ШЫМКЕНТТЕ ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
118

Бұл туралы Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мәлім етті.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.

– Алайда, шағын және орта бизнестің өкілдері осы Заңда белгіленген көрнекі ақпаратта тілді пайдалану тәртібін сақтамайтыны байқалады. Осы мәселе бойынша бізге тұрғындардан хаттар, өтініштер келіп түседі. Кейде назар аударуды сұрап әлеуметік желілерде посттар жазады. Соңғы уақытта маған Direct-ке де жазады. Осыған байланысты, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы арнайы Call Center жасақтады. Онда сіздер жоғарыда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жүгіне аласыздар. Сіздердің өтініштеріңіз міндетті түрде назарға алынады, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан апта сайын рейд жүргізіледі. Бұл ретте қызметкерлер Сайрам, Нұртас, Жаңаталап, Базарқақпа тұрғын алаптарында, Тәуке хан, Момышұлы даңғылдарында, Жангелдин, Байтұрсынов және т.б. көшелерде заң бұзушылықтарды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Leave a reply