«SAURAN PLAST» ӨНДІРІС ОРНЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

0
103
Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақтау мақсатында аудан әкімінің міндеті уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшыларымен бірге Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Sauran Plast» өндіріс орнына арнайы барды.
 Аталмыш өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығарады. Өндіріс орнының басшысы Қанат Кушербаевтың айтуынша еліміздің 4-5 облыс, қалаларынан тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Зауытта бүгінгі таңда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
 Жиын барысында Ербол Жанғазиев барлық ауылдық округ әкімдеріне уақытпен санаспай санитарлық тазалық жұмыстарын қолға алуды және ауылдарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды осында өткізу қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Leave a reply