Атбасар қаласындағы түрмеде түсірілген азаптау видеосына қатысты Қылмыстық атқару жүйесі жауап берді

0
64

Журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Сотталушылардың бірінің бейджінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.

«Бұл жігіт оңай құтылды. Дәл осы Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде карантин бөлмесінде мені 10 күн бойы адамның миына кіріп шықпайтын деңгейде азаптады. Колония ішінде ұрып-соғып, кейін күрделі түрде азаптау үшін қайтадан карантинге жауып тастады.

Газетте шындыққа негізделген мақала жариялағаным үшін 3 жыл 10 айға осы тозақ колонияға жіберілдім», – деп жазды журналист.

Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұрауда. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берді. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұра бастайды.

Ал оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жауап берді.

«Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалар бойынша Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарға бағынбау фактілерінің жолын арнайы құралдарды қолдана отырып кесуі кезінде қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану белгілері байқалатынын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады» — делінген хабарламада.

Leave a reply