«Shymqala» этноауылында балалар ұлттық ойындарымызды ұлықтады

0
97

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қала күні мерекесіне орай «Shymqala» этноауылында «Жеті қазына» атты балаларға арналған ұлттық ойындар сайысы өтті.

Балалар төрт топқа бөлініп, Тәуелсіздік саябағындағы көмбеге жасырылған жеті қазынаны іздеп тапты. Ал, этноауылда балалар «асық», «теппе», «асау мәстек» ұлттық ойындарын ойнаса, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарыс ұйымдастырды. Тоғызқұмалақтан есеп айырысып, қыздарымыз көрпе құраудан сайысқа түсті.

Мерекелік кеш соңында балаларға сыйлық үлестірілді. Бұл күн балаларға үлкен қуаныш сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметі артып, салт-дәстүрге деген таным көкжиегін кеңейткен сәтке толы болды.

Сондай-ақ аталған этноауылда көптен күткен, қазақы салт-дәстүрге негізделген алғашқы қыз ұзату тойы өтті. Бүгінде мазмұнынан айрылып, мағынасынан ажырап бара жатқан той – халықтың қазынасы енді Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жаңаша бағыт, ұлттық ұстаныммен қайта жаңғырмақ.

Leave a reply