СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

0
131

Замана көшіне ілесіп, жаңа даму мен өркендеу жолына түскен Созақ ауданында атқарылып жатқан істер тізбегі жетерлік. Түркістан облысының маңызды аудандарының бірі саналатын атаулы өңірдің аяқ алысы жаман емес. Қашанда өз бет-бейнесін, жаңа келбетін қалыптастыру жолында нақты қадамдар жасалынып, тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Өңірдің өркендеуі мен бір жыл бойы атқарылған қызметі жайында аудан әкімі М.С.Тұрысбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен алқалы жиында кеңінен тоқталған болатын.

52 МЛРД. 845 МЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Әр өңірдің ең алдымен еске түсетін саласы бюджет, өнім көлемі, тараптардан тартылып жатқан инвестиция екені айдан анық. Осы тұрғыдан саралағанда 2021 жылы жергілікті бюджетке 16 млрд. 336 млн. 75,4 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,4 пайызға немесе 66 млн. 922 мың теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде өзіндік кірістер 4 млрд. 292 млн. 31 мың теңге немесе өзіндік кірістің үлесі 26,3% құраған. Трансферттер барлығы 12 млрд. 44 млн. 44 мың теңге, оның ішінде: нысаналы даму трансферті 2 млрд. 343 млн. 134 мың теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі 16 млрд. 558 млн. 327,1 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілген.

Атаулы жыл қорытындысы бойынша ауданда 453 млрд. 824 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 142,7 пайызға немесе 135 млрд. 694 млн. теңгеге артқаны анық байқалады.

Жалпы өңірлік өнімінің 92,5 пайызын, 419 млрд. 677 млн. теңгесін өнеркәсіп саласы құрайды. Оның ішінде, 329 млрд. 367 млн. теңгесі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға (уран кендерін өндіруге), 85 млрд. 32 млн. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне (уран, алтын өндірісіне) тиесілі.

Енді бір қуанарлық әрі көңіл толатын жағдай аудан экономикасына 52 млрд. 845 млн. теңге инвестиция тартылған. Аталған инвестицияның 87 пайызын, 45 млрд. 777 млн. теңгесі өнеркәсіп саласына, оның ішінде, 43 млрд. 189 млн. теңгесі уран өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, 2 млрд. 473 млн. теңгесі электр энергиясымен, газбен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға бағытталған.

Бағытталған инвестицияның 12 млрд. 327 млн. теңгесі ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, 13 млрд. 418 млн. теңгесі машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға және күрделі жөндеуге, 27 млрд. 100 млн. теңгесі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындарға тартылған.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫНДА

Созақ ауданы еске түскенде ауыл дамуға бет алған шаруашылығы еріксіз еске оралады. Мәселен осы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 17 млрд. 638 млн теңге болып, өткен 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 61 млн теңгеге артқан.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 378,3 млн теңге инвестиция тартылған.

Аудан бойынша 2021 жылы 13 210 га егістік жер игеру тапсырмасы берілсе, 13912 га алқапқа егіс егілген. Оның ішінде: 460 га бидай, 1609 га арпа, 1129 га мақсары, 882 га жүгері, 505 га картоп, 490 га көкөніс, 481 га бақша, 8356 мал азық дақылдары.

Көктемгі дала жұмыстарына 325 тонна жанар-жағар май 158 теңгеден жеңілдікпен бөлініп, 66,9 тоннасы алынған.

Күзгі дала жұмыстарына 455 тонна жанар-жағар май 171-189 теңге аралығында жеңілдікпен бөлініп, 114,6 тоннасы алынды.

Сондай-ақ, егіс көлемін арттыру мақсатында Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 143 млн.теңге қаржы бөлініп, 3704 лоток ауыстырылып, 13 шлюз қойылып, пайдалануға берілді.

Шолаққорған, Созақ, Жуантөбе, Жартытөбе ауылдық округтері мен Таукент кент әкімдігіндегі шаруалар 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Аудандағы барлық санатта 37123 бас мүйізді ірі қара, 256353 бас қой-ешкі, 24684 бас жылқы, 13452 бас түйе, 32594 бас құс өсірілуде. 2020 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 102,2 пайызға (36315 бас), қой-ешкі 100 пайызға (256248 бас), жылқы 109,3 пайызға (22583 бас) өссе, түйе 13650 бас, құстар 32 780 басты құрады.

Сондай-ақ, 11305,2 т ет (сойыс салмақта), 15193 т сүт, 2020 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,3 пайызға, сүт 101,5 пайызға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 40 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2743 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

Қарақұр ауыл округінен жеке кәсіпкер Жасұлан Омарбек 70 млн.теңге өз қаржысына Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 250 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып алды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1700 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, азаматтардың өз қаражаты есебінен 885 бас түйе аналығы және қойдың 1230 аналық басы несиелендіру жолымен сатып алынды.

Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін 780 млн.теңгеге несиелендіру жоспары берілсе, қаржы ұйымдары арқылы 1 млрд. 144,9 млн.теңге несие алып, жоспар 147 пайызға орындалды.

Келесі салмақты сала кәсіпкерлік. Осы бойынша аудан көлемінде 405 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 362-ге жетті.

Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы 25 жобаға жалпы сомасы 90,9 млн. теңге;

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 57 жобаға 204,3 млн. теңге;

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТО бойынша филиалы арқылы жалпы сомасы 8 жобаға 64,0 млн. теңге, барлығы 65 жобаға 268,3 млн. теңге несие берілді.

Кәсіпкерлік қызметке баулу, микрокредит алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 180 адам оқытылып, 174 адам сертификаттарын қорғады. Оның ішінде 70 адам 653 млн.теңге грант иегері атанды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 жобаға («Дархан-Ас» ӨК) жалпы сомасы 22 млн. теңге несие берілді.

Құрылыс саласы бойынша ауданда 843,3 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 100%-ын құрады. Аудан көлемінде 2021 жылы 8 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар Шолаққорған ауылы Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы, С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы, Қарақұр ауылындағы 75 орындық мәдениет үйі, Шу ауылы әкімі аппаратының ғимаратының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанның Жуантөбе, Қаратау ауылы әкімі аппараттарының ғимараты, Аққолтық елді мекеніндегі 75 орындық мәдениет үйі, Шолаққорған ауылы С.Қожанов көшесіндегі екі қабатты әкімшілік ғимаратына қосымша жай (военкамат) құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталатын болады.

Коммуналық шаруашылық бағытында ауданда магистральды газ құбыры-тармағын салу жобасының құны – 4 млрд. 110 млн.теңгені құрайды.

Осыған орай, 2019-2021 жылдары 1 млрд. 813 млн. 255 теңге қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан аудан орталығы Шолаққорған ауылына дейінгі магистральды газ құбыры мен 15 шақырым электр желілері жүргізіліп, 840 дана электр бағаналары орнатылды. 4 дана найзағайдан қорғау құрылғысы орнатылып, 43,8 шақырым құбырдың 98%-ы көмілді. АГТС қондырғыларының орындары әзірленді.

ӘР САЛАНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Мәселен Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау жұмыстарына 2021 жылы 1 млрд. 45 млн. 232 мың теңге бөлініп, 150-ге жу-ық көшеге газ құбырлары жүргізілген.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 35 елді мекеннің (54259 адам) 28-і (халық саны 60 690 (97%)) орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 елді мекенге (Созақ, Шақырық, Теріскей, Шолаққорған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау) ауыз су сағатпен берілуде, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген (халық саны 2087) (3%).

Сондай-ақ, жер асты су қоры бекітілген Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ және Шақырық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлену жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолдарын жөндеу бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2021 жылы елді мекендердің 53 (38 шақырымы асфальт) шақырымды құрайтын 49 көшесінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оған қажет қаржының жалпы көлемі 919 613,0 мың теңге. Оның 555 310 ,0 мың теңгесі «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде республикалық және облыстық бюджеттерден, 364 303,0 мың теңгесі облыстан берілетін субвенция және жергілікті бюджет қаражаты.

Бөлінген қаржыға ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 44 автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қалған 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылы жүргізіледі.

Нәтижесінде аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің ұзақтығы 219 (54%) шақырымға жетті.

Әлеуметтік саладағы кешенді жоспарды іске асыру аясында 3409 адамды қамту жоспарланса, 3108 адам қамтылып, жоспар 91,2 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бойынша – қысқа мер-зімдік курстар бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктерінен оқуға ниет білді-рушілер бойынша тізім жасақталып, 60 адамды оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен   13 млн.   550,0   мың   тенге қаржы   қаралып,   2021   жылы  60  адам қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 59 адам оқуын аяқтап, мамандағы бойынша тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 78 адам шағын несиемен қамту жоспарланып, 2021 жылы 65 адам 268 млн. 320 мың. теңге несиемен қамтылды.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 180 адам оқыту жоспарланып, 181 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуды толық аяқтаған 171 адамға сертификаттар табысталды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде биылғы жылға 1 288 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, өткен жылдың қорытындысымен 2 145 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар 166,5 % орындалды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл ішінде 144 адам жолдау жоспарланып, 571 адам жолданды (жоспар 405%).

Енді бір ауыз толтырып айтатын білім саласында айтқарлықтай оң өзгерістер орын алуда. Ауданның білім саласында 40 мектепке дейінгі ұйым тіркелген, оның ішінде 37-сі балабақша, 3-і шағын орталықтар. Олардың 17-сі мемлекеттік, 20-сы жекеменшік балабақшалар. Мемлекеттік балабақшаларда – 2491 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1742 бала, шағын орталықтарда 85 бүлдіршін, МАД тобында – 1387 бала тәрбиеленуде.

Жалпы ауданда қамтылуы тиіс 3 пен 6 жастағы балалар саны 3976 болса, 100% қамтылып отыр.

2021 жылы аудан мектептерін бітірген 828 түлектің 718-сі ҰБТ тапсырып, (2020 жылы 682 түлектің 587-і ҰБТ тапсырды) нәтижесінде аудан көрсеткіші 61 балды құрады (2020 жылы 57,65). 77 оқушы «Алтын белгі» (2020 жылы 53 оқушы), 56 оқушы «Үздік аттестат» (2020 жылы 46 оқушы) иегерлері атанды.

Елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты аудан мектеп оқушыларының жазғы демалысы ұйымдастырылмады.

Мәдениет және спорт саласында қыруар жұмыстар атқарылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіліп жатыр. Есепті жылдың 2-ші шілдесі күні Түркістан облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және домбыра күніне арналған «Күй құдіреті» облыстық жас күйшілер байқауы мен ұлттық аспаптардың байқау көрмесі ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін облыстық «Жайдарман» ойындары өткізілді.

10 желтоқсан  күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты халықаралық ақындар айтысы өткізілді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2021 жылы «КАТКО қазақ-француз бірлескен кәсіпорынынның» демеушілігімен Абай, Балдысу, Көктөбе және Қайнар елді мекендерінде жасанды төсеніштегі кіші футбол алаңшалары мен балалар ойын алаңшалары салынып пайдалануға берілді.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бірлесіп 2021 жылға 78 спорттық іс-шаралар өткізу бекітіліп, оның қараша айына дейін 52 іс-шарасы өткізілді.

Денсаулық сақтау саласына 2021 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 71,5 жасты құрады. Ана өлімі тіркел-меді. 2021 жылы 1598 бала туылып, өткен 2020 жылмен салыстырғанда туылған бала саны 51% артты.

Өздеріңізге белгілі карановирус пандемеясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланып, одан әрі карантин жүйесі енгізілді. Осыған орай ауданда:

1.120 орындық провизорлық госпиталь ашылды (Таукент кентінің ауруханасы) Есепті мерзімде ауданда коронавирус инфекциясы расталған 425 жағдай тіркеліп, қайтыс болған адам жоқ. Сондай-ақ, пневмония ауруы бойынша 130 адам тіркеліп, 4 азамат көз жұмды.

Тәртіп пен реттілік өз деңгейінде жүзеге асып жатыр. Аудан бойынша 2021 жылы 81 (2020 ж – 121) қылмыс тіркеліп, 2020 жылмен салыстырғанда 40% қылмысқа азайды.

Жасалған қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау мен орташа ауыр қылмыстарды құрайды. Бөтеннің мүлкін ұрлау көрсеткіші бойынша – 15 (2020 ж – 63), аса ауыр қылмыс – 1 (2020 ж-2), ауыр қылмыстар – 16 (2020 ж-33) азайды.

Мемлекеттік мекемелер бойынша өткен 2021 жылы жалпы -13 205 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде: ХҚКО арқылы -1805 қызмет, электронды үкіметтің веб-порталы арқылы -2425 қызмет, электронды түрде ақпараттық жүйелер арқылы -8928 қызмет, тікелей -47 қызмет көрсетілді.

Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 83% құрады.

Аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдері мен ауылдық округ, кент әкімі аппараттарында және оған бағынышты мемлекеттік мекемелерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылып келуші азаматтарға электронды қызмет алуға жағдай жасалған.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ғимаратында «Халықтық кеңсе» ашылып, жұмысын жалғастыруда. Бұнда ауданның барлық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін дербес бөлімдері шоғырланып, арнайы маман бекітілді. Өтінішпен келген аудан тұрғындарына консультативті-ақпараттық кеңес беру арқылы қызмет көрсетіледі.

Жиында ауданның әлеуметтік-эко-номикалық жағдайымен толық таныс-тырған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ағымдағы жылдың 16 наурызында халыққа жолдаған Жол-дауын тілге тиек етіп, терең мәні мен мазмұны жайында ойын ортаға салды. Сонымен қатар барлық жұмыстарды халықпен бірлесе, ақылдаса атқарып жатқандарын атап өтті.

«Бұл жүйеде әкімдердің, орталық және басқа да мемлекеттік органдар-дың заң аясында барлық мүмкіндік-терді пайдаланып, азаматтарды тыңдау және олардың мәселелерін шешу маңызды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз осы.

Оның ішінде, әкімдіктің халық үшін атқаратын басты бағыттары ол – тұр-ғындардың табысын арттыру, жұмыс-пен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұ-рылым мен тұрғын үй, сапалы білім мен саналы тәрбие, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамта-масыз ету мәселелері болып табыла-ды», – деді Мұхит Сексенбайұлы.

Қорыта келгенде даму мен өркендеудің жаңа бағыты да еселі еңбек етіп жатқан Созақ ауданының келешегі кемел екені анық. Әр салада атқарылып жатқан жұмыстар легі өз нәтижесін беріп дамудың жаңа кезеңіне аяқ басары, әлеуеті артқан үстіне арта берері даусыз.

Leave a reply