Еліміздегі экономиканың басты драйвері ол шағын және орта бизнес болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында Түркістан облысы Сауран ауданында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын субъектілердің саны 5054 құраған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында диверсификация мен технологияға негізделген экономика құру жай қажеттілік қана емес, бұдан басқа дамудың жолы жоқ екенін нақты атап өткен болатын. Бұл бағытта ауданда жаңа аудан құрылғалы үздіксіз жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аталмыш ауданда екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Turkistan Fruit» ЖШС жоба құны 8 млрд 533 млн. Онда 54 жаңа жұмыс орыны ашылады. Зауытта қара шөрік егіп, оны өңдеп шырын шығарады.
Екіншісі «Туркестан Агро ХХІ» ЖШС жобасы. Құны – 6 млрд 400 млн. Теңгені құрайды. 19 жаңа жұмыс орыны ашылып, тауарлы сүт фермасы болмақ.
Сонымен қатар, жоба құны 2 млрд 562 млн.теңгені құрайтын Төлеби ауданында орналасқан Ленгер «Балмұздақ» ЖШС өздері шығаратын өнімдерін сақтайтын қойма салу жоспарлануда. Бұл бойынша тиісті құжаттамалық жұмыстар жүргізілуде. 100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аудандағы ШОБ субьектілерінің басым көпшілігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Кәсіпкерлермен ұдайы кездесіп, өзекті мәселелерін талқылап, жан-жақты қолдау көрсетудеміз. (жер, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие)
Оның бір дәлелі наурыз айында іске қосылған «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300,0 млн теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Кезең-кезеңімен 300 адамға дейін ұлғайтпақ. Бастапқыда кәсіпкерде жер және жеңілдетілген несие мәселесі туындаған, қазіргі уақытта толықтай мәселесі қанағаттандырылып, жоба іске қосылды. (темірден жиһаз жасау 0,45га)
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында 2022 жылдың 3 айында 1 млрд 456,9 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 89,2% құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 1 млрд 038,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 78,8%. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысымен инвестиция 3,2 млрд.теңгені құрап, 111,2% жетті.
Өңіріміздің потенциялын пайдалана отырып және ауданымыздың географиялық орналасу мүмкіндігін ескере келе бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды жүргізілетін болады. Басты мақсатымыз жаңа жұмыс орындарын ашу және аудандағы жұмыссыздық деңгейін түбегейлі жою болып табылады. Елімізде кез келген кәсіпті меңгеріп, оны жүргізуге, дамытуға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау көрсететін арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Сондықтан болар аудан құрылғалы бері өз кәсібін бастағысы келетін азаматтардың саны күн санап артып келеді.