ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨНДІРІС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЕСЕЛЕНУДЕ

Түркістан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетке ие. Бұл Қазақстанның еңбек ресурстары көп өңірлерінің бірі. Өңір барит, көмір, темір және полиметалл кені, бентонитовые глины, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Уран қоры бойынша облыс бірінші орында, фосфорит және темір кені бойынша — Қазақстанда үшінші орында. Облыста ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді. Бұнда мақта, жүгері, темекі, күнбағыс, жемістер мен көкөністер өсіріледі, былғары шикізаты мен қаракөл терісі өндіріледі. 2025 жылғы шілде айында Созақ ауданында КАТКО (Қазақстан‑Франция бірлескен кәсіпорны) ұйымында жаңа уран өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл компания табиғи уранды өндірумен және оны химиялық концентратқа дейін өңдеумен айналысады. Эксплуатацияланған кен орындары: Қанжуған, Орталық Мойынқұм және Мыңқұдық. Жалпы Түркістан облысындағы өндіріс саласының «өркендеу дәуірі», экономиканың қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарқынды дамуы мен инвестиция тартудағы табысты қадамдары еліміздің өзге өңірлерінің қызығушылығын арттыруда.
Созақ ауданы – өңірдегі жер көлемі ең ірі аймақ. Ауданның ең үлкен қазынасы – табиғи қазба байлығы. Сондықтан «Созақ» индустриялық аймағының салалық бағыты – пайдалы қазбаларды өңдеу, химия өнеркәсібі және фармацевтика өнеркәсібі, тау-кен өндірісі. Оның жалпы ауданы 50 гектарға тең. Мұнда 1144 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асып, 279 адам жұмысқа тартылмақ.Түлкібас ауданындағы 2015 жылы құрылған 55 гектар аймақтағы индустриялық аймақ бүгінгі таңда қаңырап бос тұр. Мұнда 4 жылдан бері әлі күнге дейін бірде-бір өндіріс орны құрылмаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Бір сөзбен айтқанда, билік тарапынан ел экономикасын көтерудің барлық алғышарты пысықталды. Енді өңірлерде жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, Президент тапсырмасын сәтімен іске асыру керек.Қазақстан шетелдік инвестиция тарту жағынан әлемде үздік ондықтың қатарында. Алтыншы орында. Халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. «FDI Intelligence» талдау орталығы Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикалық өсімін зерттеген. Рейтингте Азия елдері көш бастап тұр.
Еліміз инвестиция көлемі бойынша посткеңестік кеңістікте көш бастап тұр. Орталық Азия елдеріне тартылған барлық инвестицияның 61 пайызы бүгінде Қазақстанға тиесілі. Пандемия кезінде де негізгі капиталға салынған қаржы 17,2 млрд долларға жетті. Ал былтыр бірінші жарты жылдықта ел экономикасына 13,3 млрд доллары көлемінде инвестиция құйылған. Қаражаттың көбі Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай елдерінен тартылды.
Түркістан облысы, Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны» ЖШС-нің «Оңтүстік Төртқұдық» жобасы аясында жаңа уран өңдеу зауыты іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге, «KATКО» компаниясының бас директоры Паскаль Бастьен, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Orano Mining BU» компаниясының бас директоры Кзавье Сан-Мартан Тийе және өзге де тұлғалар қатысты. Облыс әкімі бұл жобаның маңызына тоқталды.
– «Казатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ табиғи уран өндіру саласында елімізде ғана емес дүние жүзінде көшбасшы компаниялардың бірі екені бәрімізге белгілі. Түркістан облысында аталған компанияға қарасты 10 табиғи уран өндіріс орны жұмыс істейді және 1 компания барлау жұмыстарымен, 1 компания электр энергиясын тасымалдау қызметін атқарады. Соның ішінде, бүгін біз Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны» ЖШС-нің табиғи уранды өңдеу зауытының салтанатты ашылуында тұрмыз. Бұл жоба өндірісте және ішкі, сыртқы нарықты жоғары сапалы уранмен қамтамасыз етеді, жаңа технологияларды енгізу арқылы уранды өндіруге бағытталады. Инвестициялық жобаның қуаттылығы – жылына 2000 тонна уран өңдеу, құйылған инвестиция құны 74,7 млрд. теңгені құрады. Жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өткен жөн. Облыс әкімдігі тарапынан аталған өндіріс үшін 6 мың гектарға жуық жер телімі бөлінді және барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілді. Өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді Нұралхан Көшеров.
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов: «Оңтүстік Төртқұдық учаскесінде өңдеу зауытының іске қосылуы тек «КАТКО» үшін ғана емес, Қазақстанның бүкіл атом өнеркәсібі үшін де маңызды оқиға. Осы зауыттың құрылысына тікелей қатысқан қазақстандық мамандардың кәсібилігін ерекше атап өтіп, француз әріптестерімізді жобаның сәтті жүзеге асуымен құттықтағым келеді. Бұл – «Қазатомөнеркәсіп» пен «Orano» арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің нәтижесі болды», деді.
«KATКO» компаниясының бас директоры Паскаль Бастьен: «Оңтүстік Төртқұдық» өңдеу зауытының ашылуы – «КАТКО», «Orano» және «Қазатомөнеркәсіп» үшін үлкен жетістік. Бұл жоба – біздің қауіпсіздікке, жоғары экологиялық стандарттарға және технологиялық инновацияларға берік ұстанымымызды көрсетеді. Күрделі жобаны уақтылы, қауіпсіз әрі сапалы жүзеге асырған командамыз бен серіктестерімізді мақтан тұтамыз», деп мәлімдеді.
Жиында жаңа өндіріс салтанатты түрде іске қосылды. Уран саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды. Облыс әкімі мен компания басшылары, қонақтар өндіріс орнындағы жаңа нысанды аралап көрді.
Қуаттылығы жылына 2000 тонна уранды құрайтын жаңа зауыт Оңтүстік Төртқұдық кен орнының оңтүстік бөлігінде өндірілген, құрамында уран бар ерітінділерді өңдейді. Төртқұдықтың оңтүстік учаскесінің толық интеграциясы арқылы КАТКО жылына 4000 тонна уран өндіру көрсеткішіне қол жеткізуді көздеп отыр.
Бұл жоба 2021 жылы егжей-тегжейлі жобалық мақұлдаудан өткен. 2023 жылы жаңа зауыттың құрылысы басталып, үш жылдық қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Жоба аясында, сонымен қатар, гидротехникалық желілер, асфальт және қиыршық тасты жолдар, электр желілері, жаңа трансформаторлық қосалқы станция салынды.
«Оңтүстік Төртқұдық» жобасы өңірге айтарлықтай экономикалық пайда әкеліп, қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсартты. Құрылыс кезеңінде жергілікті мердігерлерге қосымша жұмыс орындары ашылып, бір уақытта орта есеппен 600 адам жұмыс істеді.
Айта кетейік, «KATKO» – Түркістан облысындағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Компания 1300 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, олардың 70%-дан астамы Қазақстанның оңтүстігінде және 52%-дан астамы Созақ ауданында тұрады. Компания қызметкерлерінің 99 пайызы Қазақстан азаматтары.