«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҮШ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫН ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

0
160

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасынарттыру – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялартобының қайырымдылық қызметінің басымбағыттарының бірі. Қор барлық санаттағы балалармен жасөспірімдердің білім алуына қолайлыжағдай жасап, білім беру жобаларына ерекше назараударады. 2022 жылы білім беру саласында жалпысомасы 1,35 млрд теңгеге 9 жоба іске асырылғанеді.

Солардың бірі – «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қоры «ЭКО Атамекен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Түркістаноблысының Созақ ауданындағы үш ауыл мектебініңғимаратына жайлы дәретханалар орнатып берді. Бұрын далада орналасқан ашық-шашықәжетханаларға баратын оқушылар қазір жылы, ыңғайлы орындарда беті-қолдарын жуып, өздерінретке келтіре алады.

Жартытөбе ауылдық округінің Жартытөбе, Аққолтық және Бабат ауылдарының оқушыларыосы уақытқа дейін жылдың кез келген уақытындакөше дәретханасын пайдалануға мәжбүр болды.Бұл жағдай балалар үшін қыстың күндеріқолайсыздық тудыратын. Өйткені күн салқындадалаға шығу оқушылардың, мұғалімдердіңденсаулығына, олардың психологиялық жағдайымен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Осылайшақоғамда үлкен әлеуметтік проблема туғызды.

Осы мәселені шешу мақсатында – «Samruk-Kazyna Trust» қорының Қамқоршылық кеңесі«ЭКО Атамекен» қайырымдылық қорыныңөтінімін мақұлдап 36,8 миллион теңге қаржы бөлді.Ал 2022 жылдың қыркүйегінде құрылысжұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы жалпыбілім беретін үш ауылдық мектептің оқушыларынажайлы тұрмыстық жағдай жасалды. Мектептегідәретхана бөлмелері сумен жабдықтау, кәрізжүйесімен, жеке дәретхана кабиналарымен жәнеқолжуғыштармен жабдықталған. Барлығы 1 345 адам қажетті нормаларға сәйкес санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Жоба жергілікті ҮЕҰ бастамасы мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамытуҚорының қолдауының арқасында мүмкін болды.

Leave a reply