«AMANAT» : «Ата Заң — Азат елдің, Ар – намысы»
Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі
«MIRAS» кеңесінің отырысы өтті. Конституция күніне орайластырылған жиын, «Ата Заң — Азат елдің, Ар – намысы» деген тақырыппен ұйымдастырылды.
Кеңес отырысын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі «MIRAS» кеңесінің төрағасы Жантөреева Қалыйма ашып, жүргізді.
Бүгінгі кеңес отырысы Еліміздің айтулы мерекесі Конституция күніне орай арнайы ұйымдастырылып отыр.
«Аманат» партиясы Ел Президентінің қоғамдық тірегі ретінде осы бастаманы қолдап, республика, облыс, аудан, қала көлемінде арнайы штабтар құрды. Біздің облыста партия филиалдары жанынан облыстық, аудандық, қалалық деңгейде 475 адамды біріктірген, 18 штаб құрылды. Олар 110 мыңға жуық сайлаушыны қамтитын, 1500-ге жуық кездесу өткізді. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, Республика көлемінде сайлауға қатысушылар санынан біздің облыс бірінші орынға шықты. Ал республика көлемінде сайлаушылардың 68,5 пайызы қатысып, Жаңа редакциядағы Конституцияны қолдап, сайлауға қатысқан сайлаушылардың 77,2 пайызы дауыс берді.
Нәтижесінде Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізілді. 20-дан астам заң қабылданды,-деді Қ.Жантөреқызы.
Басқосуға, Түркістан облыстық Әділет департаментінің басшысы М.Б.Тұрғараев, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директоры – бас редакторы А.Б.Балажан, «Түркістан балалар мен жасөспірімдер орталығының» директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Б.А.Шойбеков және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, журналист, сазгер Б.К.Сердәлі, Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры А.А.Құдайбергенова мен кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мереке қарсаңында өткізілген кеңес отырысында қатысушылар 30-тамыз Конституция күнімен құттықтап, айтулы күннің тарихын шолып өтті.
Жиын соңында бірқатар кеңес мүшелеріне партияның алғыс хаты табысталды
Жиын соңында «MIRAS» кеңесінде айтылған ұсыныс, тілектер кеңес отырысының хаттамасына енгізілді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі