Сайрамда былтыр не атқарылды, биыл не істелмек?

0
109

Сайрам ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 196,8 млрд.теңгені құрады. Ал биылғы жылы жалпы өнімді 214,0 млрд.теңгеге, яғни өсімді 8,7 % жеткізу жоспарлануда. Жалпы өнімнің 56%-ы ауыл шаруашылығының үлесінде болып, 110 млрд теңгеге өнім өндірілген. Аудан әкімі Ұ.Сәдібековтың айтуынша биылғы жоспары 120,0 млрд.теңгеге жеткізу.

«Өткен жылы жаңадан 101 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендірілді. Жылына 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 275 га жерден 5,4 мың тонна өнім, екінші айналымда көлемі 260 га жерден 6 мың тонна өнім алынды. Ауданда жұмыс істейтін 67 кәсіпорын тарапынан 38,1 млрд теңгеге өнім өндіріп, өсім 4,8 млрд.теңгеге жеткен. Ал биылғы жылға өнім көлемін 43,5 млрд теңгеге (14%) жеткізу жоспарлануда. 2021 жылы 27,7 млрд.теңгеге инвестиция тартылса, биыл 39 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде» дейді аудан басшысы.

 

Жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 4 жоба іске асып, 70 жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, «AYKAN» ЖШС құрғақ сүт өндіру, «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің балалар мен ересектерге арналған «Жөргектер мен сулықтар» жобасы, «Elit Story M&A» ЖШС асфальт бетонды қоспа шығаратын жобалар іске асқан.

Өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында биылғы жылы құны 7,4 млрд теңгелік 2 жоба іске қосылады. Олар: «Зәуре» ШҚ жылыжай жобасы (2,1 млрд. тң.) мен «Бексұлтан 112» ЖШС-нің 21 мың бас малға арналған бордақылау кешені (5,3 млрд. тң.) іске асырылған.

Жұмыс істеп тұрған 15800 кәсіпкерлік субъектілерімен 127,6 млрд.теңгеге өнім өндірілген. 24,0 мың адам жұмыспен қамтылған. Субъектілер саны 455 бірлікке, өнім көлемі 37 млрд.теңгеге артты. Шағын кәсіпкерлікте өнім көлемін биыл 146,7 млрд.теңгеге (15 %) жеткізу жоспарда. Әлеуметтік салаға оралсақ, жұмыссыздық деңгейі 2021 жылы 5,1% құрады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жалпы 10491 адам тартылып, 6973 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.

2021 жылы аз қамтылған 4336 отбасына 926,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек беріліп, 3606 балаға 189,2 млн теңге кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды.

Аудан көлемінде кедейшілік деңгейі соңғы үш жылдың нәтижесінде 2019 жылғы 34,8 %-дан 2021 жылы 10,3 %-ға төмендеген. Бұл дегеніміз 23 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылып, халық санына (223,7 мың адам) шаққанда үлесі 10,3 %. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2022 жылға 4672 адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға 1,1 млрд теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 тұрақты жұмыс орнын ашу жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, аудандағы 87,0 мыңнан астам жұмыс күшіне биылғы жылға 870 нәтижелі жұмыс орнын ашуды көзделуде. Бүгінгі таңға кәсіпкерлік субъектілері есебінен  530 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Биылғы жылы 6 инвест жобаларды іске асыру нәтижесінде 215 жұмыс орнын, ауылдық жерлерде отбасылық шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен 214 жұмыс орындарын құру межеленуде. Өткен жылы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 85 отбасына 17,0 млн теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ал, 2022 жылға тұрмыс жағдайы төмен деп танылған 77 отбасына көмек көрсету, оның ішінде 3 отбасын тұрғын үймен қамту көзделуде.

Инфрақұрылым: Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамамыз ету үшін 6 елді мекеннің су құбыры желілерін жөндеу, су мұнарасын ауыстыру, 2 елді мекенде жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүрді.

Сондай-ақ, биылғы жылы ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының жобалық құжаттамаларын әзірлеуге 13,5 млн.теңге бөлінді. Былтырғы жылы 5 елді мекенге табиғи газ беріліп, қамту көрсеткіші 61,9%-дан 73,8%-ға жетті.

Ал, 2024 жылға барлық елді мекендерді 100% табиғи газбен қамту мақсатында өткен жылы газдандыруға 1,1 млрд.теңге бөлінсе, биылғы жылға 1,4 млрд.теңге қаралып, құрылыстары кестеге сай жүргізілуде.

2021 жылы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 16 нысанға барлығы 2,0 млрд теңге қаржы қаралып, 4 нысаны аяқталды. 25 га жер теліміндегі жеке тұрғын үй салуға жаңадан берілген жерлер газбен, 50,0 га жер телімі (477 үй) ауыз сумен қамтылды.

Ал биылға осы мақсатта жобаларды іске асыруға 714 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 4,9 млрд.теңгені құрайтын 12 жобаның ЖСҚ-сы дайын. Қаржыландыруға ұсыныс берілген Слайд №15.

Автомобиль жолдарын дамытуға 1,1 млрд теңге қаралып, 80 шақырым жол жөнделді. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 55,5%-дан 62%-ға жетті.

Биылғы жылы аудандық маңызы бар 4 жолға күрделі жөндеу, 15 жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Одан бөлек, құны 8,2 млрд.теңгені құрайтын 12 көшенің күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-сы дайын.

Ауданда тұрғын үйге мұқтаж ретінде 2594 азамат тіркелген, Кезектегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 2020 жылы 249,0 млн теңгеге сатып алынған 31 дана коммуналдық тұрғын үй мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға, 2021 жылы 97 млн.теңгеге сатып алынған 12 пәтерлі қызметтік үй кезектегі мемлекеттік және әлеуметтік қызметкерлерге табысталды.

Leave a reply