интернет көзі білімнің кілтіне айналғандай. Онлайн-оқу, телемедицина, eGov, zoom, Smart TV деген заманауи қызмет түрлері «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернеті келгелі ауыл тұрғындары үшін өмірінің бір бөлігіне айнала бастады. Елімізде індет ауруы жайлаған кезеңдерде онлайн оқу жүйесі қолға алынған болатын. Міне сол кезеңдер көптеген адамдардың жүйкесін тоздырғаны хақ. Осы кең жолақты интернет жүцесі бойынша Түркістан облысында цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар облыс аумағында жалпы 831 елді мекен бар екендігі анықталды. Оның ішінде 824 ауылдық елді мекен және 7 қала Түркістан, Кентау, Арыс, Жетісай, Шардара, Ленгер, Сарыағаш бар. Талдау нәтижелері бойынша 654 ауылдық елді мекенде 1 942 542 тұрғын 3G (437 АЕМ) және 4G (217 АЕМ) мобильді интернет желісімен қамтылып, облыс халқының санына шаққанда интернетпен қамтылу деңгейі 93% құрайды. Қалған 145 968 тұрғыны бар 177 ауылдық елді мекенде интернет жоқ, ол дегеніміз 7% құрайды. Интернетпен қамтылмаған 177 АЕМ-нің 115 АЕМ 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған, қалған 62 АЕМ-де байланыс мүлде жоқ.

Аталған 62 АЕМ-нің 43 АЕМ Министрлік қойған критерийлерде халық саны 250 астам болуы қажет деп көрсетілген. Халық санының сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Қалған 19 АЕМ алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ 134 АЕМ бар. Қазіргі уақытта осы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мақсатында салалық министрлікпен және Түркістан облысы әкімдігі арасында жол картасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Күтілетін нәтиже 2023-2027 жылдар арасында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту деңгейі 99,8% жетеді. Қалған 0,16% құрайтын 3403 тұрғыны бар халық саны 250-ден кем 43 АЕМ-ге тиесілі.

Leave a reply