«Jas Otan» өкілдері қала тазалығына үлес қосты

0
129

«30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қала тазалығын сақтауға арналған «Таза қала!» сенбілік акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қала мен ауласын таза ұстауға шақыру.

«Jas Otan» жастары Абай ауданында орналасқан демалыс саябақтарында дәстүрлі түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, жаңадан отырғызылған шыршаларға су құйып шықты.

Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Аталмыш акция күзге дейін жалғасатын болады.

Жалпы, қалада жалпы аумағы екі жүз қырық төрт гектарды құрайтын тоғыз саябақ пен отыз жеті гектарлық отыз тоғыз гүлзар мен аллея бар. Қалада шамамен қырық гектар жерге «Шымсити» саябағын, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.

Айта кетейік, бүгінде қалада алты миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекітілді. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егілмек. Ол жұмыстар биыл күзде басталады. Осылайша қаладағы ағаш қоры екі есеге артады.

Leave a reply