Пятница, 20 сентября

САУРАН: РУХАНИЯТТЫҢ БАҒАСЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН АЙҚЫНДАЛАДЫ

0
10


Ақпараттық порталымызға бүгін тарихи мұралар және олардың қорғалуы мен зерттелуі туралы танымдық ақпаратты бөлісіп отырмыз. Сауран тұрғындарының назарына ұсынылған осы мақалада туған өлкенің тарихына жауапкершілік пен жанашырлық танытуды мақсат етеміз.
Республика¬мыз¬дың кейбір аймақтарында тұр¬ғындар архитектуралық ес¬керт¬кішті ата-бабалары өздерінің арғы тегіндегі есімі белгілі тұл¬ғаның құрметіне салған кесене деп есептеп, өздігінен «реставрация» жа-сауға тырысатыны туралы көп¬теген деректер бар. Бұл «жаңа бастама» сәулетшілердің біртума¬ларынан да қымбатқа тү¬седі, өйткені, тарихи дүниенің сырын білмейтін олақ «реставра¬торлар¬дың» жұмысынан кейін ес¬керт¬кіштер тез бұзылып жатады.Әсіресе, зергерлік бұ¬йымдар, мәнеттер, қыш ыдыс¬тар кеңес өкіметі кезінде республикамыздан тысқары жаққа шы¬ға¬рылды. Ол кезде егемен емес¬піз, тосқа¬уыл қоятын мүмкін¬ігіміз болған жоқ. Біздің жерімізден табылған құнды дүниелер кейін әлемнің жер-жеріне тарап кетті. Айталық, шетелде болғанда, Қа¬зақстанның археоло¬гия¬лық артефактарын, тіп¬ті, Америкадан да кездесті¬ре¬сің. Дамыған елдердің қалала¬рын¬дағы тарихи көне дү¬ниелерді сататын дүкен¬дерінен көресің. Сол сияқты, әше¬ей бұйымдарды біреулер қолда¬рына тағып жүреді.
Ғаламторда тарих пен мә¬де¬ниет ескерткіштері қорғалған аумақ¬тарда адамның қолымен жасалған өрескел істер туралы де¬ректер көп¬теп кездеседі. Кез¬дейсоқ біреулер әртүрлі құнды¬лықтарды табу үшін көне қала¬шықтарды қопарып жатады. Егер алтын немесе күміс мәнеттер «қарақазушылар» үшін тез ақша табудың көзі болса, ал кәсіби археологтар үшін ол – өте маңызды ақпарат. Атап айтқанда, ол ақша¬лар қай монет сарайында жасалды, сол бір тарихи кезеңде кім билік жүргізді, сол не өзге мәнет¬терде қандай нышандар көрініс тапқан? Осы сұрақтардың жауабын, шынымен де, баға жетпес құнды металдардың дөңгелек беті¬нен табуға болады. Ал орта¬ғасырлық әшекей бұйымдарынан біздің зергер ата-бабаларымыз¬дың шеберлігін байқауға болар еді. Сақталған қыш ыдыстарына қарап, ежелгі Шығыс немесе Ба¬тыстың түрлі өңірлерімен көпте¬ген сауда байланыстары болғанын сезінер едік. Бүкіл республика бойынша кезіп жүрген, қазіргі заманғы металл іздегішпен қару¬ланған қазына іздеушілер отан¬дық тарих ғылы¬мына орасан зор зардабын тигізуде. Сондықтан бұл көкейкесті мәсе¬лені заңнама¬лық деңгейде өте жедел шешу қажет.
Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Айталық, көрші Қытай Халық Республикасында мұндай қылмыстар үшін қатаң жаза қарастырылған, тіпті өлім жазасына кесуге дейін барады. Мысыр мен Израиль елде¬рінде тарих пен мәдениет ескерт¬кіш¬терінің сақталуын арнайы по¬лицейлік бөлімшелер бақылай¬ды. Бұл мәселенің заңмен бекі¬тілуі жағына келсек, украиндық әріп¬тестерде жақсы үлгі бар. Украинада («Незалежныйда») «Ар¬¬хеология туралы» заңның қабыл¬данғанына да біраз уақыт болып қалды. Онда ежелгі қазыналарды тонаушыларға қарсы әрекет ету шаралары өте қатаң қарастырыл¬ған. Украинада «қара қазушылар¬ға» ұзақ мерзім қамауда отыруды қарастыратын қылмыстық жазалау бекітілген. Ал бізде бұл жағы қалай?
Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 127-бабында: «Та¬рихи-мәдени мұра объектiлерi, оның iшiнде тарих және мәдениет ескерткiштерi орналасқан жер учаскелерi тарихи-мәдени мақ¬саттағы жерлер деп танылады. Аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау жөнiнде зерттеу жұмыс¬тары жүргiзiлуге тиiс. Тарихи, ғылыми, көркемдiк және өзге де мәдени құндылығы бар объек¬тiлер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрi жұмыс жүргiзудi тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объек¬тiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкi¬леттi органға ха¬бар¬лауға мiндеттi» деп жазылған. Сонымен қатар, осы кодексте тарихи-мәдени мұра объектiле¬рiнiң сақталып тұруына қатер төндiруi мүмкiн жұмыстар¬дың барлық түрлерiн жүргiзуге тыйым салынатыны атап көрсе¬тілген. Бұл жауапты жұмысты кімге сеніп тапсыруға болатынын кәсі¬би археологтардан артық кім біледі?! Қайталап айтамын, ар¬хеологиялық жұмыстармен айна¬лысуға тек білікті және археоло¬гиялық салада тағылымдамадан өткен адамдардың ғана құқығы бар! Және бұл жерде жауап¬кер¬шілік өте жоғары болуы тиіс.
Бұл міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының та¬рихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі норма¬тивтік-құқықтық актілері мен ере¬желеріне тиісті түзетулер енгізу қажет екені сөзсіз.
Қазақстанның Жер кодексіне де жеке баптарды қарастыру керек. Сондай-ақ, «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Респуб¬ликасының Заңына да то¬лық¬тырулар енгізу орынды болар еді. 2012 жылғы 2-шілдеде бұл құжатқа 20 жыл толды. Заңның көптеген баптары ескіргені анық байқалады. Өйткені, өмір бір орында тұрып қалмайды, көпте¬ген нәрселер тез өзгеруде. Әртүр¬лі мұқтаждықтар үшін шаруашы¬лықтарға жер бөлу жөніндегі мәселелерді археолог мамандармен келіспестен атүсті шеше салу олардың алаңдаушы¬лығын тудыруда.
Бірқатар, мысалы, құрылыс жұмыстарына, жануарларды атып алу, балық аулау және т.¬б. са¬лаларға лицензиялар беруді немесе хабарлама жүйесіне өтуді же¬ңілдетуге болады деп ойлаймын. Алайда, археологиялық салаларды шаруашылық немесе коммер¬ция¬лық қызмет салаларымен теңес¬тіруге мүлдем болмайды.
Археологиялық зерттеу – құ¬зы¬реттілік пен біліктіліктің жо¬ғары деңгейлігін талап ететін ғылыми сала.
Осыны ескере отырып, екі мәселеге ерекше көңіл аудару қажет деп санаймын. Бірінші – ескерткіш¬терді қорғау жөніндегі жергілікті «орталықтар» жұмыс¬тବрының дең¬гейі мен сапасы. Егерде объективті түрде қарасақ, облыс¬тар бойынша олардың көпшілігі жұ¬мыс істемейді немесе мін¬деттерін өз деңгейінде ат-қармай¬ды. Бұл мекемелер өз қызметі барысында археолог мамандармен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, біздің баға жетпес қазы¬наларымызды қор¬¬ғауды қамта¬масыз етуі тиіс. Екін¬ші мәселе – тарихи-мәдени мұра¬ларды зерделеу және сақтау істе¬рінің заң¬намалық жағы. Оның ішінде археологиялық зерттеу¬лерді лицензиялау мәселесі өте қысқа мерзімде реттелуі қажет. Осы орайда, «Археология туралы» жаңа Заңды уақтылы әзірлеу аса ма¬ңызды және тиімді болар еді.
Айта кету керек, тарихи-мә¬дени құндылықтарды қорғау және ұқыпты пайдалануға қатысты мем¬лекеттік реттеу мәселелері Қа¬зақ¬стан Республикасындағы бବсым¬дық берілген міндеттердің бірі еке¬ні анық. Материалдық мұра объек¬тілерінің сақталуын, ғылыми және мәдени пайдаланылуын қамтама¬сыз ету мемлекеттің өзіндік мәде¬ни-ұлттық ерекшелі¬гін дамытуға жағдай жасайды, қазіргі заманғы жаһандық және интеграциялық үдеріс жағдайын¬да қоғамның тұ¬рақты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда тарихи, археоло¬гия¬лық, сәулеттік және мәдени ескерт¬кіштердің қирауы мен мүлдем жойылып кету қаупі төніп тұрғандық¬тан, бұл проблема одан сайын өзекті бола түсуде. Орын алып отыр¬ған күр¬делі экологиялық, ан¬тропогендік факторлар қоршаған табиғи және мәдени ортаның жағ¬дайына, оның маңызды құрамы болып табылатын тарихи және мәде¬ни ескерткіштердің үгітіліп қирай түсуіне ықпал етуде. Сондай жағ¬дайда тұрған ескерткіштерді анық¬¬¬тау және зерттеу арнайы ар¬хеоло¬гиялық зерттеу әдістерін қол¬да¬нуды, әртүрлі ғылым мен білім жү¬йелерін бір арнаға то¬ғыстыратын жаңа бағдарламалар мен жобалар кешенін әзірлеуді талап етеді. Бар¬лау-іздестіру жұ¬мыстарына нано¬тех¬нологиялық және инновация¬лық әдістер қол¬дану көп жағдайда алға қойылған міндеттің нақты маңыздылығына және, әрине, ма¬мандардың кә¬сі¬би¬лігіне тікелей байланысты болмақ.
Шығыс данышпандары ең терең құдық та кеуіп қалатынын, ең қатты тас та үгітіліп құм мен шаңға айналатынын айтып кеткен. Жер бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Тек тарих мәңгілік болуы керек!
Керісінше «тарихи естелігі жоқ адамдар ғана ештеңе жоғалт¬пай¬ды», дейді қазіргі классиктер. Ал біз өзіміздегі барды жо¬ғалтқымыз келмейді. Сондықтан да мақала¬ның тақырыбы маз¬мұнсыз емес. Біз оған қалай жауап беру керек¬тігін білеміз. Өйт¬кені, тарихи мұра – баға жетпес қазына!
Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің айрықша маңызы бар. Расында біз ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Дала елінің әр қиырында тәуменді тарихтың бедері тасқа таңбаланған. Жалпы бұл идеяның түп төркіні – киелі мекендер мен өзге де қасиетті жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Ескі ескерткіштер, киелі кесенелер, қасиетті қоныстар – өркениеттің өлшемі һәм куәсі.
«Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой», – деп Мағжан ақын жырлаған Түркістан табиғатының сыры да сыйы да мол. Түркістан қаласын түркі халықтары екінші Мекке санайды. Түркістан облысы болып құрылған оңтүстік өңірде тарихи-мәдени мұралар өте көп. Тарихы тереңге жайылған мекеннің туристерді тартатын тұмса табиғаты мен көпшілікті қызықтыратын ескерткіштері жетерлік.
Ел үшін ерекше маңызы бар ескерткіш¬теріміз бен құнды жәдігерлерімізді келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, әрі заман талабына сай жаңғырта отырып ама¬наттау әрбіріміздің азаматтық – пары¬зымыз. Түркістан қаласы осындай мәдени ескерткіштерге бай екендігімен де ерекшеленеді.
Өңірде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерінің саны –1249-ды құрайды.
Екі дүниенің есігі атанған Түркістан қаласының ең басты құндылығы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі екені белгілі. Оны әлемнің сегізінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Осынау баға жетпес байлығының арқасында бүгінгі күні Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы. Сондықтан да киелі мекен бұдан өзге де республикалық маңызы бар сәулеттік археологиялық ғимараттарға бай. Өңірде 19 сәулеттік, 7 археологиялық ғимарат бар. Оның ішінде жергілікті маңызы бары – 426. Сонымен қатар, 796 тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Былтырғы жылы Ақсүмбе қарауыл мұнарасы мен Ишан базар (Ақмешіт) мешітіне тарихи-мәдени сараптама жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде рес¬публикалық ескерткіштердің мем¬лекеттік тізіміне енгізуге ұсынылды. Сондай-ақ, Ұзын ата кесенесінің бүгінгі таң¬дағы техникалық жай-күйін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз көпшілікке таныс болар. Оңтүстіктегі туристік маңызы зор орынға келушілердің аяғы жыл он екі ай бойы үзілген емес. Кесене негізінен XIV-XV салынған құрылысқа жатады. Қ.А.Ясауидың рухани ұстазы болған Арыстан бабтың зиратына салынған. Аңыз бойынша, Арыстан баб дүние салғаннан кейін оның денесін ақ бураға артқан да, еркіне жіберген екен. Ақ бура ұзақ жол жүріп, барып шөккен жерге Арыстан баб жерленіп, кесене тұрғызылған. Дегенмен, кейіннен жер сілкінісі салдарынан бұзылып, кейіннен XX ғасырда қайта тұрғызылған. Бүгінде оңтүстікке келетін барша туристің ең бірінші болып табан тірейтін киелі жеріне айналған. Сәулет өнерінің тамаша ескерткіштерінің бірі болып саналатын кесене мешіт, құжырахана, дәлізхана, азан шақыратын мұнара секілді әртүрлі жеке бөлмелерден тұрады.
Түркістан десе еске түсетін негізгі орын – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Көне түркі ақыны, бүкіл Шығыс жұртына аты мәлім Қожа Ахмет Ясауидың бейіті басына салынған ғимарат бертін келе адамдардың зиярат ететін орнына айналды. Бүгінге дейін сәнін жоғалтпаған, сәулетін сақтаған кесенеге келушілердің саны ешқашан толастаған емес. Аты әйгілі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесенеге діни ғұламалар, хан-сұлтандар жерленген. Кесене үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады.
Қаратау сілемдерінің бөктерінде орналасқан әйгілі Ақмешіт үңгірі де аңызға айналған орындардың бірі. Аңыз бойынша бұл жер кезінде жерасты мешіті болған көрінеді. Жердің астында орналасқандықтан есіктері жабылып, адамдар кіре алмай қалған көрінеді. Уақыт өте келе үңгірдің бір жағы опырылып, жаңа жол пайда болған. Тарихы терең үңгір туралы аңыз көп. Бір нұсқасында жоңғар шапқыншылығы кезінде әйел адамдар мен балалар осы үңгірге келіп бас сауғалағаны айтылады. Үңгірге 10 000 әскер еркін сыйып кеткен деген дерек те айтылады.
«Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?»… Бұл кеме туралы, осы орын туралы көпшілік жақсы білсе керек. Киелі Қазығұрт тауында кезінде жер бетін түгел су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тұрақтаған деседі. Үлкен тау болмаса да, бетін су баспаған орынның сыры көпшілікке әлі күнге жұмбақ. Жалпы, Қазығұрт жері сырын ашпаған, ғажайыпқа тұнған киелі өлке болып саналады.
Түркістан қаласынан бар-жоғы 60 шақырымдай жерде орналасқан тағы бір жұмбағы көп орынның бірі – Үкаш ата кесенесі. Аңыз бойынша Үкаш сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген көрінеді. Біздің даламызға алғаш Ислам дінін әкелген деген деректер бар. Кесененің жанында құдық орналасқан. Бір қызығы, бұл құдық шелегін тастаған адамдарға су береді. Кей адамдардың шелегін қанша тастаса да, бос қайтаратын көрінеді. Бұл осы адамның ниеті мен пейілі, жасаған күнәларына байланысты болады деп жатады.
Түркістан жерінде осы мәдени орындар өте көп. Әрбірінің астарына үңілсең, терең тарих пен сыр жатыр. Рухани тұрғыда дамып, таным деңгейін арттырам деген жандар оңтүстікке келіп, жаңа біліммен сусындап қайтуына болады.
Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны бөлек. Ол бүкіл Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген қабырғалы тұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Түркістан тарихы – күллі қазақтың тарихы. Бүгінде облыс көлемінде 678 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 387 кiтапхана, 251 клуб, 24 музей, 3 кәсіби театр, 7 саябақ, облыстық филармония, көркемсурет галереясы, «Оңтүстікфильм» мекемесі, «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі халық игілігі үшін жұмыс істеуде. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты театр, кітапхана, музей, цирк сынды 12 облыстық мәдениет және өнер мекемесі Шымкент қаласына берілген. Облыс бойынша халықты ұлттық өнерімізбен сусындату мақсатында әртүрлі мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әрі аталмыш шаралар аясында әлемдік мәдениет туындылары да көрерменге ұсынылады.
Облыс аумағында 24 музей жұмыс істесе, олардың әрқайсысында экскурсия, көрме сынды көпшілік іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Бүгінде 7268 жаңа экспонат жинақталып, ал жалпы қор 164106 данаға жетті. Ел Президентінің Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытында облыстық музейлер мен кітапханаларда бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Халық мұрасы – халық қазынасы», «Тарихи қазыналар», «Есімі елімен бірге жасаған», «Ата – баба мұрасын сақтайық», «Туған өлкем тарихы», «Ұлттық әшекей бұйымдары», «Отырар мұралары» жобалары қазақ елінің тарихынан сыр шертетін, әрі жас ұрпаққа берері мол игі істер деп айтуға толық негіз бар.
Мәдени және тарихи мұра – бұл әлемнің әр халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес және орны толмас байлығы. Жойылу немесе сыну салдарынан оның кез-келген бөлігінің жоғалуы әлемнің барлық халықтарының мұрасын ортайтқанмен тең. Олардың артықшылықтарына байланысты бұл мұраның кейбір объектілері көрнекті әлемдік құндылыққа ие деп танылуы мүмкін.
Адамзаттың орны толмас мұрасын құрайтын нысандарды анықтауды, қорғауды, сақтауды және танымал етуді мүмкіндігінше қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер 1972 жылы жаһандық мәдени және тарихи мұраны қорғау туралы Дүниежүзілік мұра Конвенциясын қабылдады. Еліміз осы Конвенцияның толыққанды мүшесі саналады.
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, адам интеллектін, этнос қоғамын қалыптастыру мен дамытудың пәрменді тетігі, тарихи жадының аса маңызды қоймасы саналады.
ҚР Конституциясы әрбір азаматтың мәдени өмірге қатысу және мәдениет мекемелерін пайдалану, тарихи-мәдени мұраға қол жеткізу құқығына кепілдік береді. Сонымен қатар, Конституция азаматтарды аталмыш мұраны сақтауға, ескерткіштерін қорғауға міндеттейді. Негізінде тарихи-мәдени мұраны мемлекеттік-құқықтық қорғау қызықты және ағартушылық тарихқа ие.
Қазақ елі Еуразияның этномәдени және рухани байланыстарын тоғыстыратын Орталық Азия өңірінің ажырамас бөлігі ретінде, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бері ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі қызметіне кірісті. Еліміздің мәдени мұрасының қазіргі жайы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді сақтау және одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін барынша қамтамасыз ету, тарих қойнауында жатқан ескерткіштерді ашу, кесенелерді, көне мешіттерді, ежелгі қалашықтарды консервациялау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру, солардың базасында жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтар құру сияқты бірнеше бағытты айғақтайды.
Соңғы жылдары Қазақстанда аталған кешендердің барлық компоненттерінің органикалық өзара байланысын, сондай-ақ олардың түпнұсқалығы мен тұтастығын сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдануда. Қираған ескерткіштерді құжаттау және консервациялау, оларды күзетімен қоса аймақтарға бөлу, қысқамерзімді перспективаға арналған менеджмент-жоспарларды жасау және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Leave a reply