Thursday, November 21

САЙРАМ: АУДАНДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ НАҚТЫЛАНДЫ

0
30


Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Жалпы Этномәдени бірлестік — бұл этностардың тарихын, ана тілін, ауызша және жазба әдебиетін, ұлттық өнерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сақтау мен дамыту жұмыстарының қоры.
Қазақстанда этномәдени орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының өзегі болып табылады. Олар этносаралық қақтығыстар мен келіспеушіліктерді туындататын себептерді алдын алуға көмектеседі.
Аталған жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау.
Іс – шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Зайырлылық – мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуі, мемлекеттің әлеуметтік, саяси, және құқықтық негізгі жүйесінің аз да болса діни қағидаларға сүйенбеуін білдіреді. Мемлекет пен зайырлылық ұстанымы ешқандай дінге бөгет жасамайды, тек мемлекеттің дін саласына араласпауы және белгілі бір діни ұстанымға басымдық бермейтініне кепілдік беруі.
Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi де – елдiң тұтастығы мен бірлігі, дінаралық келісім мен тұрақтылық. Осы мақсатта ҚМДБ мен Дін істері басқармасы бірлесе отырып жұмыс жасайды.
Кез келген мемлекет өзінің дін саласындағы саясатын тарихи, мәдени, экономикалық және басқа да факторларын ескере отырып белгілейді. Мемлекеттік саясатты белгілеу нысандары – белгілі бір діндерге мемлекеттік мәртебе беру арқылы, діни бірлестіктердің мәртебесіне байланысты конфессиялармен келіссөздер жүргізе отырып, барлық діни бірлестіктерге либералды көзқараста болуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылады.Зайырлылық қағидаттары, ұлтаралық және дінаралық келісім – мемлекеттің баяндылығына, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қызмет ететін, еліміздің азаматтарының құқықтарын қорғайтын, діни бостандығына кепілдік беретін, заман талабына сай жасақталған жүйе.
Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтары халық пен қоғам өміріндегі маңызы күн санап артып келеді. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда дін: қоғамға бағыт-бағдар береді; қоғамды біріктіреді; идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді; жеке тұлғаның және күллі қоғамның мүдделерін қорғайды; этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Экстремизм мен терроризмнің қандай да болсын сипаттарына, түрлеріне азамат болып, қоғам болып ат салысып қарсы тұруымыз қажет. Елдік пен егемендіктің мүддесіне қарсы түрде әрекет ететін түрлі саяси және діни топтарға тойтарыс беріп, азаматтық позициямызды ұмытпауға тиіспіз.

Leave a reply