COVID-19: Шымкентте мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеуде

0
107

Шымкентте өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 37 жағдай (24-і симптоммен, 13-і симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 40 адам емделіп шықты.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 503 науқас ем қабылдап жатыр, оның 306-сы инфекциялық стационарда емін жалғастыруда.

Ал бір тәулік ішінде қалада 7 100 адам вакцина алды.
(I компонент-3999, II компонент-3101). Егу науқаны басталғалы барлығы 221 201 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 125 316 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен, індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

Leave a reply