Сайрам ауданы өңір экономикасына елеулі  үлес қосып келеді

0
125

Сайрам ауданы көлемі жағынан басқа аудандармен салыстырғанда кіші болса да өңір экономикасына қосар үлесі мол аймақ. Мұнда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Диқаншылықпен айналысып несібесін жер анадан тауып отырғандарда жетерлік. Мал бордақылап мол табысқа кенеліп отырғандар да бар. Біз ауданда биылғы жылдың он айында қандай оң өзгерістер бар соған тоқталмақпыз. Ауданның басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 194,3 млрд теңгеге жетіп, өсім 35,6 млрд.теңгені құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 18,1%-ға артқан. Жалпы өнімнің ішінде 53,4%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 23,5%-ы өнеркәсіп саласына, 17,2%-ы бөлшек саудаға, 5,8%-ы құрылыс саласының үлесінде.

Сайрам — ең ірі аудандардың бірі. Ауданының әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар жалғасады. Ауылды дамытуға басты басымдық беріледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жасаған сапарында облысты әрі қарай дамытуды тапсырды. Сонымен бірге, өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Анықтама бойынша Халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру;  Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту;  Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту;  Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие беру; Емдеу мекемесі жоқ ауылдарда алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету;  Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру; Кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру;  Жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алу; 2025 жылға дейін жолдарды 95% – ға жақсарту; 1 Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару және тағы да басқа.

Айқындаған міндеттер еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жолдау өзегі – ел үшін еселі еңбек ету. Ендігі жерде әрқайсымыз Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершіліктерді сезініп, барлық бастамаларды лайықты жүзеге асыруға міндеттіміз. Бүгінгі жүздесуде осыған дейін өздеріңіз көтерген бірнеше ұсыныстың орындалу барысын баяндаймын. Осыған дейін 15 маңызды мәселелер көтерілген екен, оның басым бөлігі шешімін тапты. Кейбір мәселелерді шешу уақытты талап етеді. Жалпы, айтылған мәселелердің барлығы міндетті түрде шешімін табатын болады. Жаңа ғана Ақсукент ауылындағы 1 200 орындық жаңа мектептің ашылуында болдым. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан салынған он бесінші мектеп.

Басқаларға үлгі болып, жеке мектептерді салудан аудан көш бастап тұр. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Келер жылға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда (жалпы құны – 1,4 млрд. теңге., а.ж. облыстық бюджеттен 10 млн. теңге). Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. 3 Салынатын мектептер жаңа форматта болады. Пилоттық жоба Астанадан бастау алды. Нәтижесінде, түлектердің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал университеттеріне оқуға түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Жобаның шеңберінде, жоғарыда атап өткен мектептен бөлек, Манкент елді мекенінде, сондай-ақ Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 7 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда (жалпы 1,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде РБ/ҰҚ – 1,08 млрд.теңге, ЖБ – 25,1 млн. теңге).

Атап айтқанда Нұржанқорған елді мекенінде 300 орындық мектептің қосымша ғимаратының құрылысы және Қарамұрт, Қолкент, Ақсуабад елді мекендерінде 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өздеріңіз көріп отырғандай, жас өскелен ұрпақтарымыздың біліміне ерекше көңіл бөлудеміз. Еліміздің болашағы осы жастарымыздың қолында! — Бұдан бөлек, Ақбұлақ елді мекенінде жаңа мәдениет үйі құрылысы басталды. Жалпы құны 220 млн. теңгені құрайды. (а.ж. 100 млн. теңге. бөлінді). 2023 жылы нысан пайдалануға беріледі. 4 — Қарасу елді мекенінде жаңа спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарына 200 млн. теңге қарастырылды (жалпы құны – 721 млн. теңге). Аталған нысан 2023 жылға өтпелі. — Қасымбек датқа елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде (а.ж. 82 млн.тг. бөлінді). 2023 жылы нысан пайдалануға беріледі. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған.

Бұл бағытта Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Құтарыс, Қызылжар және Көлкент ауылдарын табиғи газбен қамту бойынша 4 жоба жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 5,1 млрд. теңгені құрайды. 2023 жылы нысандар пайдалануға беріледі деп күтілуде (а.ж. ұлттық қордан 1,4 млрд. теңге). Қарасу ауылдық округі Әйтеке би ауылындағы жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 2 жоба басталды. Келесі жылы пайдалануға беріледі (жалпы құны – 518,6 млн. теңге., а.ж. республикалық бюджеттен 428,5 млн. теңге. бөлінді). Бұдан бөлек, 6 аудандық маңызы бар жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 2022 жылы Сайрам ауданы бойынша 2,5 мың жұмыс орындарын ашу жоспарланды. 5 Қазіргі таңда бұл жоспар артығымен орындалып, 3 253 жаңа жұмыс орны ашылды (о.і. 173 тұрақты, 3 080 уақытша). «Еңбек» бағыты аясында аудан бойынша 9 айдың қорытындысымен 8,5 мыңға жуық адам (8 468) жұмыспен қамтылды (жоспар – 5 617). Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай бір мыңға жуық адам жұмысқа орналасты.

Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында, бүкіл қоғам болып жұмыла жұмыс атқару маңызды. Сайрам – ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Еліміз бойынша ет экспорттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруден де үздіктер қатарында. Бұның бәрі – осындағы тұрғындардың бірлігі мен еңбегінің жемісі. Тату-тәтті әрі ынтымағы жарасқан елдің жеңісі. Біз осы бірліктен айнымай, Түркістан облысын дамытуға күш салуымыз керек. Аймақтағы өзекті мәселелерді ең алдымен әрине, жергілікті халық жақсы біледі.

 

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт елді мекенінің тұрғыны, механизатор  Рүстем Хайтметовтің бригадасын жұрт осылай атайды. Расында, ол басқаратын механикаландырылған отрядта техниканың түр-түрі бар. Астық жинайтын комбайн, доңғалақты трактор, «Газ-53» жүк автокөлігі және «Нива» жеңіл көлігі дейсің бе, бәрі бар. Бригада құрамында Рүстемнің  Ашурмат және Тахир атты ұлдары қажырлы жұмыс істеп жүр. «Әкеге тартып ұл туар» демекші, жастайынан еңбекпен ысылған балаларының үлкені комбайн штурвалында отырса, екіншісі тракторды ұршықтай үйіреді. Жақын ағайыны Фахруддин Икрамов механизаторлардың басшысы. Жүргізуші Хайтуар Атамқұлов та қара жұмыстан қайтпайды. Жігіттердің бәрі дерлік бесаспап. Әрқайсысы кез келген техниканы басқара біледі. Бұдан басқа жер жыртатын, танапты малалайтын, дән себетін, шөп оратын, оны престейтін агрегаттары, тағы басқа да ауыл шаруашылығы техникалары жетерлік. Арнайы тележканы жабдықтап, жылжымалы асхана жасапты. Олар кешке үйіне қайтпай, қоста демалады.  Бір сөзбен айтқанда, жылжымалы кешенді механикалық отряд көктемнен қара күзге дейін бір тыным таппайды. Алдымен жер жыртады. Сосын алқапты тырмалап,  оны егіске әзірлейді, дән сепкіш сеялкамен тұқым себеді. Жасыл орақ  кезінде жоңышқа мен табиғи шөпті оруға кіріседі.

Өткен жылы қуаңшылық болуына байланысты бастапқыда жоңышқа пресінің бағасы 1000-1200 теңге аралығында болса, кейін оның бәсі 1500-1600 теңгеге шарықтап шыға келді.  Биыл тайланған экспарцеттің әрбірі 400-500 теңгеге төмендесе, жоңышқа пресінің әрқайсысын 500-600 теңгеге саудалап алғандар аз болмады. Бидайдың гектар берекелілігі де былтырғыдан жоғары. Өйткені, биыл жауын-шашын мол болды. Әр гектардан орта есеппен 15-20 центнерден дән бастырған шаруалар еңбектерінің еш болмағанына шүкіршілік етеді.

Жылдағы дәстүр бойынша Рүстем Хайтметовтің бригадасы егін орағын өз ауылынан бастап, мұнда 200 гектар дәнді дақылдан мол өнім алды. Сосын көршілес Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округіндегі елді мекендерге көмекке келді. Мұнда оларды асыға күтетін диқандар мен фермерлер көп. Қазірдің өзінде аталмыш бригада 700 гектардың астығын жинап үлгерді. Бұл бригаданың бір ерекшелігі, 2 комбайнның соңына сабан топанын жинайтын «ПУН» тележкасын тіркеген. Ал, ұнтақталған бидай сабаны малға таптырмас азық. Сондықтан тұрғындар тарапынан бұған  сұраныс та жоғары. Шаруа өзіне қажеттісін үйіне түсіріп алады, артылғанын өзгелерге сатады. Р.Хайтметовтің мехотряды мұнан кейін Тасарық, Қаратөбе ауылдық округтеріндегі елді мекендерге қарай жылжиды. Ақсу өзенінің арғы жағында да егістік алқаптар күтіп тұр. Сондықтан осы аймақтағы жиын-терімді аяқтамай, олар үйлеріне қайтпайды. Бидайдан кейін мақсары оруға кіріседі. Күзде қайтадан келесі жылдың өніміне негіз қалау үшін жер айдау науқаны кезек күтіп тұр.

– Әрине, шаруаның бәрінде бірдей техника жоқ. Ал, шағын өндірістік кооперативтер алдымен өздерінің астығын жинайды. Олардың жеке шаруа қожалықтарына көмектесуге мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті, көбісі  бізден көмек күтеді, – дейді Рүстем Хайтметов. – Біз қолжетімді бағада егінін орып, астығы мен сабанын үйлеріне жеткізіп береміз. Осылайша халыққа қызмет көрсетіп, алғысын алып жүрген жайымыз бар.

Саналы ғұмырының 25 жылын ауыл шаруашылығы саласында өткерген қарапайым механизатор іске қолбайлау

болатын кедергілерді де жасырмай айтты. Мәселен, күн өткен сайын белең алған қымбатшылық қос бүйірден қыса түсуде. Әсіресе, босалқы бөлшектердің бағасы аспандап барады. Диқан соған

қынжылады.

– Бұрын 300 теңге тұратын комбайнның бір подшивнигі биыл 1 800 теңгеге көтерілген, яғни 6 есе өскен. Былтыр солярканың литрі 170-180 теңге аралығында еді, қазір 220 теңгеден босатылады. Тракторлардың доңғалағын 60 мың теңгеден алатын едік, енді олар 160 мың теңгеге шарықтап шыққан. Ал, комбайнның үлкен баллоны 300 мың теңгеге көтерілген. Астық жинайтын агрегаттың ремені жиі жарамсызданады. Оны бұрын 16-18 мың теңгеге табуға болатын. Қазір оны сатып алу үшін 42 мың теңгені санап беруге тура келеді. Басқасын айтпағанда, литрі 500 теңге тұратын автолды 1200 теңгеден сатып алуға мәжбүрміз. Қымбатшылық қамыты механизаторлардың мойнына түскен қылбұрау сияқты. Осы бетімізбен кете берсек, қайда барамыз? Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы,  Ауыл шаруашылығы министрлігінің не ойлағаны бар осы?! Қымбатшылыққа тұсау салынатын уақыт бола ма? – деп ашынады Рүстем.

Осындай қиындықтарға қарамастан өсірілген дәнді дақылдарды ысырапсыз жинап алып, ел ырысын еселеп жүрген механизаторлардың еңбегіне тәнті

боласың.

 

 

 

 

Сонымен Сайрамдағы әр салаға жекелей тоқталып, тереңінен тарқатайық.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ӨНЕРКӘСІП,

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК.

 

Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені ауданда тұрақты дамуда. Салада соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 10 айда 103,8 млрд.теңгеден астам өнім өндірілсе, былтырға қарағанда 9,7 млрд.теңгеге артық өнім алынған.

Жаңадан 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе, жылыжайлар 10,4 га жерге салынып, 35 га жерге қарқынды бау егілді. Былтыр “Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу” жобасы 280 гектарда жүзеге асырылса, биыл бұл көрсеткіш 306,2 гектарға жетті. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 10 айда ет өндірісі 0,1%-ға, сүт – 1,0%-ға артты.

Сондай-ақ, жалпы 105 жұмыс орнымен қамтылған 2,9 млрд.теңгелік 5 жоба іске қосылған:

– Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы»- диірмені (құны-370,0 млн. теңге) мен өсімдік майын шығаратын цехті іске қосты (құны – 37,0 млн. теңге);

– Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і–сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік, құны – 100,0 млн.теңге);

– Ақсукент ауыл округіндегі “ЗӘУРЕ” ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасы (құны – 2232,9 млн.теңге) іске асты.

Суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтып, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге ұзындығы                             132 шақырым каналдар мен арықтар тазаланды, жұмыстар жалғасуда.

Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін 119,7 млрд.теңгеге жеткізіп, өсімді сақтап қалу межеленуде.

 

Биылғы жылдың 10 айында кәсіпорындармен 45,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 15,0 млрд. теңгеге артқан. Өңдеу саласы дамып келеді, оның өнеркәсіп саласындағы жалпы үлесі 86%-ға жетті, бұл салада 39,5 млрд.теңгенің өнімі шығарылды.

Құрылыс индустриясын дамытуда кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен 1 жоба іске қосылды, тұрақты өнім өндірілуде:

– Ақсу ауылында орналасқан «Корпорация АЯН» ЖШС-і–газоблок шығаратын зауыт, құны -200,0 млн.теңге, қуаттылығы 830 текше метр, ашылған жұмыс орны – 30 адам.

Өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 43,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Аудан экономикасына жыл басынан 32,9 млрд.теңгеге инвестиция тартылса, оның 27,6 млрд.теңгесі немесе 84% жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы жылдары 1,6 есеге артқан.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады. Ауданда биылға жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 222 грант беруге 272,2 млн.теңге бөлінсе, бүгінгі таңда 224 азаматқа берілді.

2022 жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 136,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 146,7 млрд.теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары  жақсы жүргізілуде. Есепті кезеңде микрокредиттік ұйымдар  арқылы 2543 жоба  8525,2 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Ірімшіктің төрт түрін өндіретін зауыт

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында ірімшіктің төрт түрін өндіретін «Рассвет» деп аталатын өндірістік кооператив бар. Аталмыш ауданға іссапармен барғанда осы өндірістік кооперативтің басшысы Жанболат Алпысбайұлына жолығып, зауыттың жай-күйімен танысқан болатынбыз.

Өндіріс орны екіге бөлінген. Оның үлкен бөлігінде ірімшік өндіріледі екен. Ішке енгеннен бізге Түркиядан әкелінген техникалардың гүрілдеген дауысы зауыттың жұмысының қыз-қыз қайнап жатқанын аңғартты. Ақ халат киген қызметкерлер өңделген сүт өнімін қалыптарға салып, мұздатқышқа жөнелту үстінде екен. Мұнда жақында әкелінген бір аппарат ірімшікті аспаздар жылдам әзірленетін тағамдардың (мәселен, пиццаның) бетіне сала қоятындай етіп турап беретін көрінеді. Зауыт қызметкерлері бүгінде бұл өнімге де сұраныстың артып отырғанын жеткізді.

Ірімшік өндірілетін сектордан кейін құрт жасайтын аймаққа өттік. Қазір құртты да қолмен жасайтын заман емес қой. Оның да өзіндік технологиясы мен техникасы бар. Сол техника көз алдымызда бір мезетте бірнеше құртты дөп-дөңгелек етіп шығара салды. Бұдан 10 күн бұрын жасалған құртты жеп көрдік. Сыртына майы сап-сары болып шығып тұр. Базардағыдай қатты да емес. Тіске жұмсақ тиеді екен.

Өндіріс орнының жұмысымен танысып болғаннан соң копператив басшысы Жанболат Алпысбайұлымен тілдестік. Мұнда қазіргі таңда ірімшіктің төрт түрі өндірілуде. Оның бірі – жоғарыда айтып өткеніміздей, жылдам әзірленетін тағамдарға арналған «Мацарелла» деген ірімшік. Ол «Крал» деген сауда белгісімен шығарылады екен. Екіншісі – таңғы асқа арналған «Сұлтан сыр». Үшіншісі – «Голландский сыр» болса, төртіншісі «Гауда» деп аталады.

Жанболат Алпысбайұлы өндіріске қажетті сүт өнімінің жергілікті жерден әкелінетінін айтады. Жаз мезгілінде тәулігіне 25 тоннаға дейін сүт өнделетін болса, қазір күннің салқындауына және қыс мезгілінің жақындауына байланысты оның көлемі біраз азайған.

Зауытта ірімшіктің дәмін, жасалу технологиясын күнделікті қадағалап отыратын Түркия елінен келген арнайы маман бар. Өндірістік кооператив өндірген әрбір ірімшік 30 күнге дейін 4 градуста сақталынады. Кейіпкеріміз бүгінде өнімдердің сұранысқа сәйкес еліміздің солтүстігі мен шығысына тасымалданып жатқанын да жеткізді.  Зауытта жергілікті жердің 20 тұрғыны еңбек етуде.

«ALITEX» тігін цехы

Өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласы уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Соның қатарында Қарабұлақ ауылдық округіндегі «ALITEX» тігін цехының әлеуеті жоғары.

Жеке кәсіпкер Сардар Усманов жаңа цехты іске қосуға өз есебінен 20 млн. теңге қаражат жұмсаған. Цех өз жұмысын биыл мамыр айының соңында бастады. Цех қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен қамтылған.

Бүгінгі таңда цехта 18 мың жаздық және 10 мың қыстық әскери киімдерге тапсырыс алынып, пішіп, тігу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тігіншілердің орташа айлық жалақылары 80-90 мың теңгені құрайды.

«ALLO TAXI» қызметі

Жол мұраты – жету. Діттеген жерімізге аман-есен, әрі тезірек жету үшін қоғамдық көліктен бөлек, такси қызметін тұтынатынымыз бар. Бүгінде көшеде қол бұлғап такси тоқтатып тұратындар некен- саяқ. Такси қызметіне қоңырау шалсаңыз болғаны, үйіңіздің алдына дейін келіп алып кетіп, аяғыңызды жерге тигізбей, баратын жеріңізге жеткізеді. Өзім де такси қызметінің тұтынушысымын. Бір күнде кемінде бір рет такси қызметін қолданамын. Бұрындары ауданымызда арнаулы такси қызметі жоқ болатын. Ешбір жерге тіркелмеген такси жүргізушілеріне жүгінсең, аузына келген бағаны айтып, қалтаңды қағатын, кейде айтқан бағасына келісе алмай амалсыз қоғамдық көлікке отыратынбыз. Оның үстіне мұндай такси жүргізушілеріне сенім жоқ. Көпшілігі жол ережесін сақтамайды, көліктерінен бензин мен темекінің қолаңса иісі аңқиды, одан бөлек алдындағы көліктермен жарысып зәреңді алады. Қысқасы, әлгі көліктен тезірек түсіп кетуге асығасың. Ауданда «ALLO TAXI» қызметі пайда болғалы мұндай жайсыздықтың барлығын ұмыттық. Шақырған жеріңе 10 минутта жетіп келетін таксидің қызмет құны тиімді.

Аудан тұрғыны кәсіпкер Алтыбаев Дәулет Есмаханбетұлы ауданда арнаулы такси қызметінің жоқ екенін ескеріп, былтыр сәуір айында Ақсукент ауылынан «ALLO TAXI» қызмет түрін ашқан. Содан бері такси шақырушылардың саны толастаған емес. «Алло такси» қызметіне 150-ден астам көлік тіркелген. Таңғы сағат 7.00-ден түн-

гі сағат 3.00-ге дейін халыққа қызмет ететін такси жүргізушілеріне тұтынушылар дән риза. «Алло такси» қызметінің директоры Дәулет Есмаханбетұлының айтуынша бір күнде 800-ден аса шақыртулар түседі екен.

– Мереке күндері тіпті үлгере алмай жататынымыз жасырын емес, осындай кезде байланыс телефондарымыз босамай жатады, мұндай кезде Play маркеттен «ALLO TAXI» қызметінің қосымшасы арқылы таксиді шақыртуға болады. Такси қызметіне шақырту қоңырауы түскен кезде біз олардан қандай көлік түрі керек екенін міндетті түрде сұраймыз. Себебі, бізде көліктердің комфорт, эконом және 7 адамға арналған көлік түрлері қарастырылған. Еліміздің барлық қалаларына жеткіземіз. Қызмет құны 1 шақырымға 60 теңгеден есептеледі, – дейді ол. Такси қызметінде жеткізу қызметі де бар. Жұма күндері жұма намазға баратындарды тегін жеткізеді. Жеке кәсіпкер Дәулет Алтыбаев бұл кәсіпті ашарда мемлекеттен көмек алмаған. Алдағы уақытта мемлекеттен қандай да бір көмек түрі көрсетілсе өз кәсібінің аясын кеңейтпек ниетте.

 

 

«Тажимат ата» шаруа қожалығы

Сайрам ауданындағы «Тажимат ата» шаруа қожалығында қазіргі таңда жұмыс қызу. Қожалықтың басшысы – Ділмұрад Хадиметов. Жер көлемі 40 гектар аумақты құрайды. Егілген бидай сұрыпы «Стекловидная-24». Жиын-терім науқанында гектарынан 40 центнер өнім алынуы мүмкін. Шаруашылықтың 6 техникасы бар, қосымша 3 техника жалға алынған.

Жалпы алғанда, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар. Оның ішінде күздік бидай 17001 гектарды құрайды.

Былтыр ауа-райының қолайсыз болуына байланысты күздік бидайдан алынған өнім көлемі гектарына 8,5 центнерді құрады.

Аудандағы диқандар енді 20-25 күн ішінде астықты толық жинап алады.

Күздік бидайдың «Стекловидная-24», «Память-43», «Интенсивная», «Красноводопадская-23» және «Третикале» (Орда) сорттары егілген.

 

Сайрамдықтар қазіргі таңда қалыптасқан дәстүр бойынша өсірілген өнімді жинап алудың қам-қарекетінде жүр. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің биылғы көкөніс, жеміс-жидек, картоп және мал азығындық дақылдардың жиналып, дайындалғаны туралы мәліметіне көз жүгіртсек, көрсеткіш көңіл тоғайтады. Мәселен, аудан бойынша қазірдің өзінде барлығы 30060 тонна жеміс-жидек жиналды. Атап айтқанда,18250 тонна алма, 220 тонна шие, 310 тонна құлпынай, 11280 тонна алхоры межелі жерге жеткізілді.

«Екінші нан» аталып кеткен картоптан биыл 69400 тонна өнім жинау көзделсе, бүгінгі таңда 101700 тонна өнім алынды. Сөйтіп, жоспардың орындалуы 146,54%-ды құрады. Жалпы, барлығы 155300 тонна көкөніс жинау межеленсе, бүгінде оның 107157 тоннасы жиналып алынды.

Сайрамдықтар сондай-ақ, алдағы қыстамаға мал азығын дайындауға басты назар аударып отыр. Бүгінге дейін аудан бойынша барлығы (өлшем бірлігі мың тонна) 487,4 тонна сояулы мал азығы, соның ішінде 276,79 тонна жоңышқа, 157,8 тонна табиғи шөп, 32,41 тонна сабан, 21,1 тонна пішендеме әзірленді. Мал азығын дайындау әлі де жалғасып жатыр.

Биылғы жылы сайрамдық диқандар масақты дәнді дақылдардан мол өнім алудың қамқарекетін ертеректен-ақ бастаған еді. Соның арқасында 15810,93 тонна өнім жиналды. Бидайдың гектар байлығы орташа есеппен 20,5 центнерден айналды. Ал, арпадан бүгінге дейін 2600 тонна өнім жиналса, оның әр гектарынан 18,0 центнер өнім түсті. Сөйтіп барлығы 4680 тонна өнім жиналды.

Қазір ауданның диқандары мен бағбандары ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалана отырып, өсірілген өнімдерді жинап алу үшін күш-жігерлерін жұмылдыра түскен.

 

«Dala fruit. kz» ЖШС

 

Сайрам ауданындағы Қарасу ауылдық округінде қарқынды бау шаруашылығы жылдан-жылға дамып келеді. Белгілі кәсіпкер, «Dala fruit. kz» ЖШС-нің басшысы Болатбек Нәжіметдинұлы тамшылатып суару әдісімен қарқынды бау өсіру аясында іске асырылған жобалармен таныстырды.

 

Жоба бойынша 2013-2016 жылдар аралығында 102 гектарға алма, 5 гектарға қара өрік көшеттері отырғызылған. Ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Бақ заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мұнда тамшылатып суару әдісі қолданылады. 77 жұмыс орны ашылған. 2020 жылы баудан 4000 тонна алма, 100 тонна қара өрік жиналған.

Бүгінгі таңда сыйымдылығы 15500 тонналық көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма іске қосылған. Бұдан бұрын 2017 жылы сыйымдылығы 8200 тонналық, 2019 жылы сыйымдылығы 7300 тонналық қоймалар салынған болатын.

2018 жылы кәсіпорында тауарлы емес (падалица) алманы қайта өңдейтін цех іске қосылып, 12 жұмыс орны ашылған. Жобаның қуаттылығы – жылына 11 мың тонна тауарлы емес алманы қайта өңдеп, 7,7 млн. литр алма шырынын шығару. Жобалардың жалпы құны 6,17 млрд. теңгені құрады.

Жоба бойынша мемлекеттік инвестициялық субсидиялар тұрақты берілуде. Серіктестіктің өндірген өнімдеріне сұраныс жоғары. Табиғи және таза өнімдер Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарына сатылымға шығарылуда.

 

«Алтын адам» тігін фабрикасы

 

Сайрам ауданы орталығында орналасқан «Алтын адам» тігін фабрикасы бүгінде мектеп формасын көптеп тігуде. Фабриканың «Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанның өзге өңірлеріне де жақсы танымал.

 

2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан фабрикада бастапқыда классикалық үлгідегі ерлер киімі тігілген. Фабрика өнімдері Шымкент қаласындағы және өзге өңірлердегі дүкендерге сатылымға шығарылған. Уақыт өте келе ерлер киіміне тапсырыс азайған соң мектеп формасын тігуге көшкен. Фабрикаға 8 жылдан бері бірыңғай мектеп формасына тұрақты тапсырыс берілуде. Жыл сайын 30 мың дана балалардың мектеп киімінен құралған жинақ дайындалады. Бұдан бөлек, теміржол, қорғаныс істері саласы қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімдерін дайындауға да тапсырыс түседі. Мұнда пандемия кезінде 30 мың данадан артық бетперде тігілген.

Фабриканың дайын өнімдері республика аумағында, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы екі дүкенге және жыл сайын өтетін жәрмеңкелерде сатылымға шығарылады. Өнімдерінің сапасы, киюге ыңғайлылығы, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы – бәрі-бәрі түгел ойластырылған.

Аталған фабрика заманауи үлгідегі Түркия, Жапония және Қытай елінен алынған автоматтандырылған құралдармен жабдықталған.

 

 

Сүтті Сайрам ауданыны

Сүтті Сайрам ауданының Қарабұлақ, Манкент, Қарамұрт елді мекендерінің тұрғындарынан жинайды. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 12 түрі шығарылып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне таратылуда.

Тәуелсіз зертханаға қомақты ақша төлеп, әр он күн сайын өз өнімдерінің сапасын тексертеді. Содан да болар табиғи сыр-ірімшіктері сөреде ұзақ жатып қалған емес. Өнімдерінің сақталу мерзімі – 2-3 ай. Зауыттың ішінде фирмалық дүкен жоқ, дистрибьютерлері сауда орындарына шығарады. Сүт өнімдерінен ірімшік  дайындайтын компаниялар арасынан «Айкан» ЖШС-і 2017 жылы Қазақстан бойынша жалғыз халал сертификатына ие болған. Оны еліміздің сол кездегі бас мүфтиі арнайы келіп, Шымкенттегі орталық мешітте тапсырған екен.

Бүгінгі таңда өнімдер «Эмир» бренді ірімшіктермен танымал.

Заттай көріністегі өндірістің орташа көлемі 1 тонна. Заттай көріністегі сатудың орташа жылдық көлемі 1 тонна.

«Эмир» ірімшік брендімен шығарылатын өнім өндіру мен сақтаудың барлық санитарлық нормаларын мұқият сақтай отырып, ірімшік дайындаудың түрік технологиялары бойынша Түркияның жоғары Технологиялық жабдығында өндіріледі. «Эмир» ірімшігінің 12 түрінің әрқайсысында көптеген құнды дәрумендер бар: ақуыз, кальций, магний, – деп атап өтті мекеме басшысы Алмагүл Айкан.

 

Мешітке, мүгедек балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне әрдайым демеушілік көмек көрсетіп отырған кәсіпорынның негізгі кәсіпкерлік тұжырымдамасы қоғам өміріне белсенді қатысу болып табылады. Олар қаржылық немесе басқа да көмек көрсететін қызмет саласына қарамастан және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге ат салысуда.

Компания өнім желілерін кеңейте отырып, белсенді дамуда. Компаниялардың атауы мен «Эмир» сауда белгісін тұтынушылар оңай таниды, ал өнімнің жоғары сапасы сатып алушылардың сенімін тудыратын брендпен қамтамасыз етіледі.

2013 жылдан бері  – «Қазақстанның үздік тауары», «Оңтүстік Қазақстан бизнесінің мақтанышы», «Озат сүт өңдеуші», «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Үздік халал кәсіпорын» және т.б. бірнеше марапаттауларға ие «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС кәсіпорны облысымызың экономикасына өз орасан зор үлесін қосуда, – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасынң директоры Асылан Ибадуллаев.

 

ЕРІНГЕННІҢ БӘРІ ЕТІКШІ ЕМЕС

Біздің елде ешқандай атақ та, марапат та алмайтын қарапайым еңбек адамдары бар. Солардың бірі етікшілер қауымы. Етік тігу екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Еңбекқорлық пен төзімділікті қажет етеді. Ерте заманда етікшілердің есімі тарихта қалған деседі, оларға көрсетілетін құрмет те ерекше болған-мыс. Заман жаңарып, техника дамыған сайын етікшілердің қызметіне әлі де сұраныс бар. Етік тігу көпшілік қырын қарайтын кәсіп болса да, күнделікті нәпақасын бейнетпен тауып жейтін етікшілердің еңбегі ерен. Аудан орталығында бірнеше етік жөндеу шеберханасы бар.

Қашан кірсең де қолдарынан бізі түспей етік жамап отырғанының куәсі боласың. Екі адам зорға сиятын аядай жерде тау болып үйілген аяқ киімдердің ортасында келушілерге қызмет көрсетіп отырған етікшілер әр келушімен жылы сөйлесіп, аяқ киімін де жөндеп үлгеріп жатады. Солардың бірі Манкент ауылының тұрғыны Мирзаев Әділбек Азатұлы. 25 жылдан бері етік тігумен айналысып келе жатқан Әділбек Азатұлы өз кәсібі жөнінде ағынан жарылды. Айтуынша 1997 жы-

лы бұл кәсіпті Ергаш деген етікші кісіден үйренген екен. Сөйтіп, 1999 жылы өзінің шеберханасын ашқан. «Жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Ай сайынғы салығымды төлеп тұрамын. Күніне 8-9 сағат жұмыс істеймін. Ешкімге тәуелді емеспін, табысым қанағаттандырады. Аяқ киім жөндеуге керекті қайыс, көн, былғары, жіп, желім секілді шикізаттар мен бақа бас темір, балға, шеге тістеуік, тетір пышақ , тағы да басқа құрал саймандарды Шымкент, Алматы қалаларынан алып келеміз. Осы күнге дейін бірде-бір адам ісіме шағым айтпаған»,-дей-ді етікші Ә.Мирзаев. Таңнан қара кешке дейін бір орында тапжылмай отырып етік жөндеуге екінің бірі төтеп бере алмайды. Әсіресе қарлы, жаңбырлы күндері етікшілердің көмегіне жүгінетіндер саны артады екен. Етікшімен аз ғана сөйлескен уақыт ішінде оның тілі салақтаған екі аяқ киімді оңдап, айналдыра тігіп, желімдеп үлгергенін байқадым. Содан соң ол келесі аяқ киімді қолына алып ескірген табанын алып тастап, жаңа табан салуға көшті. Шапшаң қимылдады, ісмерлікке үйренген, өз кәсібіне берілген. Әділбек ұста: «Аяқ киімдердің сапасын қалай ажыратамыз?» деген сұрағымызға: «Өзгені қайдам, өзім аяқ киім сапасын қолмен бір ұстағаннан-ақ ажырата аламын. Аяқ киім таңдауда, сапасына баса назар аудару керек. Бүгінде былғары таза аяқ киімдердің өзінен айнымайтын сапасы нашар көшірмелері шығып кетті ғой. Екеуін ажырату мүмкін емес, нәтижесінде көптеген сатып алушылар алданып қалып жатады», -деп жауап қатты.

Жалпы, дұрыс таңдалған аяқ киім аяқтың саулығына да тікелей байланысты. Әсіресе біз өкше киетін әйелдер қауымының аяқтары жиі ауырады екен. «Сұлулық құрбандықты талап етеді» дегенімізбен, бір сәт денсаулықты күткен дұрыс шығар. Десе де, қазіргі кезде баяғыдай біз өкше, басы үшкір аяқ киім киетіндер азайған. Бесіктегі баладан белі бүгілген қартқа дейін спорттық үлгідегі аяқ киім киіп жүр. Жүріс-тұрысқа ыңғайлы, әрі жайлы, бұл да болса дұрыс шығар», -дейді күліп. Әділбек ұста бүгінгі күнге дейін бірнеше шәкірт тәрбиелеген. Өзі екі адамды жұмыспен қамтыған. Етікшілердің бойынан өз кәсібіне деген құштарлық байқалады. Қара жұмыс істеуді ар санап, өкіметке өкпе артатын кейбір жандар осы кісілерден үлгі алса екен.

 

СӘБИ ЖӨРГЕКТЕРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Президент Қ. Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын.

Экономиканың күре тамыры – кәсіпкерлік. Кәсібі да-

мыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Бүгінде ауданда кәсібінің нә-сібін көріп жүрген жандар аз емес. Соның бірі Шапырашты ауылының тұрғыны Сүйін Бейімбет Жұмабекұлы. Бейімбет Жұмабекұлы Түркияның кәсіпкерлерімен бірлесіп, Ақсукент ауылынан Capable qroup атты бала жөргектерін шығаратын кәсіпорын ашқан. Бұндай жоба ауданда бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Күніне 180 мың жөргек шығаратын кәсіпорынның жұмысы бүгінде қарқынды. 2-ден 6-ға дейінгі өлшемдегі «Симбо бейби» және « Алтын бала» атты екі түрлі жөргек шығарады. Жөргекке оннан астам шикізат түрі қосылады екен. Бұндай шикізаттар мен жөргек өңдейтін технологиялар Түркия мен Америкадан жеткізілген. Өз кәсібін екі жыл бұрын бастаған жас кәсіпкер Бейімбет Жұмабекұлы басқа-басқа емес, дәл осы кәсіп түрін таңдағанын бала жөргегінің күннен-күнге қымбаттап бара жатқанымен байланыстырады. «Сөздің шынын айту керек, бүгінде нәрестелер мен бүлдіршіндерді жөргексіз елестету мүмкін емес.

Ғылым мен технология қарыштаған сайын, өмір сүру жеңілдей береді. Қазір сәбилерге кигізетін бір реттік жөргек – аналар үшін таптырмайтын көмекшіге айналды. Жаялық жуып шарша-

майсың. Нарықты жаулаған жөргектің сан түрі бар. Ұлға дейсіз бе, қызға дейсіз бе түр-түрі бар.

Бір күнде бірнеше жөргек қалтаға әжептеуір салмақ салады. Сондықтан осындай өнімдерді өзімізден шығарып, қол жетімді бағада сатуды жөн көрдік» дейді ол. Кәсіпкер кәсіпорынды ашуда аз еңбектенбеген. Түркияның жөргек шығарудың қыр-сырын меңгерген бірнеше мамандарымен бірлесіп қолға алған.

Бейімбет үшінші топ мүгедегі. Қазірше мемлекет тарапынан мүгедектігіне байланысты салық төлеуден босату сынды көмек түрін қанағат тұтып, өз арбасын өзі сүйреп жүрген жайы бар.

Сонымен қатар, 40-тан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Операторлар техникалық аппаратқа шикізаттарды салып, жөргек дайындаумен айналысса қалған жұмысшылар дайын болған өнімдерді жинап, арнайы қалташаларға салып қаттаумен айналысады. Мұнда дайын өнімдерді есептеп сатумен айналысатын мамандар да қарастырылған. Жұ-мысшылар 8 сағат бойы жұмыс істейді. Олардың арасында бірнеше мүгедектігі бар азаматтар бар. Азаматтардың денсаулығына байланысты бірнеше сағаттық жұмыс уақыты қарастырылған.

Бұрын-соңды бұндай орында жұмыс істемеген жұмысшылар үшін шет елден келген техникада жұмыс істеу әсте оңай емес. Осы себепті Түркиядан осы кәсіпте шыңдалған бірнеше мамандарды алдыртқан. Олар техниканың тілін жетік меңгерген. Соның бірі Энес Карабулут. Карабулут 1998 жылдан бері бала жөргектерін шығаратын зауыттарда жұмыс істеген. Әзірбайжан, Беларусь, Иран, Ирак, Тунус, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан сынды елдерде жөргек шығаратын кәсіпорындардың ашылуына сеп болған.

Кәсіпорынның жауапты қызметкері Бегжан Ақкөзов. Оның айтуынша бізге техниканың тілін білетін мамандар керек -ақ. Кейінгі кезде жөргектерге тапсырыс өте көп түсіп жатыр. Еліміздің барлық аймағына таратылады. Шет елге шығару жоспарда бар. Алдағы уақытта тапсырысқа сай ересектерге де арналған жөргек шығаруды қолға алмақ.

 

БАЛ АРАСЫ –ТАБИҒАТТЫҢ СЫЙЫ

Бал- әрі азық, әрі бизнес. Балдың адам өміріне тигізер пайдасы көп. Оның құрамы түрлі өсімдіктерден жиналған дәрумендерге толы. Омарташылық – қыр-сыры көп кәсіп. Бүгінде бал арасымен айналысатын омарташылар саны жылдан жылға артып келеді.

Соның бірі Қарасу ауылының тұрғыны – омарташы Равшан Алиев.

Равшан Алиев 20 жыл бұрын осы кәсіпті қолға алған. Бүгінде өз кәсібіне балалары мен немерелерін баулып жүрген жайы бар. Болашақта шаруасын кеңейтіп мол өнім алмақ ниетте. Равшан Алиевтің айтуынша бал аралар күн суыта бастағанда қыстық ұйқыға кетеді. Бал араларының бал жинау уақыты сәуір айында басталады екен. Себебі сәуір айы нағыз егістіктің егіліп, көгерістің шығатын уақыты. Омарташының ауласында 50-60- қа жуық түрлі түске боялған жәшіктер тұр. «Ол аралардың мекен ететін ұялары, дәл қазір аралар балмен қоректеніп жатыр» деп жауап берді кәсіпкер. Әр жәшіктің ішінде 45 мыңға жуық бал жинайтын ара мен бір аналық ара болады екен. Аралар бал жинау барысында 3 шақырым қашықтыққа дейін ұшып, өсімдіктерді тозаңдандыра алады. Әрбір ара өзі шыққан ұяшығына қайта оралып, бал жинайды. Бір қызығы сыртқа ұшып шыққан аралар өз мекенін адаспай тауып келе алады екен. Егер де бірі адасып көрші жәшікке кіріп кетсе, оны өзге аралар өлтіріп тастайды екен. «Әр ара ары кетсе 10-15 күн ғана өмір сүреді»-дейді кәсіпкер. Равшан атаның айтуынша балға деген сұраныс әсіресе пандемия кезінде артқан көрінеді.

Омарташылар жазға жақын жә-шіктерін арнайы тіркемеге артып, көгерісі мол мекенге аттанады. Сол жерде араларды бостандыққа жібереді. Кейде бауға , кейде тауға көшіп жүретін омарташылардың жұмысы әсте оңай емес. Балды жинау барысында ара шағып алатын жағдайлар көп болады екен. Өзімізде айына, жылына ара шағып алса , шаққан жері қызарып, әлемді басымызға көтеріп бір жылап аламыз ғой. Ал, омарташы Равшан Алиевті бір күнде 40-45 рет шағып алатын кездері көп. Бұл күнде аралардың шаққанын шыбын шаққан құрлы көрмейтін кәсіпкер «Өз кәсібін сүйетін» жан ғана жетістікке қол жеткізеді» дейді.

 

БАЛЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТТЫ

Балық шаруашылығы ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның бай және керемет табиғаты балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде мемлекеттің қолдауымен балық шаруашылығының әлеуеті арта түскен. Үкіметтен балық жемін, дәрі-дәрмектер, балық шаруашылығына қажетті материалдарды алуға және осы бағыттағы шаруашылықты кеңейтуге субсидия бөлініп жатыр.

Сайрам ауданында 134 көлде балық көбейтіліп жатыр. Сондай-ақ, жергілікті маңызды 88 су нысаны балық шаруашылығын жүргізу мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген.

«Көмешбұлақ» кәсіпорны балық ша-руашылығымен айналысуға 17 көлді пайдаланып, заманауи технологияларды қолдану арқылы жылына 500 тонна балықты нарыққа шығарады.

Ауданымызда балық өнәркәсібінің әлеуеті жасанды тоғандарда өте жоғары.

1999 жылы құрылған «Көмешбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті базарларды балықпен қамтып қана қоймай, жылына 2000 тонна балық өнімдерін Әзірбайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай мен Өзбекстанға экспорттайды.

 

Отандық өнімге сұраныс бар

Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар. Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен шетелден әкелінеді. Айта кетейік, облысымыздағы жылу қазандықтарының 60 пайызы Қытайдан, 15 пайызы Ресей, Корея елінен әкелінеді. Әрине өз елімізде өндіргенге не жетсін. Халқымыз үшін аса қажет осындай ерекше өндіріс орындарының бірін Сайрам ауданының кәсіпкері қолға алып отыр.

Ақсукент елді мекенінде «Арт сапа құрылыс» ЖШС

қуаттылығы 100000 шаршы метр жете-

тін жылу қазан-дықтарын шығарады. Серіктестіктің отандық өнімдердің өрісін кеңейтуге қосар үлесі бар. Сырттан тасымалдаушы көрсеткішін өзгертуге ниетте. Кәсіпорын бастапқы кезде металл өнімдерін өндірумен айналысқан. 2008 жылдан бастап жылу қазандықтарын шығара бастады. Технологиясы немістердікі. Германиядан білікті мамандар шақырылып, заманауи үлгідегі құрылыстар іске қосылды. Мекеме директоры Нұрлан Нұрышевтың айтуынша, бастапқы кезде қаражат жағынан қиыншылықтар болған. Маман тапшылығы болғандықтан қызметкерлерді оқытқан. Қа-зандық газ, дизель, көмірмен жұмыс жасайды. Жылыту қазандықтары тек жылуды ғана емес, жылы су, буды да береді. Бу қазандықтарына мұнай өндіруші компаниялар қызығушылық танытып отыр.Әлі алда жұмыстар көп, дизаин бойынша жұмыс істеу керек. 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бір ерекшелігі, жылу қазандықтары он қабаттық үйге арналған болса, келер жылы он қабаттық үйдің жанына ғимарат соғылса, жылу қазандықтарында қоса беруге болады.

Кәсіпорын жылына мың қазандық шығаруға қауқарлы. Қазан жылу құбыр-ларының 400-ден астам түрі шығарылады. Өндіріс орында модульдік қазандықтар қолға алынды. Оны шағын аудандарға қоюға ыңғайлы. Оның ерекшелігі ауданын үлкейтіп кішірейтуге болады. Әрі жылжымалы, толықтай автоматтандырылған, қашықтан басқару мүмкіндігі бар. 2 жылға сертификат беріледі.

Өндіріс орнына Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетуде. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы зерттеу тобын құрып, скрининг жүргізген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алу жолдары түсіндірілді, толықтай несие алу мүмкіндігі бар екені анықталды. Скринингтің мақсаты – кәсіпорын қандай жағдайда тұр, не қажет, қандай маман қажет, қаржы қажет пе, инфрақұрылым жағдайы қандай екенін білу.

 

 

ЕГІСТІКТЕ ӨНІМ МОЛ

Қарабұлақ ауылдық округінен жеке кәсіпкер Икрамжон Абдиганиев үйіргелік жерде мал бордақылаумен айналысып, кәсібін дөңгелетуде. Бүгінде 80 мүйізді ірі қара мал бағып, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ет өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларына сатылымға жөнелтілуде.

***

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасына сәйкес 2022 жылы ауданымызға 300 гектар жерге өнім егу тапсырмасы берілген. Аудан аумағында орналасқан бір алқаптан 2 рет өнім алумен айналысатын 203 агроқұрылым 1-ші өнім үшін 306 гектар жерге дақыл егіп, одан 6650 тонна өнім алынды. Бірінші өнімнен босаған жерлерге 2-ші өнім алу үшін қазір егіс жұмыстары жүргізілді. Соның бір мысалы, Көлкент ауылдық округінде орналасқан «Ёшлик» шаруа қо-жалығының басшысы Каримжан Рустемов 5 гектар жерге 1-ші өнім үшін биылғы жылғы ақпан айының соңында картоп егіп, 145 тонна өнім алды. 2-ші өнімге қияр мен қырыққабат еккен. Қиярдан мол өнім алынып, қырыққабатты қазан айының соңында жинап алу жоспарланып отыр.

***

Биылғы жыл-дың 7 айында 7,6 гектар жылыжай іске қосылып барлығы 60 гектарды құрады. Оның ішінде Қарасу ауылдық округінде ЖК «Валиев.С» (басшысы Селим Валиев) 0,5 гектар жылыжайда қаңтарда қияр егіп, 40 тонна өнім жинады. Қызанақтан мол өнім алынды.

 

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

 

Жеке кәсіпкердің есебінен жобаны іске асыру үшін 500 млн. теңге жұмсалған. Ағымдағы жылы Түрік елінен 150 млн. теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алынды.

Кәсіпорынның иелігіндегі жер көлемі 6 гектарды құрайды.

Мұнда тауарлы бетон, бетон өнімдері өндіріледі. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 текше метр бетон, 20 мың дана шлакоблок, 1500 дана жиектас, 500 ш.м. жолаяқ плитка өнімдерін шығарады.

Республика аумағында жоғары сапалы, беріктілігі мықты құйматастарды шығаратын кәсіпорын еліміздің ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингі – «BI GROUP» ірі құрылыс ұйымы. Ол «Bazis-А» және өзге де бірнеше компаниялармен келісімшартпен жұмыс жүргізеді. Келісімшарт жасайтын құрылыс компаниялары 80 млн. теңгеден бастап, 1 млрд. теңгеге дейін тапсырыс береді.

Кәсіпорын 85 азаматты жұмыспен қамтыған. Жұмысшыларды 3 мезгіл тамақтандыру мәселесі де қаралған.

Жүк тасығыш, араластырғыш және басқа да техникалары жеткілікті. Кәсіпорын инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған,облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар кезінде, ауданда жыл сайын өтетін қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады, олар 5 млн. теңгеге дейін демеушілік көмегін көрсетіп келеді.

 

 

ӨРІСІН ТАПҚАН «FELMAN COFFEE»

«Талаптыға нұр жауар» – деген дана халқы-мыз. Ақыл мен ғылымды да, іскерлік пен табыста жастардан шығатынын біліп айтса керек. Бүгін ел сенімін артқан сол жастар қай саланың болмасын басында көрініп, іскерлік бағытта ілгері басып келеді. Осы ауданымыздың өзінде талантты жастар баршылық. Әртүрлі салада сауаттылық танытып, іскерлік қабілеттілігін шыңдап өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Аудан экономикасына өзіндік үлес қосып жүрген жастар да аз емес, солардың бірі – жас кәсіпкер Бақытжан Жұманазаров.

Аталған орталық – ақсукенттіктердің жиі бас қосатын орны. Мұнда бір шыныаяқ кофе ішуді отбасылық дәстүрге айналдырғандар да бар.

Бақытжан Жұманазаров 1998 жылы дүниеге келген. Ақсукент аулының тұрғыны. Мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп интернатын тәмамдаған соң, кәсіпкерлікпен айналыса бастаған екен.

– Алғашқы кәсібім машина алып сату болған. Одан соң қызығушылықпен «Felman Coffee» орталығын аштым. Бүгінде 2 орталық жұмыс істеп тұр. Кәсіпті бас-тау кезінде қиындықтар көп болды. Орынды жалға алу, құжаттар жағынан. Алайда, қиындық бір-тіндеп шешіліп келеді.

Кофе орталығында Бақыт-жанның көмекшілері жұмыс істейді. Кофе дайындайтын машиналар тұтынушылар келмес бұрын тазаланып, қайнатуға дайындалады. Кофе дәндері ірі немесе ұсақ болмауы үшін аппаратты барристер (кофе дайындаушылар) алдын ала жөндеп қояды. Сусын тұтынушыға жеткенше көптеген қолдан өтеді. Шындығында кофе дайындайтын баристер сиқыршы сияқты әсер қалдырады. Аз-кем уақыттан соң, ғажап сусын дайын болады.

– Талабың мен қалауың болса бәрі қолдан келеді. Кофе ішу мәдениеті бізге енді ғана келіп жатыр. Бірақ мен батыл іске кірістім. Түріне ғана емес, сапасы мен дәміне мән бердім. Тіпті орталықтың ішкі-сыртқы дизайны мен логотипін ерекше безендірдім. Өйткені бұл тұтынушылардың назарын аударуға таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ қызметкерлерімнен жауап-

кершілік пен ісіне мұқият болуды талап етемін. Тазалық, адалдық, әділдік сынды қасиеттерді жоғары бағалаймын. Келген тұ-тынушыға жылы қабақ танытып, ілтипатпен шығарып салуды да басты назарда ұстаймын. Жастық жігерімді, күш-қайратымды ауданның дамуына жұмсағым келеді. Менің ойымша, кез келген кәсіпті дөңгелетіп алып кетуге болады. Сондықтан өнім сапасын жоғары, ал бағасын арзан ұсынған дұрыс, – дейді жас кәсіпкер.

Сөз соңында бұдан да үлкен жоспарлар бар екенін және қолдау тауып жатса аудан тұрғындары бас қосатын үлкен кофе орталығын ашуға ниетті екенін жеткізді.

 

ЖАС КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

Әлеуметтік желіде ақсукенттік 19 жастағы өнертапқыш Мұхамеджан Кеңесбектің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап протез жасап шығарып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев Мұхамеджан-ның үйіне арнайы барып, жас кәсіпкердің протез

жасау жұмысымен танысты. Жас өнертапқыш протездің ересектерге және балаларға арналған түрлерін жасап шығаруда. Протездер шетелдікіне қарағанда арзан және көпфункционалды. Жаңа технологияларды жетік меңгерген Мұхамеджанның бастамасын көпшілік қолдап жатыр.

Протездер сенсорлық, телефон құрылғысы және ЭМГ арқылы, яғни бұлшықет арқылы жұмыс істейді. Қолға киетін протездермен 10 келіге дейін жүкті көтеруге болады.

Шымкент аграрлық колледжінде инженер мамандығы бойынша білім алған Мұхамеджан Кеңесбектің осындай жасанды қол жасау идеясы шетелдік басылымдарды оқу кезінде туған.

Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев Мұхамеджанға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын қарастыру назарға алынатынын атап айтты.

Осыған орай жас кәсіпкер (ЖК «Кеңесбек») Мұхамеджан Кеңесбек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына шақыртылды.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға болады.

Палатаның кеңесші-менеджері Қайрат Асылболатов М.Кеңесбекке Ұлттық жоба аясында облыс деңгейінде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік грант алу және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы қайтарымсыз мемле-кеттік грант алу бойынша кеңес берді. Жас кәсіпкерге протез жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар алу мақсатында бизнес-жоспар дайындауға онлайн өтінім жолданды.

 

Аты алма өсірумен мәшһүр болған жас

 

Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округінде аты алма өсірумен мәшһүр болған жас та болса тәжірибелі бағбан тұрады. Ол 2003 жылдан бері осы кәсіпке ден қойған. Қазір Икрамжан Розақұловтың бауында алманың «Голден Делишес», «Старкримсон», «Мелба», «Бес жұлдыз» деп аталатын сұрыптары өсірілуде.

 

– Мектепте биология пәнін сүйіп оқыдым. Дегенмен, мені бағбаншылық кәсіпке өзімнің әкем мен қайын атам баулыды. Алғашқыда 70 сотық жеріме Өзбекстаннан 700 түп алма көшетін әкеп отырғыздым. 2005 жылы баудың көлемін 2,5 гектарға жеткіздім. Сол кезде қайын атам мені Самарқандағы ауыл шаруашылығы институтына апарып, оқу орны ұжымы еккен өнімдерді көрсетті. Ол жерден бірнеше көшетін ала келдім, – дейді бағбан.

Бізді бағбанның алма бауындағы бір түпте алманың бес бірдей сұрпы өсіп тұрғаны ерекше таңқалдырды. Оның бірі жаздық, екіншісі күздік, үшіншісі қыстық алма екен. Қазір сол бес түрлі алманың күздік, яғни ең кеш пісетін сорты ғана қалыпты. Икрамжан Розақұловтың айтуынша, бір түпке тіпті алманың 10 түрлі сортын пайуандауға болады. Тек мұндай әдісті тамыз бен қыркүйек айларында жасау керек. Ол үшін алдымен жемістің бұтағын кесіп алып, қаламша жасады. Сөйтіп, оны алма бұтағының қабығы аршылған жеріне ауа өтпейтіндей етіп мықтап бекітіп, сыртынан орайды.

– Мемлекет тарапынан қолдау болса, шабдалы өсірер едім. Ресейде шабдалы өсірудің қыр-сырын жетік білетін бағбандар бар. Солардан дәріс алып, тәжірибе жинаймын. Бүгінде шабдалыны экспорттаудан Испания мемлекеті алдына жан салмай келеді. Одан кейінгі орында – Қытай. Өзбекстанның өзі бұл өнімді өндіруден бесінші орында тұр. Ал, Қазақстанда шабдалының көнеден келе жатқан екі-үш түрі өсіріледі. Оның бізге таңсық сорттары өте көп. Соларды өсіріп, саудаға шығаруды армандаймын, — дейді Икрамжан Розақұлов.

Диқан биыл жаздың ыстық болуына байланысты алмалардың мерзімінен ерте піскенін айтады. Жалпы Қарабұлақта бағбаншылықпен айналысатындар жетерлік. Мұнда аумағы 35-40 гектарды құрайтын алма бауы бар. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бұл жеміс беретіні ғана. Әлі жеміс бермеген, көшеттерін жаңадан отырғызған алма баулары бұдан да көп.

Биыл ауданда 30 мың тоннаға жуық алма жиналады деп жоспарлануда.

 

Сайрамдық жеке кәсіпкер

 

Сайрамдық жеке кәсіпкер Селимхан Валиевтің жылыжай шаруашылығымен айналысқанына көп бола қойған жоқ. Десек те, диқанның егіннің жайын бір кісідей білетіні бізді таң қалдырды. Ол өткен жылы 5 гектар жерді сатып алып, соның 60 соттығын жылыжайға арнаған екен. Қазір мұнда «Бір жерден бір жылда 2-3 өнім алу» жобасы бойынша екінші өнім алынуда. Толығырақ айта кетсек, шаруа алғашқы өнімге қияр еккен екен. Одан 40 тонна өнім алыпты. Бұйыртса, қызанақтан 60-70 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

 

– Бұл жер негізінен мемлекеттен 49 жылға жалға алынған. Мен сол жалға алған адамнан сатып алғаныма ек жылға таяп келеді. Алғашқы жылды жылыжайдың құрылысын жүргізіп, жерді өндеуге арнадық. Биылдан бастап егін егіп жатырмыз. Әзірге нәтижесі жаман емес. Бірінші өнімді толық жинап алдық. Енді екінші өнімге кірісудеміз, – дейді диқан.

Диқан жылыжайдан бөлек, егістік алқапқа да түрлі көкөністер еккен. Онда қияр енді жиналуда. Егістік алқапты аралап көрмек едік, араларында қаулап өсіп тұрған жүгерінің сабағынан жүре алмадық. Жүгерінің биылғы шілдедегі ыстықты өзіне жақсы қабылдағаны бірден байқалды. Сабақтары тым ұзарып кетіпті. Селим Валиевтен мұны не себепті жүгері отырғызғанын сұрадық.

– Қызанақ пен қиярдың ыстыққа төзімді немесе керісінше аптап ыстыққа шыдамайтын түрлері болады. Соған қарай оларды саралай отырып ерте көктемде және жазда егеміз. Дегенмен, көкөністердің барлығы шілденің шіліңгір ыстығында күнге күйіп кетуі мүмкін. Сол себепті жүгеріні күн сәулесін ұстап, қиярға көлеңке түсіріп тұру үшін ектік. Әрі біз одан өнім аламыз, — дейді жеке кәсіпкер.

Науқан уақытында жылыжайда 30 адамға дейін еңбек етіпті. Қазір соның 10-15-і күнара келеді. Ал, 9 адам мұнда тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлық жалақылары – 150 мың теңге. Селим Валиев оларды үйінен алып кетіп, кешкісін жұмыстан соң апарып тастайтын арнайы көліктің қарастырылғанын айтады. Жұмысшылар түскі тамақпен де қамтылған.

– Жылыжайда тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Бізде бұл жүйе толық автоматтандырылған. Жылыжай жанынан қора салмақпыз. Онда 60 сиыр ұстап, сүтін зауыттарға өткіземіз. Осылайша, біз ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесімізді қосуды мақсат етіп отырмыз, –дейді диқан.

Селим Валиев 17 жыл Нұр-Сұлтан қаласында жаттықтырушы болып жұмыс істеген екен. Оңтүстікке келгеніне 6 жыл болыпты. Алғашқы жылы егістікті Төлеби ауданындағы жеріне еккен. Бұл өңір тауға жақын болғандықтан, көкөністер мерзімінен кешеуілдеп пісіпті. Оның үстіне, оларды қалаға әкеліп өткізу де оңайға соқпаған сияқты. Сондықтан ол Сайрам ауданынан жер алуды ұйғарған. Әрі мұнда көкөністерді жүк көліктеріне тиеп, өзге өңірлерге алып кететіндер көп.

Шаруа алдағы уақытта жылыжай көлемін 2 гектарға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл кезде 25-30 адамға тұрақты жұмыс береді. Жалпы, ауданда биылғы алты айда ауыл шаруашылығы саласында 46,7 млрд. теңгенің өнімі жиналды. Оның ішінде, егін шаруашылығында 7,7  млрд.теңгенің, мал шаруашылығында 39 млрд.теңгенің өнімі алынды. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында өңірде аумағы 7,035 гектарды құрайтын жылыжай іске қосылып, аудандағы жалпы жылыжай көлемі 60 гектарға ұлғайды.

 

Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылында өсімдік майын өндіретін жаңа цех ашылды. Агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобаларды қолдау одан әрі жалғасын табатынын айтты.

 

Жеке кәсіпкер Мирполат Урумбеков ашқан цехта табиғи, таза өнімдерден мақта және мақсары майлары өндіріліп жатыр. Тазартылған және иіссіздендірілген өсімдік майлары 4,5 және 5 литрлік көлемдегі пластикалық ыдыстарға құйылып шығарылуда. Өндірілген өнімдер облыстың, Шымкент қаласының және Сайрам ауданының сауда орындарына жіберілмек.

Аталған цех қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Өсімдік майын дайындауға және сапасын тексеруге арнайы зертхана бөлмесі жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер осы жобаға 37 млн. теңге жұмсаған.

Кәсіпкер күніне 35 тонна ұн өнімін шығаратын диірменді де іске қосты. Жобаның құны – 370 млн. теңге. Қазіргі таңда диірмен облыс және аудан аумақтарына «Жібек жолы» сауда маркасымен 50 және 25 келі болатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын сатылымға шығаруда.

Кәсіпорын шикізатты жергілікті дәнді-дақылдар және мақсары егетін шаруа қожалықтарынан сатып алып отырады. Бидай және ұн-май өнімдерін сақтайтын арнайы қоймалар да қарастырылған. Жергілікті 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Цех пен диірменнің ауыл шаруашылығы мақсаттағы техникасы және тауар тасуға арналған жүк көлігі де бар.

 

Өсімдік майын өндіретін жаңа цех

 

Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылында өсімдік майын өндіретін цех бар. Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобаларды қолдау одан әрі жалғасын тауып келеді.

 

Жеке кәсіпкер Мирполат Урумбеков ашқан цехта табиғи, таза өнімдерден мақта және мақсары майлары өндіріліп жатыр. Тазартылған және иіссіздендірілген өсімдік майлары 4,5 және 5 литрлік көлемдегі пластикалық ыдыстарға құйылып шығарылуда. Өндірілген өнімдер облыстың, Шымкент қаласының және Сайрам ауданының сауда орындарына жіберілмек.

Аталған цех қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Өсімдік майын дайындауға және сапасын тексеруге арнайы зертхана бөлмесі жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер осы жобаға 37 млн. теңге жұмсаған.

Кәсіпкер күніне 35 тонна ұн өнімін шығаратын диірменді де іске қосты. Жобаның құны – 370 млн. теңге. Қазіргі таңда диірмен облыс және аудан аумақтарына «Жібек жолы» сауда маркасымен 50 және 25 келі болатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын сатылымға шығаруда.

Кәсіпорын шикізатты жергілікті дәнді-дақылдар және мақсары егетін шаруа қожалықтарынан сатып алып отырады. Бидай және ұн-май өнімдерін сақтайтын арнайы қоймалар да қарастырылған. Жергілікті 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Цех пен диірменнің ауыл шаруашылығы мақсаттағы техникасы және тауар тасуға арналған жүк көлігі де бар.

 

БЮДЖЕТ

Жыл басында аудан бюджетінің кірістері 36,0 млрд.теңгеге, оның ішінде өзіндік кірісіміз 4,2 млрд.теңге көлемінде бекітілсе,                      яғни, 10 айда өзіндік кіріс көлемі 596,2 млн.теңгеге ұлғайған. Өз кезегінде, аудан бюджетінің 10 айлық кірістер жоспары 102,1%-ға орындалды.

2022 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстары                                36,4 млрд.теңге болса, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге – 23,5 млрд.теңге (аудан бюджетінің 65,3%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына – 5,6 млрд.теңге (аудан бюджетінің 15,4%), әлеуметтік салаға – 4,8 млрд.теңге (аудан бюджетінің 13,2%) бағытталған.

 

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Соңғы 3 жылда ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 16,5 млрд.теңге қаржы тартылған.

Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында биылғы  жылы аудандық бюджеттен Қожақорған және Нұржанқорған  ауылдарын ауыз сумен қамту желілерінің құрылысына ЖСҚ дайындауға 8,0 млн.теңге бөлінген. Қарабұлақ ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтуға ЖСҚ дайындауға 15,6 млн теңге  бөлініп, жоба әзірленуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 110,6  млн.теңгеге Көлкент ауыл округіне қарасты Ақсуабад ауылында 32 га жерге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазан айында пайдалануға берілді, нәтижесінде 300 тұрғын ауыз сумен қамтылды.

Табиғи газбен 42 елді мекеннің 31-і қамтылған, қамту көрсеткіші 73,8%-ға жеткен. 2022  жылға 6 елді мекенді (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент) газбен қамтамасыз етуге Ұлттық қордан 1,4 млрд.теңге қаралды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, 2025 жылға дейін аудан халқын газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарда.

Сонымен қатар, биылғы жылы инженерлік-коммуникация желілер құрылысына (ауыз су,газ, жол,электр желісі) 7 нысанға барлығы                    848,4 млн.теңге қаралды (Ұлттық қор-82,0 млн.теңге, РБ- 418,5 млн.теңге, АБ- 348,0 млн.теңге), оның 3 нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 82,0 млн.теңгеге Қасымбек датқа ауылындағы «Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңа құрылыс көшелеріне КТП орнату мен электр желілерінің құрылысы аяқталды.

 

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Аудан көлеміндегі 1298,1 шақырым автокөлік жолдардың 59,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

2022 жылға аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 367,8 млн.теңге (ОБ – 221,2 млн.теңге, АБ – 146,6 млн.теңге) қаралған.  ҚР Ұлттық қорынан  аудандық маңызы бар 7 көшені күрделі жөндеуге 2,2 млрд.теңге бөлінді. Орташа жөндеу жұмыстарына 13 көшеге 222,1 млн.теңге қаралды.

Қазіргі таңда 12 ішкі көше орташа жөндеуден өткізілді,                                    аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтуде.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 61,6%-ға жетеді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Атап айтқанда:

  1. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру;
  2. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру;
  3. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту;
  4. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру;
  5. «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есеп шотына аудару. Аталған өзгерістер жүйелі түрде іске асырылып, әлеуметтік ахуалдың дұрысталуына оң серпін бермек.

Жыл басынан аз қамтамасыз етілген 3235 отбасына 843,2 млн.теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 185,9 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық  жобасын іске асыру жоспарына» биыл 1,8 млрд теңге қаралса, 10 айда бағдарламаға 9486 адам қатысты. Оның ішінде 276 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 876 адам жастар практикасына, 1759 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі  388 азамат жұмыспен қамтылды, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 274,4 млн.теңге мемлекеттік грант берілді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында                                  77 отбасына 49,8 млн.теңгеден астам демеушілер тарапынан және материалдық көмек көрсетілсе, 4 отбасына тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 1419 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар 122,0%-ға орындалды.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрап, былтырға қарағанда төмендеген.

 

БІЛІМ БЕРУ

Білім саласында да ауданда жақсы жаңалықтар көп. Биылғы жылы жалпы құны 2,3 млрд. теңге құрайтын 2 мектептің құрылысы жүргізілуде  (Айнабұлақ атындағы жаңа 600 орындық ЖОМ, №62 Анартаев атындағы ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы). 2022 жылға 335,2 млн.теңге бөлінді, нысандар өтпелі.

Бұдан бөлек, жалпы инвесторлар есебінен 17 жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, жаңа оқу жылында 12 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда:

– Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылында кәсіпкер С.Сағындықовтың қаражаты есебінен 300 орындық “Бақдәулет бастауыш мектебі”;

– Манкент ауылдық округінде Н.Сулаймановтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі әрқайсысы 1200 орындық «Әл-Фараби», «Ә.Навои», «А.Қарабаев», «Арофат ана», «Д.Қонаев»,  «Ю.Гагарин»  атындағы мектептер;

– Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Ф.Рыскуловтың қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 419 орындық «Ухуд» жалпы орта мектебі; жеке кәсіпкер М.Ахмедовтің қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 225 орындық «Мейірбұлақ» бастауыш мектебі;

– Қарамұрт ауылында жеке кәсіпкер Ш.Шарафутдиновтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 280 орындық «Нұрлы-жол» бастауыш мектебі;

– Ақсу ауылында жеке кәсіпкер Г.Тулепбергенованың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 110 орындық «Aqsu Education» бастауыш мектебі;

– Қарасу ауылында жеке кәсіпкер Г.Алматовтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 150 орындық «Smart Kids» бастауыш мектебі іске қосылды.

 

МӘДЕНИЕТ  ЖӘНЕ СПОРТ

Ауданда мәдениет, тілдер мен ономастика саласын дамыту бағытында 236 іс-шара өткізілді. Ірі  кітап көрмелері жасалып, виртуалды бейнешолу түсіріліп, фейсбук әлеуметтік желісіне шығарылуда.

Спорт саласында 145 (134 – аудандық, 8 – облыстық, 3 – республикалық)  іс- шара өткізіліп, оған 10511 адам қатысты. Қорытындысы бойынша аудан спортшылары 8 алтын, 11 күміс және 16 қола медальдарға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында спортты насихаттау мақсатында ауданнан шыққан спорт тарландарымен                                кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне пайдалану үшін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл:

– 100,0 млн.теңгеге Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы басталды;

– 200,0 млн.теңгеге Қарасу ауылындағы спорт кешені ғимаратының құрылысы басталады, мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде.

 

ІШКІ САЯСАТ

Бүгінде ауданда  ішкі саяси жағдай тұрақты. Өздеріңізге белгілі, белсенді түрде жұмыс істеп тұрған «Парасат» пікір талас клубының тәжірибесі облысқа таратылды. Қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Биыл клуб мүшелері 3 рет бас қосты.

Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары жалғасын табуда. Яғни, алдағы уақытта да жұмысымызға оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекет басшысы халық пен билік арасын жақындата түсу керектігі туралы тапсырмасына сәйкес, үш ай сайын халықпен кездесу өткізіп,ауылдарды аралып, шаруалардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігіне қарай шешілуде.

Сонымен қатар, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, ауданға қатысты тиісті ақпараттар күнделікті жариялануда. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграмм ботт», «WhatsApp» желілері арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Өз тарапымнан «TURKISTAN» телеарнасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша тікелей эфирде кеңінен сұқбат берілсе,  республика, облыс және ауданға белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ауданның тарихы, руханият пен мәдениетті көтеру, жастар тәрбиесі жайында кездесулер ұйымдастырылды.

Leave a reply