ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНДАЙ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ САҚТАЛМАЙ ҚАЛҒАН?

Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазір сол дәстүрдің біразы ұмыт болды.
Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.
Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отырған өңірлер бар. Әсірес Қазақстанның батыс пен оңтүстік облыстарында қазақтың салт-дәстүрлерін тастамай, күнделікті тұрмыста ұстанып жүр. Мысалы, ат тұлдау, аяққа жығылып кешірім сұрау, ақсарбас атау, аунату, байғазы беру, босаға байлау, енші беру, ерулік беру, жылу жинау, қалау айту, қазан шегелеу сияқты дәстүрлер сақталған. Десек те қолданыстан мүлдем шығып, ұмыт болғандары да жетерлік екен. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеп жүрген ғалым, сыншы Дандай Ысқақтың айтуынша, қазақ халқы салт-дәстүрден ешқашан аттап кетпеген.
Қазақ салт-дәстүрді құрмет тұтып, қалтқысыз орындаған халық. Өйткені сол арқылы барлық қарым-қатынасты ушықтырмай реттеп отырған. Яғни, көп мәселені дәстүр жолымен шешкен. Тіпті құда түсудің, олармен тез табысудың жолын да қарастырып қойған.
Мысалы, «Біз шанышар» дәстүрін алсаңыз, одан қазақтың балаға деген қамқорлығы мен оның болашағы үшін жасалатын қадамдарын байқауға болады. Біз шанышар
Ертеректе қазақтарда қонақтарын ақы алмай күткен, ол үшін арнайы жатын үйлерін, ас дайындайтын асханасын, күтушілерді, тіпті көлігіне дейін алдын ала сайлап қоятын болған. Қонақтың жағдайын жасап, дұрыс күте алмаса сөгіс естіп, тіпті ондайда айыпқа дейін салатын болған. Мәселен, табаққа салынған еттің ақ тамыры не қол еттің безі алынбай қонағына тартылса, айыбын қоса төлеген.
Осы көп тегін тамақтың бірі – түстік ас. Қазақ түскі асын жаз кезінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстінен түскен кезде ішкен. Осы уақытқа тап келгендер үй иелерімен бірге отырып, шайын ішіп, тамағын жеген соң аттанып кетеді. Көбіне қона бермейді. Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер тоқымын бір жерге жинап, түскі астан соң да кетпей қояды. Үй иесі қонаққа арнап мал сояды. Қонған адам ертесіне сиыр түсте үн-түнсіз атттанып кетеді. Әдетте мұндайда шалдар келеді. Қонақ кеткен соң үйдегілер бар гәпті түсіне қойып, дереу сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Содан сырмаққа шаншылған бізді көріп, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл – «Ұл ержетті, қыз бойжетті. Қосқұлақ бала бізде де бар. Қас сұлу сізде бар. Жекжат болайық» дегені. Егер қызы бар үй қайрақты сұрамаса, әлгі қонақ болып кеткен шалдар келіп құда түседі.
Жалпы қайрақ – ұлдар қолданатын сайман. Ал ине – қыздардыкі. Қайрақ қайырымға керек, инесі кестеге, киім-кешекке керек. Шалдардың сырмаққа біз шаншуы – бізде бір ұл бар, осы шаңыраққа ұл болса дегенді тұспалдап білдіруі. Ал қайрақты алып кетуі – құда болайық дегені.
Қазақ салт-дәстүрін зертеушілер ұмыт болған салттардың қолданысқа қайта енуі екіталай дейді. Сондықтан сақталып қалған дәстүрді жоғалтып алмай, оны алдымен мектеп оқушыларына оқытып, бойларына сіңіру қажет. Ал тарих қойнауында қалған ескірген дәстүрлердің негізін сақтай отырып, заманауи үлгіге орай ұстанса, тез қолдау табады
Салт-дәстүр біздің өміріміздің үлкен бір бөлшегі.Салт-дәстүр дегеніміз – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әр елдің салты,наным – сенімі әр түрлі болады.Біреулер отқа табынса, біреулер пұтқа табынады.Ал қазақтардың салт-дәстүріне келетін болсақ, қазақ халқы салт дәстүрге өте берік халық деп есептеймін. Қазақтарда салт дәстүр өте көп. Бірін білсек,бірін білмейміз.Мысалы: сүйек жаңғырту,сүйінші сұрау, тұсаукесер, шілдехана, бесіктой, беташар секілді дәстүрлеріміз сонау ата бабамыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр.
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесінеде көп көңіл бөлген. «Тәрбие басы тал бесік» демекші, балаларын ерте жастан қадағалап, салт дәстүрмен тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар да аз емес. Мысалы: тоқым қағу, тана тағар, сүндет той, атқа мінгізу, нақыл, тыйым сөздер, үлгі берерліктей ертегі, аңыздар, мақал-мәтелдер, т.б. Менің ойымша баланы салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу тапқырлық болып табылады. Қазіргі жастардың да тәрбиесі салт-дәстүрдің мойнында деп есептеймін.Себебі, қазір 21 ғасыр, шыны керек бұзылған жастар аз емес. Алайда осы әдіспен тәрбиеленген ата-әжелеріміз жастарға әдет-ғұрыптарды насихаттап, айтып отырса, өнегелі,ақылды,мейірімді,адамгершілігі мол ұрпақ тарбиеленіп шығатыны сөзсіз. Бұған мын өлең жолдары дәлел бола алады:
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Менің ойымша болашақ, жастардың яғни біздің қолымызда. Сол себептіде жастардың тәрбиесі, алға қойған арман — мақсаттары маңызды деп есептеймін. Бұл әлемді көркейтетін де жастар деп сенемін. Ата — бабаларымыз үшін өнегелі ұрпақ тарбиелеу басты міндет болған. Ал менің ойымша өнегелі жастар тәрбиелеу салт-дәстүрдің қолында. Еліміз дамып, дамыған отыз елдің қатарына енуге батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт — дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып – халқымыздың асыл қазынасы, ұлттық айнасы. Бізге аманат болған ұлттық құндылықты көзіміздің қарашығындай сақтап, оны құрметтеу һәм болашақ ұрпаққа үлгі ету – біздің басты міндетіміз.
Қорытындылай келе айтқым келетіні, салт-дәстүр біздің өміріміздің ажырамас бір бөлшегі . Оны дәріптеп,насихаттап,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің қолымыда.